Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтар негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастыру

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.

«Біз тұрғызатын қоғамдарды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек» - деді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады.

Шығыс ғұламалары Омар Хайям: «Адамдардың пайдалысы - адамдарға пайда келтіргендер» десе, Рудаки бұл ойды одан әрі нақтылай түседі: «Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз».

Демек, әлемдегі қайғы-қасіреттердің болу себебі адам өмірінде адамгершілік құндылықтардың және арман-мұратының болмауынан екен.

Сондықтан да ізгіліктің ең үлкені - адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек, мұның өзі адамның бойында ізгіліктің болуынан бастау алады екен. Біреулер қоғамда көп ғылымның, біреулер үлкен байлықтың иесі болар.

Бірақта адамда адамгершілік қасиеттер болмаса, бұл жеткен жетістіктері жалаң, жадағай болып шығады. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі - кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсетуде.

Рухани-адамгершілік тәрбие  дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығы.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.  Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы - руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.  Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау.

Жас ұрпаққа рухани тәрбие мен білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте ұстай білуі, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттілігін түсінуді қамтамасыз ету.

Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап (мысалы, ұжымдық үдеріс қауымдастық пен жеке тұлғалылыққа алмасты, ұлттық, қоғамдық құндылықтардан гөрі жеке құндылықтар басымдылық таныта бастады), жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар азаматтарымыздың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарымқатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту және тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әр адам өз бойындағы қабілеттерін толық жүзеге асырып, өз мемлекетімізге ғана емес, бүкіл адамзат иігілігіне пайда келтіре алатындай болуы керек. Баланың бойындағы қабілеттерін ашып, оның өз жан-дүниесіне үңіліп, өз болашағына деген сенімін ояту, өзін-өзі құрметтеп, өз ар-ұжданымен өмір сүруі қандай маңызды десеңізші!

Яғни, өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-жерін сүйетін, рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу болып табылады. Басты ерекшелігі сонда -  адами құндылықтарды оқытуға бағытталған. Ал «адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз бұл қағидалар практикада, күнделікті өмірде қолданылады дегенді білдіреді. Білім берудің шынайы мақсаты адам баласына тән қабілеттердің көрініп, ашылуы болып табылады». Оқушыларға рухани-адамгершілік білім беруді мақсат еткен   жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды негіз етеді.  Жоғары рухани құндылықтар: махаббат, жақсылық, өмір мәні, ақиқат, еркіндік, сұлулық, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т.б. Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімдерін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді. Ұлттық құндылықтар: ұлттың тілі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, музыкасы, ата-мұрасы және т.б. Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе саналады. Осы тұрғыда  ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда  мазмұны арқылы ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан бала рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке, ерлікті көксеуге, күшқайратты шыңдауға ұмтылдыратын - нағыз ұлттық, қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін  - көркем шығармалар, адамгершілік бастаулары, әдептілік қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б. Міне, осындай қуат бойына дарыған жас ұлан келешекте бәсекеге қабілетті болатыны сенімді Сабақта міндетті түрде орындалатын сабақтың әдіс-тәсілдері: олар - «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесейік», «Дәйексөз», «Жаңа ақпарат», «Шығармашылық жұмыс», «Өзіммен-өзім», «Тыныштық сәті», «Дәптермен жұмыс», «Сергіту сәті», «Жағдаяттарды талдау», «Сахналау», «Ойын  жаттығу», «Жүректен-жүрекке». Сабақтың басталуының өзі ерекше, біріншіден оқушыға еркіндік беріледі. Ол өзін-өзі еркін ұстауға үйренеді, пікірі дұрыс, бұрыстығын өзара пікірталас кезінде ғана түсінеді. Пікірталас кезінде барлық пікір қабылданады, құрметтеледі. Мәтінді талдау арқылы көзделген мақсатқа жету, көптеген әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Пікірталас, топтық, жұптық, белсенді жеке жұмыс түрінде болуы мүмкін. Бастауыш сыныптарда ойын түрінде, сахналау түрінде, іштей елестету, тыныштық сәтінде әр жеке тұлғаға өзінің ішкі әлемін түсінуге мүмкіндік беріледі. Дәйексөз - сабақтың ең негізгі түйінін шешетін кезең. Сабақтың қорытынды бөлігі «Жүректен-жүрекке» ойға жетелейді. «Мен бүгін не ұқтым?» - осы қорытынды бөлігінде айтылған ой түйіні арқылы тақырыптың балаға қалай әсер еткенін бақылауға мүмкіндік болады. Шеңбер құра отырып ой жалғастырады, бірін-бірі толықтырады, бір-біріне ұқсамайтын жаңа ой айтуға талпынады, ізденеді, осылайша әр оқушыда дербес әрекет дағдысы қалыптасады, дамиды.  Адамның адамгершілік негіздері болмаса, ол еркінен, өмірлік бағдарынан тез айырылып, тағдырдың ойыншығына немесе қылмыс әлемінің құрбанына айналады. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер кері жолға бейім болады. Әрине әр адам өз өмірінің қожасы және ол өз өмір жолын өзі таңдайды, басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды, қателіктерге бой алдырады. Сені қоршап тұрған жағдайды өзгертуге болады, бірақ өзіңнің ішкі әлеміңнен қашып құтыла алмайсың. Сонымен қатар, егер адамның жаны немесе рухы сырқат болса, онда ешқашан сау бола алмайды. Сондықтан адамның қандай рухани құндылықтарды игергені өте маңызды. Адамгершілік тәрбиесі оқу тәрбие үрдісінің барлық саласында, оқыту, білім беру және еңбекке баулу үрдісінде жүзеге асады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік қасиеттерді жатқа білу жеткіліксіз, оның терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру, мінез- құлыққа бекіту керек. Тәрбие ісі нақты кезеңнің ерекшеліктерін сақтай отырып, болашаққа бағдар береді, жеке тұлғаны соған дайындайды. Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтары өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік қасиеттері мен ұғымдары, мінез-құлықтың қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары болашақта ересек қоғамда және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түскенде көріне бастайды. Бастауыш сыныпта адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлықтардың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады. Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу - ең алдымен оқыту үрдісінде қалыптасады. Әр түрлі пәндерді оқыту кезінде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық, өмірге деген белсенді көзқарас, Отан туралы ұғымдары қалыптасып дамиды. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ата-аналарды қадірлеу, еңбектенуге үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсіне білуге дағдыланады. Олар мектептегі оқу әрекетіне деген өзіндік қатынастарын, отбасында, қоғамда өзін-өзін ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларында дербес және қоғамдық мінез-құлық, адамгершілік қарым- қатынасы дамиды,  оқушылары өздерін ересектер қатарына қосып, өз бетімен тіршілік етемін деп қиял жетегімен кетеді. Бұл жастағы оқушылардың дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, қамқорлық, құнттылық, т.б. қасиеттер әсер етеді,  ғылымға, мамандықтаңдауға ынталары артады. Бұлар әділеттілік, борыш, ар-намыс, ұят, адалдық сынды моральдық ерекшеліктерге көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауда өзін- өзін тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан бұл жаста көбірек ерік берген жөн. Өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін іске асыруда  қоршаған ортаның ықпалы орасан зор.

Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндерде ғана емес, сыныптан тыс іс- шараларда,үйірме жұмыстарында рухани құндылықтарға баулуға болады. Мұндай жұмыс түрлеріне сынып жетекшінің эстетикалық әңгімесі, түрлі ой жарыстары, пікір таластарын жатқызуға болады. Жасөсіпірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін түрлі жағымсыз жағдаяттардан сақтану мәселесі де ескерілуі қажет. Көбіне көптеген отбасыларда күнделікті тірлік қамымен балалардың рухани қажеттіліктері ескерілмей, екінші орынға жылжиды. Бала дұрыс, адамгершілік іс- әрекеттерді, салауатты өмір салтын, жақсы мен жаманды айыра білу, өзін - өзі жетілдіруге деген ынтасын қалыптастыруы керек, қажет кезде өз бетімен шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасауы үшін кішкентайынан өз дегенін іске асыруға баулу керек. Ал бұл дағдылардың барлығы жанұяда қалыптасады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата- ананы оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс орнату мәселесі негізгі мәселе болуы тиіс. В.А. Сухомлинский: «Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруге тиімді ықпал жасайды» дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,- деген болатын.

Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның руханиадамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың басты мақсаты. Руханиадамгершілік тәрбиесінде мұғалім оқушыны тұлға ретінде танып біліп қана қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, болашақты көре білуі қажет. Түйіндей келе, адамгершілік тәрбиесі - бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы жалғасатын, адамдардың мінез-құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ.











































Семинар: «Рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтар негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастыру»













Жауапты: Ергалиева Г.Ж.

Савит И.












2020-2021 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12