Материалдар / Роботтехника - заман талабы

Роботтехника - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пән мұғалімдеріне осы материалым қажет болады деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2018
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Елімізің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»Н.Ә.Назарбаев

Робототехника – заман талабы

Қазір – ақпараттық технологиялар заманы. Жастайынан ойыншық робот құрастырып, қиял әлемі дамыған баладан болашақта жас ғалым өсіп, жақсы жаңалықтармен таң қалдыруы сөзсіз. Оқушылар өздерінің қызығушылығын тудыра алатын, таңдау жасап, бір-бірімен белсенді әрекет жасай алатын кезде ғана сабақтарын жақсы оқиды. Балаларға сабақ берумен қатар оқуға деген қызығушылығын, ойлау қабілетін дамытып, белсенді оқыту арқылы шығармашыл және әлеуметті жауапты тұлғаны қалыптастыруға да талпыну қажет. Робототехника курсының бағдарламасына 3Д-модельдеу, программалау, алгоритмика, механика, электроника және микропроцессорлық жүйе негіздері, компьютердің құрылғылары, т.б. енгізілген. Робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгерілетін бұл курс практикалық жобаларды орындау принципіне негізделген. Курстың мақсаты мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс жүргізуге дайындығын қалыптастыру, оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу, робототехника бойынша кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды практика жүзінде қолдану. Қазақстан үшін робототехника жас сала. Германия, АҚШ, Жапония сияқты елдерде робототехника саласы қарқынды дамып келеді, бұл елдердегі роботехника саласы Қазақстандағыдан 10-20 жылға озып отыр десек те болады. Осындай елдердің қатарына қосылғымыз келсе, мамандарымыз тынымсыз еңбек етіп, көбірек жұмыс жасау қажет. Сонда ғана белгілі бір жетістіктерге жетіп, өз роботтарымызды шығара алатын жағдайға жетеміз. Сондықтан робототехника негіздерін білім саласына енгізу өте маңызды. Робот техникасымен мектеп кезінен танысқан оқушылардың қызығушылығы оянып, болашақта осы салада көптеген жақсы ғалымдар шығады деп ойлаймын. Қазіргі уақытта робототехника сабақтары қызықты өтуде.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ