400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғырту бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
жұмыс орнына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану әлемі» сайысы

Шараның мақсаты:

балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету, шығармашылық қабілетін дамыту.


Мұғалім:Құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгін мектебімізде өткізіліп жатқан «Өзін-өзі тану әлемі» атты шараға хош келдіңіздер. Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп,ән-күймен,мақал – мәтелдермен өрнектеп өнерімізді ,білімімізді ортаға саламыз.Біліміміздің артып санамыздың өскенін,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетеміз.


Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылықпен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына-деп сіздерге сәттілік тілеймін!



Кім жеңді,кім жеңілді деп жүрмейік,

Әділ қазы бағасына жүгінейік.

Сайысқа баға беріп сөз айтатын,

Қазыларға төрден орын берейік! Сайысымыздың әділ қазы мүшелері оқу-ісінің меңгерушісі-Шаймолдина Гүлжайнар апайымыз,математика пәнінің мұғалімі Тортаева Айгерім.

Қатысушы топтар:

«Шапағат» тобы 5 сынып оқушылары

«Ұлағат» тобы 6 сынып оқушылары

Қай топ бірінші бастайтынын білу үшін сіздерге сұрақ беріледі сол сұраққа

дұрыс жауап берген топ екінші болады,ал жауап бере алмаған топ бірінші бастайды.

Барысы:

1-бөлім. «Сиқырлы сұрақтар»

Шарты:барлығың сұрақтарды ала қойыңдар

1.Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы кім?

2.Өзін-өзі тану сөзінде неше әріп бар?

3. 5Т –ны ата?

4.5 құндылықты ата?

5.Бүгін кім жеңіске жетеді деп ойлайсың?

6.Алтын балыққа қандай үш тілек айтасың?

7.Қолыңнан не істеу келеді?

8.Сен өзіңді қандай баламын деп ойлайсың?

2-бөлім. «Сөздің көркі мақал»

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.

Әр топқа 5 мақалдан қойылады. 1 Топ бастайды

1.Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.


2.Төр төбесінде отырып,

Теріс сөйлегеннен түңіл


3.Көп ойласаң,кең ойла,

Алды-артын тең ойла.


4.Ақылды адам ерінбейді,

Қуатты адам сүрінбейді.


5.Артық сөйлеме тең сөйле,

Таразылап тең сөйле.


6.Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.


7.Ақыл адам көрігі,

Ақылдың сабыр серігі.


8.Ақыл тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.


9.Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле.


10.Өнер ағып жатқан бұлақ,

Білім –жанып жатқан шырақ.

3-бөлім «Кім жүйрік»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін оқушыларға берейік,

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік.

1-топ.

1.Жасыл адамды көргенде не істеу керек?

2.Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?

3.Дәуреннің реті оңнан солға қарай да,солдан оңға қарай да санағанда 5 болса,қатарда барлығы қанша адамның болғаны?

4. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

5. Үй жануарларының бірінің аты мен сезім мүшесі атынан бірігіп айтылған сөз.Ненің аты,не деген сөз?

2-топ.

4-бөлім «Кім шапшаң?»

Қазақтың түрлі-түрлі сөздері бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын біле ме екен сайыскерлер,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.


Тақтадағы сөздің ауыспалы мағынасын табу керек.

Екі топқа ортақ сөз беріледі.Қай топтың оқушылары жауап береді ұпай сол топта.


5-бөлім«Мен мақалдап сөйлеймін»

(мақалмен жауап беру)

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.-деп кезекті мақалдап сөйлеуге береміз.

(1-топ)

1.Қар жанады ма?

2. Етікті қонышынан басып киюге бола ма?

3. Оттан не ыстық?
4. Отқа түсіп күймеуге бола ма?

5. Инемен құдық қазуға бола ма?

(2-топ)

1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

2. Тауық түс көре ме?

3. Ер қаруы нешеу?
4. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі?

5. Шошқа үре ме?

6-бөлім. «Кім зейінді?» зейінділер сайысы

Талабы таудай баламыз,

Есте сақтай аламыз.

Шабыттансақ белестерді,

Бағындыра аламыз.


Шарты:Тақтадағы қызыл,көк шарларды үш рет қайталағаннан кейін жатқа айту.

7-бөлім. «Понтомимо»

Біз өмірді сүйеміз,

Көңілімізге түйеміз.

Көрсетіп бар өнерді,

Жеңіске әркез жетеміз-деп кезек понтомимоға келді.

Мына жерден кеспе қағазды алып оқып,сосын ыммен оқыған сөзіңді қимылмен көрсет.Егер дұрыс түсіндіре алмасаң ұпай ала алмайсың.

8-бөлім. Қорытынды

Әділ-қазы шешеді,

Істің ақ пен қарасын.

Оқушылар өнерін,

Әділ берер бағасын,- дей келе сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

Барына риза болсын көрермендер,

Байқадық білгенді де, шапшаңды да.

Осымен бір ойында тамандадық,

Тағыда кездесерміз аман болсақ.

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі