РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ӘЛЕУМКТТІК ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ӘЛЕУМКТТІК ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Форматы: баяндама ғылыми-әдістемелік сипатта жазылған. Құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Негізгі ойы: рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған, әлеуметтік жауапты тұлға тәрбиелеу – мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі. Бұл құндылықтар адамның ішкі мәдениетін қалыптастырып, оны парасатты, отансүйгіш, адал азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған. Басқаларға пайдасы: баяндама ұстаздарға тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік көмек береді, оқушыларға рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. Қоғам үшін рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртып, тұрақтылық пен дамудың негізін нығайтады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ӘЛЕУМКТТІК ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ

Макашева Нурзия Сагындыковна

Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылы

Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі


Аңдатпа: Бұл баяндамада рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесі арқылы жан-жақты дамыған және әлеуметік жауапты тұлғаны қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Қоғамдағы рухани құндылықтардың төмендеу қаупіне байланысты, білім беру мен тәрбиенің үйлесімділігі маңызды екені көрсетіледі. Баяндамада тұлғаның физикалық, интеллектуалды, рухани және әлеуметтік тұрғыдан дамуына бағытталған негізгі тәрбие бағыттары талқыланып, мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен әрекетінің маңыздылығы баяндалады. Сонымен қатар, рухани-адамгершилік тәрбиенің әдіс-тәсілдері мен мазмұны талданады. Жеке тұлғаны рухани бай, әлеуметтік жауапты азамат ретінде қалыптастырудың нетижелері мен оны жүзеге асырудағы мектептің рөлі ерекше екені көрсетілген.

Түйін сөздер: біртұтас тәрбие, рухани-адамгершілік, құндылықтар, әлеуметік жауапты тұлға, мектеп, отбасы, қоғам.


Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы жан-жақты дамыған, рухани бай, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеуге тәуелді. Ал мектеп – білім беру ғана емес, тәрбие берудің де негізгі ордасы. Қазіргі таңда мектепте берілетін тәрбие біртұтас тәрбие жүйесіне негізделген. Тәрбиенің негізі – оқыту, тәрбие және дамудың бірлігін қамтитын үйлесімді дамыған тұлға «Толық адам» ұлттық идеалы болып табылады[5]. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры және тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толысуын қамтитын үздіксіз процесс. Тәрбиенің мәні – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Құндылықтар адамның белгілі бір әрекет етуге деген тұрақты сенімін білдіреді және жеке адамның да, бүкіл қоғамның да өркендеуінің негізі болып табылады. Құндылық білім алушының өмірлік ұстанымына, іс-әрекетіне, мінез-құлқына, дүниетанымына және этикалық нормаларды сақтауына әсер етеді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті:

Тәуелсіздік және Отаншылдық

Бірлік және Ынтымақ

Әділдік және Жауапкершілік

Заң және Тәртіп

Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік

Жасампаздық және Жаңашылдық

Бұл құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналады. 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын болады[2]. Біртұтас тәрбие – бұл тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін тәрбие жүйесі. Ол адамды физикалық, ақыл-ой, рухани-адамгершілік, эстетикалық, еңбексүйгіштік және әлеуметтік бағытта дамытуды көздейді. Ол әртүрлі тәрбие бағыттарын бір-бірімен үйлестіріп, олардың өзара тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді. Біртұтас тәрбие жүйесін рухани-адамгершілік құндылықтарға негіздей отырып жүзеге асыру – мектептің басты міндеттерінің бірі. Бұл тәсіл жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді және оны қоғамдағы белсенді, жауапты азамат ретінде қалыптастыруға жағдай жасайды.

Жан-жақты дамыған тұлға – бұл рухани, интеллектуалды, физикалық және әлеуметтік тұрғыдан үйлесімді дамыған адам. Мұндай тұлғаны қалыптастыру үшін білім беру жүйесі мен отбасы бірлесіп, мынандай бағыттарға назар аударуы тиіс:

  • Рухани тәрбие: Баланы махаббатқа, құрметке, ізгілікке, өзара түсіністікке тәрбиелеу. Қоғамда қалыптасқан моральдық қағидаларды сақтау, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті құрметтеу.

  • Интеллектуалды даму: Оқушылардың сыни ойлау қабілетін, креативтілігін, білімге құштарлығын арттыру. Бұл жеке тұлғаның болашақта білім мен ғылым саласында жетістікке жетуіне негіз болады.

  • Денсаулық және физикалық тәрбие: Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.

  • Әлеуметтік жауапкершілік: Қоғамға қызмет ету, экологиялық сана, әлеуметтік мәселелерге назар аудару арқылы балалардың азаматтық ұстанымын дамыту[1].

Аталынған бағыттардың ішінде рухани-адамгершілік құндылықтарының тәрбиедегі рөлі ерекше. Өйткені ол жеке тұлға өмірінің моральдық, этикалық және рухани негізін құрайды. Жеке тұлғаның ішкі мәдениетін қалыптастырып, қоғаммен үйлесімді өмір сүруіне ықпал етеді. Бүгінгі заманда технология мен ақпараттың жылдам дамуымен қатар, қоғамда рухани дағдарыс пен моральдық құндылықтардың төмендеу қаупі байқалуда. Сондықтан рухани-адамгершілік тәрбиесі өмірлік маңызды міндетке айналуда. Баланың ішкі дүниесін байытып, оның әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін моральдық-этикалық негіз қалыптастырамыз десек, осы бағытқа жете мән беруіміз керек. Бұл құндылықтар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.

Әлеуметтік жауапкершілік – қоғамның игілігі үшін әрекет ететін тұлғаның басты қасиеттерінің бірі. Оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеуде мынадай қадамдар маңызды:

  • Еріктілік қызметін дамыту: Балаларды еріктілік іс-шараларға тарту арқылы оларға көмек көрсетудің маңыздылығын түсіндіру.

  • Экологиялық тәрбие: Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.

  • Ұжымдық жұмыс: Балалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, командамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Рухани-адамгершілік құндылықтар адамның ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын және қоғамдағы орнын анықтайтын маңызды негіздер болып табылады. Олардың қатарына:

  • Сүйіспеншілік – жақындарына және барша адамзатқа қамқорлық көрсету.

  • Құрмет – адамдардың құқықтары мен пікірлеріне сыйластықпен қарау.

  • Адалдық – әділдік пен шыншылдыққа негізделген әрекет ету.

  • Отансүйгіштік – туған жерге және оның мәдениетіне деген құрмет пен мақтаныш сезімі.

  • Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын болу.

Бұл құндылықтар оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты – қоғамның мүддесіне қызмет ететін, моральдық қағидаттарды ұстанатын, жан-жақты дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру болса, міндеттері төмендегідей:

  • Оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.

  • Әлеуметтік жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру.

  • Оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

  • Әлемдік және ұлттық құндылықтарды үйлесімді түрде ұштастыру[6].

Мектепте оқушыларды жан-жақты дамыту және олардың бойында әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруда төмендегі әдістер тиімді:

1. Тәрбие сағаттары мен жобалар. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге арналған сынып сағаттарының тақырыптары балалардың жас ерекшеліктеріне және қоғамның құндылықтарына сәйкес болуы керек.

Бастауыш сыныптар (1-4 сыныптар):

"Дос болайық бәріміз"

"Ата-ана – асыл қазынам"

"Шыншыл болу – абырой"

"Қамқорлық – ізгі жүректен"

"Үлкенге құрмет, кішіге ізет"

Орта буын (5-8 сыныптар):

"Адам болам десеңіз" (Абай шығармалары негізінде)

"Жақсылық жасап жарысайық"

"Әдептілік – адамгершілік бастауы"

"Туған елге қызмет ету – қасиетті борыш"

"Құндылықтар негізі – рухани байлық"

Жоғары сыныптар (9-11 сыныптар):

"Азаматтық жауапкершілік және ар-намыс"

"Өмірдің мәні – адамдықта"

"Рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарды сақтау"

"Қоғам және адамгершілік құндылықтар"

"Өнегелі өмір сүрейік"

Бұл тақырыптар оқушылардың рухани және адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталып, олардың өмірде саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді[3].

2. Оқу пәндері арқылы тәрбиелеу. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбие мәселелері шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған[4]. Барлық оқу пәндерінде рухани-адамгершілік мазмұн болуы керек. Мысалы, қазақ әдебиеті сабағында ұлттық құндылықтар мен тұлғалардың өмірлік өнегесін талдау, тарих сабағында әділдік пен елжандылыққа тәрбиелеу қарастырылады. Биология және география пәндерінде экологиялық мәселелерді талқылау арқылы табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру.

3. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру: мұқтаж жандарға көмек көрсету, экологиялық сенбіліктер өткізу. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған байқаулар, олимпиадалар.

4. Тұлғалық үлгі көрсету. Мұғалімдер мен ата-аналар өздерінің іс-әрекеттерімен рухани-адамгершілік құндылықтарды көрсетуі тиіс.

5. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау. Мектеп бағдарламасында қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әлемдік мәдени мұраларды үйлесімді енгізу арқылы тәрбиелеу.

6. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы. Тәрбие процесінде мектеп пен ата-аналардың бірлескен жұмысы маңызды рөл атқарады. Отбасының қолдауы арқылы рухани құндылықтарды бала бойына тереңірек сіңіруге болады[7].

Әлеуметтік жауапты тұлға тәрбиелеудің нәтижелеріне келетіін болсақ, рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге ала отырып тәрбиеленген оқушы:

  • өзінің және өзгенің құқықтарын құрметтейтін;

  • қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінетін;

  • белсенді өмірлік ұстанымы бар;

  • шығармашыл және рухани бай тұлға болып қалыптасады.

Болашақтың жарқын негізі – рухани-адамгершілік құндылықтарды ұлықтаған тәрбие жүйесі. Мұндай жүйе әрбір тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуына мүмкіндік беріп, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Рухани тәрбие адамгершіліктің алтын қазығы ретінде адамның ішкі әлемін байытып, оны ізгілік пен парасаттылыққа жетелейді.

Бұл тәрбиені тиімді жүзеге асыру үшін мектеп, отбасы және қоғам бірлесе әрекет етуі қажет. Мектеп білім мен тәрбиенің бастауы болса, отбасы – махаббат пен мейірімділіктің қайнар көзі, ал қоғам – тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін үлкен орта. Осы үштік үйлесімді әрекет еткенде ғана жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтар терең сіңіп, ол өзінің өмірлік ұстанымдарына айналады[6].

Нәтижесінде, рухани бай, адамгершілік қасиеттері жоғары, жауапкершілікті терең сезінетін, қоғамға пайдасын тигізетін тұлғалар тәрбиеленеді. Мұндай тұлғалар тек өз өмірін ғана жақсартып қоймай, жалпы қоғамның дамуына да оң ықпал етеді. Рухани-адамгершілік құндылықтарды негіз еткен тәрбие – тұрақты, өркениетті қоғам қалыптастырудың ең сенімді жолы.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Айтмұхамбетов Ә., Мұқажанова Р. "Рухани тәрбие негіздері". – Алматы: 2020.

  2. Әдістемелік нұсқау хат «2024-2025 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Астана 2024

  3. Бижанова Ә. "Мектептегі тәрбиелік жұмыстардың тиімділігі". – Алматы: 2021.

  4. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. "Қазақстан Республикасында орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты". – Астана: 2020.

  5. Құнанбаев А. "Қара сөздері". – Алматы: "Мектеп" баспасы, 2019.

  6. Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі: әдістемелік нұсқаулықтар / ҚР БҒМ. – Алматы: 2022.

  7. Сейітқазина Ғ. "Мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие". – Алматы: "Арыс", 2021.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2025
26
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі