400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Рухани- адамгершілік тәрбие бастауы-балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің негізі. Осыған орай, мақалада «Ұлан» балабақшасындағы педагогтардың рухани-адамгершілік тәрбие берудегі озық педагогикалық идеяларды тәжірибеде шебер қолданудың тиімді жолдары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Ұлан» балабақшасының басшысы

Смагулова Бахтыгуль Бейсембаевна



Рухани- адамгершілік тәрбие бастауы-балабақшада


Аннотация

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің негізі. Осыған орай, мақалада «Ұлан» балабақшасындағы педагогтардың рухани-адамгершілік тәрбие берудегі озық педагогикалық идеяларды тәжірибеде шебер қолданудың тиімді жолдары көрсетілген.

Аннотация

Обновленное содержание дошкольного воспитания и обучения является основой образовательной системы, которая обеспечивает всестороннее развитие ребенка в соответствии с его возрастными и индивидуальными способностями и доступом к социальным навыкам. В статье отражены эффективные подходы к практическому применению на практике передовых педагогических идей в духовно-нравственном воспитании педагогов детского сада» Улан".

Ключевые словa: Социальные навыки, моральное сознание.


Annotation. The updated content of preschool education and training is the basis of the educational system, which ensures the comprehensive development of the child in accordance with his age and individual abilities and access to social skills. The article reflects effective approaches to the practical application of advanced pedagogical ideas in the spiritual and moral education of Ulan kindergarten teachers.

Key words: Social skills, moral consciousness.



Ұрпақ тәрбиесі – ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Ел бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге асатындығы белгілі. Сол себептен де бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, рухани бай мұрамызды бойларына сіңіре тәрбиелеу ─ балабақшадағы басты міндеттердің бірі.[1]

Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты жұмыс. Ең бастысы, сол мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оның жеке тұлға болып қалыптасуында алғашқы отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін ояту болып табылады. Туғандарына, жақындарына деген махаббаты, туған өлкесіне, қаласына сүйіспеншілігі бала санасына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдыратыны белгілі.

Кемеңгер ойшыл, ұлы тұлға, ақын Абайдың туғанына 175-жылдық мерейлі жылына арналған Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың «Абай және 21-ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы еліміздің рухани өміріндегі мәні зор шығарма деп санаймын. Мемлекет басшысы бұл мақалада Абайдың ел тарихындағы айрықша орнын, ұлттық болмысымызды қалыптастырудағы рөлін айқындап, ұлттың рухани жаңғыру үрдісінің өзегі – ақын мұрасын терең зерделеу екеніне назар аударады. [2]

«Ұлан» балабақшасындарухани адамгершілік бағытында білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін жылдық жоспарға іс-шаралар жоспарланып, озық педагогтардың тәжірибелерін талдап, вариативтік компонент бөлімінде қолдану жұмыстары қолға алынған.

Ересек жастағы балаларды өз отбасының тарихын, туған-туыстары, отбасылық дәстүрлерін үйрету, туған жерінің тарихымен,өзі тұратын ауылдың көрікті жерлері мен ұлы тұлғаларын таныстыру мақсатында тәрбиеші Чурекбаева Гульмира өзінің озық тәжірибесін «Туған жерім –алтын аймағым» тақырыбында вариативтік компонент бөлімінде қолдануда. «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»мен бірлескен авторлық бағдарлама туған жерді дәріптеудегі рухани-адамгершілік және азаматтық қағидалар мен мәдени әлеуметтік құндылықтар жайлы білім беруге бағытталған.

Сонымен қатар, балабақшада ересек жастағы балалар арасында Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы ұйымдастырылды. Абай Құнанбаевтың білім мен ғылым, табиғат пен қоршаған орта жайлы жазылған өлең жолдарын балалар жас ерекшеліктеріне сай жарыса жаттап топ аралық мәнерлеп оқу сайысында ұлы ақынның өмірі мен шығармаларымен танысумен қатар, рухани –адамгершілік тәрбие бағыттары бойынша халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтары оянуда.

Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевты қалай дәріптесе де жарасады. Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай берері анық. Ендеше, балабақша бойынша , ұлттық сана-сезімді дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға, мемлекеттің көпэтникалық жағдайын ескере отырып, барлық ұлттармен сыйластық қарым-қатынас жасай білуге бағытталған жұмыстар кешені әлі де өз жалғасын таба бермек.

Рухани-адамгершілік тәрбиенің түп қазығы ұлттық педагогика екені белгілі. Ұлттық педагогика ─ баланың санасына отансүйгіштік, еліне, жеріне деген махаббаты арттыру бесік жырлары, батырлық жырлар, ертегі, ұлттық ойындар арқылы ұлттық патриоттық сананы қалыптастыруға негізделеді.

Балаға беретін тәлім – тәрбиенің қаншалықты сапалы және талапқа сай болуы сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешіге байланысты екені белгілі. Осы орайда, балабақша тәрбиешілеріауыз әдебиетінің үлгілері ─ ертегі, мақал-мәтелдер, өлеңдер мен отандық жазушы, композитор, суретшілердің шығармашылығымен таныстыруда және ертеңгілік мерекелер мен ұйымдастырылған оқу қызметтерінде мемлекеттік рәміздермен таныстыруда айрықша нәтижелерге қол жеткізуде.

Балаларға туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуге үйретуде балабақшада барынша жағдай жасалған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы [3] «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының жалғасы екені белгілі. Мақалада қазақ даласы әлем халықтары көз тіккен, қызыға қарайтын дүниелердің барлығына тұнып тұрғандығы айтылған. Соның бірі - ұлттық мұрамыз, атқа міну мәдениеті. Атқа міну мәдениетін мектепке дейінгі ұйымдар арасында насихаттау аясында Алматы облысы Қаратал ауданындағы «Балбөбек» балабақшасы ұжымынан челлендж қабылдап, педагогтар тарапынан ата-аналар мен балалар арасында бірқатар іс-шаралар жоспарланып ұйымдастырылды.

Ат үстінде ойналатын ұмыт қалып бара жатқан ұлттық ойындарды жаңғырту барысында ересек «Бәйтерек» тобы мен мектепалды даярлық «Жауқазын» топтары балаларымен сайыстар ұйымдастырылды. «Жорға жарысы», «жекпе-жек», «жігіт сыны» және «ат омыраластыру» сияқты ұлттық қимылды ойындарды балалар бар ынтасымен қызыға ойнап, шеберліктерін көрсете білді. «Жауқазын» тобының балалары ауыл маңындағы «Қызыл сөк» елді мекеніндегі атбегілер шаруашылығына барған саяхатында жылқыны қолға үйретудегі ерекшеліктері мен ер-тұрмандары туралы білімдерін кеңейтіп, атқа мінуді қызыға үйреніп, жайдары көңілмен қайтты.

Мектепке дейінгі рухани-адамгершілік тәрбие балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Балаға отбасында берілетін тәрбие әр жанұяда түрліше, өздерінің қалыптасқан отбасылық құндылықтары арқылы, үлкендердің өмір жолдары арқылы тәрбиеленеді. Ал, балабақша педагогтары ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып жандандырады. Жоспарға сәйкес әртүрлі іс-шаралар, отбасылық сайыстар, ертеңгіліктер, ашық есік күндері, ауданның көрікті жерлеріне саяхаттар, тақырыптарға сай көрмелерге қатысу жұмыстары үнемі ата аналармен бірлесіп жүргізіледі.

Рухани адамгершілік тәрбие маңыздылығын ата-аналарға түсіндіру барысында түрлі әңгімелер, кеңестермен қатар, жоспарға сай тақырыптағы «Шынықсаң шымыр боласың», Спорт – досың, серігің», «Әкем,Анам және мен», «Дені саудың – жаны сау» сияқты спорттық сайыстар , «Менің батыр атам», «Әжелер ақылы», «Құстар біздің досымыз», «Қанатты достар», «Менің балам» және т.с.с. іс-шаралар өткізіліп тұрады.

  Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында мектепке дейінгі мекемеде берілетін білім мен тәрбиені жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып ұйымдастыру балабақша ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық. Сондықтан, рухани тәрбие беретін осындай жұмыстар балабақшада әрі қарай да өз жалғасын таба береді деп сенемін.


Әдебиеттер:

  1. ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалыұ шақ» республткалық орталығы «Мәңгілік Ел» мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсыным. Астана 2016 жыл.

  2. ҚР Президенті Қ.Тоқаев. «Абай және 21-ғасырдағы Қазақстан» мақала. Қаңтар 2020 жыл.

  3. "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы, Н.Ә. Назарбаев. 21.11.2018жыл.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
1602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі