Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру сөзінің мағынасын оқушыларға тәрбие сағатында нақты түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағы»Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады.

  • Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды.

  • Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ, флипчарт, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз, плакат.
 Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,Жер бетінің ажары ол – сәніміз.Туған өлке табиғатын аялап,Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.
II.Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.1. Біздің еліміз қалай аталады?2. Рәміздеріміздің бірі3. Орман неден құралады?4. Бал жинайтын жәндік?5. Пайдалы қазба6. Қамбар ата төлі7. Рәміздердің бірі.8. Астанадағы Қазақстан символы?

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

Т

У








А

Ғ

А

Ш






А

Р

А







М

Ұ

Н

А

Й





Ж

Ы

Л

Қ

Ы





Е

Л

Т

А

Ң

Б

А



Б

Ә

Й

Т

Е

Р

Е

К


Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Рухани жаңғыру -туған жер тұтастығы мен ел болашағы» деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қосаса аласыңдар.Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі)Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға,мақтануға да тиіспіз. Осының барлығын ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен.

  • Ал қазір атасы мен немересінің әңгімесін тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады екен?

Көрініс: «Туған жер»(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!Немересі: Ата, «Өткен өмір» деген не?Атасы: Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?Немересі: Ол қандай болған?Атасы:Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:Болмаса да оқыған тарихшы атым,Жинадым ескілерден тарих хатын.Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,Айтылған аталардың аманатын.Есімі еш адамның өшпейді екен,Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен,Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген. Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.Немересі: Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.Атасы: Жарайсың, балам! Мұғалім:

  • Көрініс не жайлы болды?

  • Сенің туған жерің қалай аталады?

  • Ендеше, Қазақстанныің кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші.
    Қазақстан кеше,бүгін,ертең …Кеше (өткен  тарихқа шолу) 1 –оқушы: Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді.  Шолу жасап өтейін.
    Жоңғар  шапқыншылығы ;

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;

  • 1928-1932 жылдардағы аштық;

  • 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан   соғысы;

  • 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.

Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды. Қаншалықты биіктеп, өркендесек те біз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз. Бүгін   (бүгінгі  күннің  тарихына   шолу)2-оқушы : Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан.  Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. 3-оқушы: Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде. 4-оқушы :  Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. 5-оқушы :  Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер күн санап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын. Ертең   ( «Сұхбат алу» әдісі арқылы ертеңгі   күнге   болжау  жасау )
Үш тілділік;

  • Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.

  • Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.

  • Халық саны саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы толығымен жүзеге асып, дамыған мемлекеттердің ең алдыңғы қатарынан табыламыз.

Мұғалім: Рақмет, балалар! Сендердің ертеңгі күнге деген болжамдарың міндетті түрде жүзеге асырылады. Осы мақсатта елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағанын жақсы білесіңдер. - Осы бағдарлама жайлы не айта аласыңдар?6-оқушы: Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп жатыр.7-оқушы: Бағдарлама аясында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары 2005-2007 жылдары Батыс Европа кітапханаларында құнды жазба деректерді іздестіріп, олардың көшірмелерін алу мақсатымен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. 8-оқушы: 2004 жылы мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.9-оқушы: «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері Айша-Бибі кесенесі, Арыстан баб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Ысқақ Ата, қорымдарында сияқты көптеген тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды.10-оқушы: Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда ғана емес шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы Сұлтан Бейбарыс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті , Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.Мұғалім: Дұрыс, айтасыңдар балалар! Бұл жұмыстардың атқарылу себебі, болашақ ұрпаққа туған жеріміздің тарихын ұмыттырмау, оларға мұра етіп қалдыру. Бұл Отанға, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік.

  • Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе аласыңдар?
    11-оқушы: Отан (М.Мақатаев )Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем.   Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған. Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,Бозторғайы бол оның шырылдаған!   Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. Отанды сүймеуің де күйік екен, Отанды сүйгенің де күйік екен... 12-оқушы: Туған өлкем ( Өтебай Тұрманжанов) Көгінде күн нұрын төккен,Жерінде гүл жұпар сепкен.Неткен сұлу, неткен көркем,Осы менің туған өлкем.Алтын дәнді даласы бар,Ақ күмістей қаласы бар.Неткен сұлу, неткен көркем,Осы менің туған өлкем.Ер еңбегі шалқып, тасқан,Ел еркіндей бақыт тапқан.Неткен сұлу, неткен көркем,Осы менің туған өлкем.13-оқушы:Туған жер (Қасым Аманжолов)Шықшы тауға, қарашы кең далаңа, Мәз боласын ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?   Уа, дариға, алтын бесік - туған жер, Қадіріңді келсем  білмей, кеше гөр! Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер.   14-оқушы: «Отан» Бақытты боп жүргенімСенің арқаң, Ұлы Отан.Елім менің –тірегім,Құшағында гүл атам.Шығысыңнан арайлы,Күліп атқан құба таң.Сенен бақыт тарайдыБаршамызға Ұлы Отан.Сарқылмайтын қуатым,Тірегімсің сен, Отан.Мәңгі соғып тұратынЖүрегімсің сен, Отан!Мұғалім: Балалар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білімге қатысты көптеген жаңашылдықтың жүзеге асып жатқанын білеміз. Соның бірі – үштілділік. Болашақта латын әріпіне көшетініміз де үлкен бастама болмақ. Ендеше, туған жерге деген ыстық ықыласымызды орыс, ағылшын тілінде де жеткізіп көрсек.Томирис, Әдемі,АйданаТуған жер туалы мақал-мәтел айту.Шығармашылық жұмыс: 1,2-топ «Ассосация» әдісінқолдану.
    3-топ: Менің болашақта туған жерге қосар үлесім (сурет салу).4-топ«Синквейн» әдісін қолданып Туған жер тақырыбына өлең құрастыру.Мұғалім: Енді сендердің Туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді тексеріп көргім келіп тұр. Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді («Ыстық орындық» әдісін қолдану). 1-топ:1.Еліміздің Ордасы қай қала?2. Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды? (30 тамыз 1995ж)3.Ұлттық валюта. 2-топ:1. Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? ( 16 желтоқсан 1991 жыл.)2.Мемлекеттік рәміздерді ата.3. Қазақтың үш биі кімдер?3-топ:1. Тудың авторын атаңыз. (Шәкен Ниязбеков)2. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)3. ЭКСПО көрмесі не жайлы болды?4-топ:1.Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уәлиханов, жандарбек Мәлібеков)2. Тұңғыш Президент күні қашан?3. Қазақстанның көршілес елдерін ата.Хор: «Жаса, Қазақстан!»Қорытынды Құрметті оқушылар!Біз бүгін"Туған жерім - алтын бесігім" атты ашық тәрбие сағатын өттік.Тәрбие сағаты барысында біз өлкеміз туралы көптеген мәліметтер алдық, біраз нәрсе білдік.-     Айналайын!Атамекен, Ақ мекен! Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз, атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан қастерлейік, сүйейік, болашағына үлес қосайық.Рефлекция Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.




















Өздік жұмысы №2
Мақсаты: Оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау,

білімін тиянақтау, көбейту мен бөлу амалдары туралы білімі мен

білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру;

өздігінен жұмыс істеуге баулу.



Тапсырмалар.


1. Өрнектердің мәнін тап.


( 235 000 + 745) – ( 30 000 + 5 000) =

(135 496 – 135 000) : 8 ∙ 4 =

(4 702 565 – 4 702 000) : 5 3 =


2. Теңдеулерді шеш.


535 : х= 5 400ха = 1000 + 600


3. Өрнекте.


6кг 425г = □г 800см = □м 16м 50см = □см 2 000кг = □т

5 га = □ м14 дм =□ см8 ғ 5 ж =□ ж 66 тәул = □ апта □ тәул


4. Геометриялық тапсырма.


Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3см 5мм, ал ені 2см 8мм. Периметрін есепте.


5. Есепті шығар.


Дүкенге әрқайсысында 10кг-нан 50 жәшік қызанақ және 450кг қияр әкелінді. Дүкенге барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?























Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:22.10.2015

Кабинет:17

Мұғалім: Блалова Н.Ж

Сабақтың атауы

А.Байтұрсынов Аққу,шортан һәм шаян

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білім игеру.
Көрнекілігі: 1. А. Байтұрсынұлы мен И. А. Крылов портреті
2. Мысал бойынша салынған сурет.
Әдісі: аквариум әдісі(топтық жұмыс), түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі.

Психологиялық ахуал

Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен:
Алу үшін сапа, білім,
Ардақтаймыз ана тілін!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
« Қауын мен Қарбыз»
• мазмұнын айту,
• жұмбақ жазу,
• сурет салу.
Венн жүйесі бойынша қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз аққу, шортан, шаян жайлы мағлұмат алатын боламыз. Ол үшін олар жайлы шығарма жазған А. Байтұрсынұлының өмірбаянымен және «Аққу, шортан, һәм шаян» атты мысалмен танысамыз.
ІV. Балалар топқа бөлінеді. Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.
Оқушыларға алдын ала әр түрлі үй тапсырмалары берілген, олар әрқайсысы өз сұрақтары жөнінде ізденіп, оны тірек - сызбалары арқылы салып, соған жазып түсіндіруі керек.
1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі.
2 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары.
3 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері.
Топ оқушылары бір - бірден шығып үй тапсырмаларын қорғап, Ахмет Байтұрсынұлы жайында мағлұмат береді.(кластер арқылы)
1873 жылы қазіргі ғалым, ақын «Тіл құралы», Торғай өңірінде «Қырық мысал» дүниеге келген.
1938 жылғы қаралы Тұңғыш әліппені кезеңнің құрбаны болған. Аудармашы жазған.
А. Байтұрсынұлы орыс халқының атақты мысалшысы И. А. Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарады. Соның бірі - бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.
V. «Ой қозғау»
Әр топ өз тапсырмасын тақтаға шығып қорғайды.(постер)
1 - топ: Аққу қандай құс?
- Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Аққулар табиғаттың аса ғажап, қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тиым салынған.
2 - топ: Шортан қандай балық?
- Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады. Қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Дәмі, еті үшін көп ауланады.
3 - топ: Шаян жайлы не білесіңдер?
- Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000 - нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.
VI. Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Оқушыларға оқыту
3. «Аққу, шортан, шаян суреттері салынған сюжет бойынша әңгімелеу.
Сұрақтар:
1 - топқа: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2 - топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3 - топқа: Мысал бізді неге шақырады?
VII. Сөздік жұмысы.
Ғибрат - үлгі, тәрбие, өнеге.
Һәм - және
Дүркін - дүркін - қайта - қайта
Машақат – әурешілік
VIІ. Сергіту жаттығуы
Ал, балалар, тұрайық,
Қане қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық.
Шаянға ұқсап, былпылдап,
Қане, айналып, қарайық.
VIІІ. Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Аққулар»
- А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?
- Бұл мысал бізді неге шақырады?
(Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру)
ІІ топ. «Шаяндар»
«Бірлік, ынтымақ» туралы білетін мақалдар жазу.
ІІІ топ. «Шортандар»
Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды
Бұл тапсырмада балалар алдын ала мысалды диалогке айналдырады.
Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген арба тауып алып, қатты қуанышқа кенеледі.
Аққу айтады: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық,
Шортан айтады:
- Мұны көлге апарайық,- дейді.
Шаян айтады:
- Жоқ онан да мұны құмға апарайық.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды
Осылайша балалардың әрқайсысы өз ойларын айтып, мысалды әр үрлі импровизация жасайды.
ІХ. Қорытынды:
- Әр топ өзінің атауына байланысты 5 жолды өлең құрайды. «Аққу», «Шортан», «Шаян».
- Не үйрендік? Не білдік?
Х. Үйге тапсырма:
Мысалды мәнерлеп оқып, түсініп келу.
Кейіпкерлердің суреттерін салып, әрқайсысына мінездеме жазу.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
946
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11