Роботқа арналған дыбыс

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Роботқа арналған дыбыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Роботқа арналған дыбыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі

V бөлім. Роботтехника: датчиктер (ортақ тақырып: «Дəстүр жəне фольклор»)

Педагогтің аты-жөні

Ибрагимова

Күні


Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Роботқа арналған дыбыс

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.5.1.2 роботқа арналған программаны əзірлеу кезінде дыбысты пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Робот программасын əзірлеу кезінде жанасу датчигі мен дыбысты қолданады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс- əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу. І. Қызығушылықты ояту

«Алма, шие, өрік, банан» ойыны

Оқушылар орындықтарды шеңбер түрінде орналастырып, жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен «алма, шие, өрік, банан» деп санап шығады. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі

аталған оқушылар орындарын алмастыруы қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.

Топтастыру

Оқушылар сабақтың бастапқы кезінде мұғалімнің «Алма, шие, өрік, банан» ойынына арнап жеміс-жидектер атауын бөліп бергені бойынша төрт топқа бірігеді.

1-топ: Алма 2-топ: Шие 3-топ: Өрік 4-топ: Банан

(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс берілмесе, мұғалім дұрыс жауапқа қарай бағыттап, дұрыс жауапты табуға көмектеседі.

Дайындайтын робот жобасының алгоритмін ауызша сипаттаудың маңыздылығы қандай?

Жанасу датчигін қолдану робот қозғалысына қалай əсер етеді?

Роботтың дыбыс блогын пайдаланып, қандай жобалар жасаған болар

едің?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Күлегештер» əдісі бойынша бағалайды.


Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырмауы керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін

мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).

(Ж) Практикалық тапсырмалар Роботқа арналған

жобалық тапсырмалар

  1. 3-суреттегі робот программасының блок- схемасын құрастыр.

  2. 3-суреттегі программада робот кедергімен жанасқанда бұрылмай артқа қайтады. Робот бұрылып алға қарай қайту үшін, осы программаға өзгеріс жаса.

  3. «Халық ауыз əдебиетін насихаттаушы робот» жобасын ұсыныңдар. Жобаның сөзбен сипатталған алгоритмі:

    1. Робот 10 сек қозғалады. Қозғалыс кезінде бір мақал айтады. Тоқтайды.

    2. Тағы 10 сек қозғалып, 2-ші

мақалын айтады. Тоқтайды.

  • 3-суреттегі робот программасының блок-схемасын құрастырады.

  • 3-суреттегі программаға өзгеріс жасайды.

  • «Халық ауыз əдебиетін насихаттаушы робот» жобасын ұсынады.

Оқушылар бірін-бірі

«Күлегештер» əдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы

(7 мин.)


Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

(Ж) «Ара ұясы» техникасы

Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды жəне екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін əрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің көмегімен берілген мəліметтер қорытындыланады, өңделеді.


Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Күлегештер» əдісі арқылы бағалайды.


Саралау. Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап

отырсыз?

Денсаулықты жəне қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Диалог жəне қолдау көрсету», «Тапсырма»,

«Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен

«Күлегештер» əдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын


ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін

ескере отырып əзірлеуді қамтиды.


қауіпсіздік ережелерінің

тармақтары орындалады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2023
2454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі