400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Роза Бағланова ән байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Роза бағланова Ән байқауын оқушы қатыстырылды
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 мектеп-гимназия» КММ

















Ғасыр әншісі Роза Бағланова

ән байқауы

























Шалқар қаласы

2022-2023 оқу жылы

Фанфары

І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдерің жасыл бағың.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.

І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, қадырлы көрермендер! Бүгін күміс көмей жез таңдай, сондай ақ ғасыр әншісі атанған Роза Бағлановаға арналған ән байқауына қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамыздағы әділ қазыларды таныстырып өтейік.

__________________________________________________

__________________________________________________

__________________________________________________


І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, - деп бүгінгі сайысымызды бастайық. Ендеше ортаға 1 ші қатысушымызды шақырайық.

__________________________________________________

ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең - жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

Келесі кезекте 2 ші қатысушымыз

__________________________________________________
ІІ жүргізуші: Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, - деп 3.ші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.


І жүргізуші: Әндер - әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, - деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.


ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, - деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.

ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, - деп келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.


І жүргізуші: Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта ғасыр әншісі Роза Бағланова апамыз сияқты көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау саламатта болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.02.2023
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі