Жаңа тақырыпқа
шолу.
Спорт жарыстарының
түрлері өте көп.Жеңіл атлетикадан жүгірушілер әр сызыққа тұрып
межеге дейін жарысады. Қатысушылар санында шектеу
болады.
Робот алғаш пайда
болған уақытынан бастап, олардың арасында түрлі жарыстар өткізіліп
тұрады. Солардың бірі және кең тарағаны- сызықтық бойымен қозғалыс
жарысы.
Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Сызық бойымен
қозғалатын роботты құрастырып, программа жазу үшін жарыстың
талаптарын білуіміз керек.
Роботтың сызық бойымен
қозғалатын жарысының талаптары:
Түс датчигін
қолдану.
Түстерді ажырата
білу.
Робот берілген
траектория бойынша басынан аяғына дейін жүріп өтуге қабілетті болуы
керек.
Жарыс кезінде робот
алаңдағы жасыл сызықтың бойымен қозғала отырып, аз уақытта ең көп
ұпай жинауы тиіс.
LEGO MINDSTORMS Education EV3 программасын іске
қосу
-
Программаға қажетті
блокты таңдап алу.
-
Робот сары түсті
анықтайтын және атауын айтатын программаны құру.
-
Кубоидты пайдаланып
барлық түстердің атауын айтатын программа құру.
EV3 роботы жасыл
сызықтың бойымен тұрақты қозғалуы үшін программада шексіз цикл
қолданылады. Робот жасыл сызықтан шығып кетпеуі үшін старт блогына
цикл блогын жалғаймыз,цикл блогының ішіне өшіріп қосқыш блогын
енгізу арқылы түс датчигін орнатамыз. Өшіріп қосқыш әртүрлі режимді
қабылдайды. Түстер датчигі режимін таңдаймыз.Шарт бойынша керекті
тустерді таңдап аламыз.
Рульдік басқару блогын
таңдап,өшіріп қосқыш блогының үстіңгі жағына орнатамыз.Бұл бізде 5
режимде жұмыс жасайды. Қосу режимін таңдап, бағытын 50 қоямыз,яғни
оңға бұрылады. Осы қадамды екінші рульдік басұару блогына қоямыз
және -50 солға бұрылу бағытын таңдаймыз.
Түс датчигі бар робот
төмендегідей қозғалыс жасайды:
-
Робот қозғалыс кезінде
жасыл сызықты басқанын түс датчигі арқылы анықтап, бірінші
моторымен ақ бетке бұрылады.
-
Робот қара сызық
бойымен иір сызық жасап қозғалады.
Көрсетілім. Осы
алгоритм бойынша программа төмендегідей
құрастырылады.
Жеке жұмыс.
1-тапсырма.
Робот сары түсті
анықтайтын және атауын айтатын программаны құру
Жеке жұмыс. 2-
тапсырма
Кубоидты пайдаланып
барлық түстердің атауын айтатын программа құру.
Топтық жұмыс.
3-тапсырма.
Бір түс датчигі бар
роботтың сызық бойымен қозғалатын программа
құрастыру.
Дескриптор:
- Бір түс датчигі бар
роботтың сызық бойымен қозғалу программа
құрастырады.
|