жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рухани жаңғыру - елордасы елімнің
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Мен қазақпын |
Мектеп: 62 |
||
|
Күні :12.02.19ж |
|
Мұғалімнің есімі: Тузелбекова Н.А. |
||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||
|
|
|
|||
|
||||
|
Тірек сөздер: |
ауыз әдебиеті – фольклор – folklore; ерлік – мужество – bravery. |
|||
|
Ресурстар: |
Мультимедиапроектор, «Толағай» мультфильмі, Қасымханның портреті, Е.Құдайбергеновтің орындауында «Мен қазақпын» әнінің бейнеклипі, стикерлер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, таныстырылым, «Толағай» суреті, «батыр», «ерлік», «адамгершілік», «әлсіз», «күшті», «сараң», «мейірімді» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, домбыра, жылқы, батыр, шаңырақ суреті салынған, суреттерге байланысты мақал-мәтелдер жазылған үлестірме парақшалар, қосымша тапсырмаға арналған сюжетті сурет. |
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде қазақтардың өмір салтын сипаттау |
|||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||
|
«Толағай» – халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты. Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астындақалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады.Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы-ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті. Қасым дана және көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған. |
Бұл сабақты «фольклор» ұғымын түсіндіруден бастаған дұрыс. Ол үшін Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдатуға болады. Тыңдап болғаннан кейін оқушылардан бұл ән қандай сезім оятқанын, мағынасы қандай екенін сұраңыз. Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз. Бұл ән қазақ халқының ең ауыр жылдарында пайда болғаны туралы әңгімелеңіз. Қаптаған жоңғарлар қазақтың бейбіт ауылдарына қаһарлы күшін төкті. Мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Міне, сол кезде барлығы білетін және айтатын осындай зарлы ән пайда болды. Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер, мақал-мәтелдер, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады. Толағай. Бұл тапсырманы орындау үшін «Жеті жебе» әдісін қолданыңыз. Ол үшін сабақ басталар алдында тақтаға қазақ батыры бейнеленген суретті іліңіз. Суреттің айналасына бормен жеті жебенің суретін салыңыз. Балаларға «Жеті жебе» бізге қазақ батырлары туралы әңгіме қозғауға көмектесетінін айтыңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті ұсыныңыз. Егер мүмкіндік болса, оларға Толағай батырдың ерлігі көрсетілген мультфильмнен үзінді көрсетіңіз. Оқушылар жұпта қандай қасиеттері арқылы Толағайды батыр деп атауға мүмкіндік беретінін талқылайды. Талқылағаннан кейін оқушыларға қалауы бойынша жебелерге батырдың ерекше қасиеттерін жазуды ұсыныңыз. Жауабы: Күшті, ержүрек, батыр, қайсар, елжанды, жанашыр, мейірімді. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуды ұсыныңыз. Бекіту ретінде жұмыс дәптерінде қосымша тапсырма орындауға болады. Халық даналығы. Оқушылар мақал-мәтелді оқиды және мағынасын түсіндіреді. Тапсырманың екінші сұрағына жауап беру үшін оқушылар өз өмірлік тәжірибелерін қолдануы тиіс. Олардың назарын бейбіт өмірде адамдардың игілігі үшін жасалған кез-келген игі істер ерлік болып саналатынына аударыңыз. Мысалы, қарттарға, мүгедектерге көмек, өрт сөндіру. Мен кіммін? Тақтаға Қасым ханның суретін іліңіз. Оқушыларға бір-бірден стикер таратыңыз және портретке қатысты бір сұрақтан жазуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылар айдардың мәтінін және 2-мәтінді өз бетімен оқысын. Оқушылардан оқыған материалдарда сұраққа жауап бар ма екенін сұраңыз. Егер жауап бар болса, онда оқушылар тақтаға барып, өз стикерін алсын. Егер тақтада тағы да стикерлер қалған болса, онда деректі материалды қолдана отырып, сұрақтарға жауапты өзіңіз бере аласыз. 2-3 қызықты сұрақты қалдырып, қабілеті жоғары оқушылардан үйден интернет ресурсынан жауаптар табуға тапсырма беріңіз.
Сен білесің бе? Бұл айдар мазмұнының тәрбиелік мағынасы зор, бірақ 1-сынып оқушыларының қабылдауы қиын. Сондықтан мұғалім оның мағынасын өзі ашып бергені дұрыс. Мәтінді оқудың алдында оқушыларға бейнелі түрде салыстыруды ұсыныңыз. Оларға әр халықтың ана тілі, мәдениеті – бұл оған қорек беретін және ұстап тұратын өсімдік тамыры тәрізді екенін түсіндіріңіз. Сыныптағы ең әдемі бөлме гүлін үстелге қойыңыз. Бұл гүлді суармаса, не болатынын сұраңыз. Жауабы: Гүл қурайды. Ана тілі де тура сол сияқты. Егер ана тілінде сөйлемесе, ол біртіндеп жойылып кетеді. Тіл болмаса, халық та болмайды. Орындап көр. Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топқа қазақ халқының ұлттық құндылығы көрсетілген мақал-мәтелдер мен суреттер салынған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушылардың міндеті – шағын жоба (аппликация, сурет, ермексаздан жасалған заттар) көрсету. Оқушылар өз материалдарын қолдана отырып, шетелдік қонаққа қазақ халқын таныстырады. Мынадай үлестірме парақшалар ұсынуға болады: қазақ батырының суреті салынған үлестірме парақшада «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», аттың суреті бар үлестірме парақшада «Ер қанаты – ат», мереке суреті бар үлестірме парақшада «Гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса ел мұңды», ауыл суреті бар үлестірме парақшада «Туған жердің жуасы да тәтті» және т.б. мақал-мәтелдері. Әр топ өзіне таныстыру түрін таңдайды. Сабақты Ерболат Құдайбергеновтің орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен бастап, «Жау жүрек мың бала» көркем фильмінен үзінді көрсетумен аяқтаңыз. Оқушылар әуенмен би билеуіне немесе қарапайым қозғалыстар жасауына болады. |
|||
|
Сабақтың қорытындысы |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
|||
|
|
Бұл сабақтың тірек сөздері қолданып жүрген сөздік қорға жатпайды. Оқушылар тірек сөздерді хормен қайталасын. Содан кейін тірек сөзбен бір жай сөйлем ойлап табуын сұраңыз. Қабілеті жоғары оқушылар өз сөйлемдерін орыс және ағылшын тілдеріне аудара алады. |
|||
|
|
Қосымша тапсырмалар |
|||
|
Жаратылыстану. «Сен білесің бе?» айдарының мазмұнын ашқан кезде өсімдікпен салыстыру қолданылады. Өнер. Дәптердегі «Мен қазақпын» тапсырмасы өнермен пәнаралық байланысты қамтиды. АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар интернет ресурстарынан қазақ хандығы туралы материалдар жинайды. |
Толағай
Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Қазақ халқы» тапсырмасы орындауға беріледі. |
|||
|
Бағалау |
Оқушылар –– «батыр» ұғымын және батырлардың қазақ тарихындағы рөлін; –– мақал-мәтелдер мен аңыздардың мағынасын түсінді; –– қазақ халқының тарихымен танысты. Оқушылар –– қазақ халқының рухани құндылықтарын түсінуге; –– сұрақтар қоюға; –– алған ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренді. Бағалаудың бір түрі ретінде «Орындық» тәсілін қолдансаңыз болады. Оқушы орындыққа арқасын тақтаға қаратып отырады. Тақтада оқушылар сабақ барысында алған ұғымдар мен есімдер жазылған. Мұғалім әр ұғым мен есімді (батыр, Қасым, Толағай) көрсетеді, ал бір оқушы олардың мағынасын ашады немесе кейіпкердің мінезін сипаттайды. Орындықта отырған оқушы ұғымды немесе есімді атайды. |
|||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
||||
Дүниетану Тексерілді
|
Сабақ тақырыбы: |
Қазақстанның рәміздері |
Мектеп: №62 гимназия |
||
|
Күні : 19. 02.18 |
|
Мұғалімнің есімі: Орынбаева Қ.М |
||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||
|
|
|
|||
|
||||
|
Тірек сөздер: |
ту – флаг – flag; елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem; мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol. |
|||
|
Ресурстар: |
Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, ҚР Мемлекеттік Әнұранның дыбыстық жазбасы, И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Әнұран», «Елтаңба», «Бәйтерек», «Алтын адам» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, флип-шарт, түрлі-түсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар, «Орындап көр» айдары тапсырмасына арналған ту үлгілері. |
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу 1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату |
|||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті матадан жасалған. Оның ортасында 32 сәулесі бар күн орналасқан. Күннің астында көкте шарықтаған қыран құс бейнеленген. Ағашсабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Сақтар, ғұндар, қыпшақтар туды жауынгерлік рухтың белгісі деп ерекше қастерлеген. Олар туда әскердің күші, киесі болады деп сенді. Сол себепті тудың құлауын әскердің жеңілуі деп түсінді, бүкіл әскер болып шайқастарда әскер туын қорғады. Ту алыстан айқын көрінуі үшін ашық, көк, қызыл, сары, жасыл, ақ түсті маталардан жасалынып, кейде бір туда екі-үш түс қатар қолданылды. Тудың әр түсі көшпелілердің төл мәдениеті ретінде белгілі бір ұғымды білдірді. Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ақ түс тазалықтың, әділдіктің белгісі саналады. Абылай хан көрнекті мемлекет қайраткері, үш жүздің басын біріктірген атақты хан, қолбасшы және елші ретінде танылды. |
Сабақты Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әні. Бейнебаяннан әнді тыңдап болғаннан кейін: «Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?» «Бүгінгі сабақ не туралы болады депойлайсыңдар?» – деген сұрақтар қою арқылы сабақ мақсатын ашуға жетелеу.Жауабы: Ту туралы. Суреттерге қара. Оқушыларға оқулықта берілген суреттерге назар аударып, сұрақтарға жауап алу. Оқулықтағы өз бетінше оқыту. Кел, анықтайық! Жұптық жұмыс. Берілген сұраққа жауап алу. Оқушылардың мақтаныш сезімін ояту үшін 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды марапаттау сәті бейнеленген қысқаша бейнебаянды тамашалату. «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?». Өз елінің туына құрмет көрсету – азаматтықтың көрінісі екенін айтып қорытындылау. Кел, ойланайық! Бұл айдарды «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көрумен бастауға болады. Алдымен оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа тапсырма беру. Бірінші топ фильмде қолданылған музыканы зерттейді, екінші топ қолданылған декорацияны, үшінші топ кейіпкерлер іс-әрекетін бақылайды. Үзіндіні қарап болған соң, әр топтың бір -бір оқушысынан шағын топ ұйымдастыру. Бір оқушы фильмнің музыкасын, екіншісі декорациясын, үшіншісі адамдардың әрекеттерін сипаттайды. Оқушылардың міндеті – бұл фильм мақалдың мағынасын қалай ашатынын түсіндіру. Бұл жұмыс түрі байқампаздықты дамытуға көмектеседі. Оқушыларға ерте заманда қазақ халқы үшін тудың мәні қандай болғаны, ал қазіргі кезде тудың маңыздылығы қалай өзгергені туралы қорытынды жасату. Отан қорғау әр жігіттің қасиетті борышы екені туралы тұжырым жасауға бағыттау. Оқулықтағы 2-мәтінді өз бетінше оқуға беру. Сен білесің бе? Оқушыларға Абылай ханның портретін көрсету. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқаны туралы әңгімелеу. Абылай ханның тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып, бір ту астына жұмылдыруы екенін атап өту. Оқушылардың біріне мәтінді мәнерлеп оқыту. Ақпаратты «Жеті жебе» әдісі бойынша жүйелеу. Портреттің айналасында жеті жебенің суретін жасау. Оқушылар әр жебеге тарихи тұлға Абылай ханды сипаттайтын сөздерді жазғызу. Жауабы: Батыр, ержүрек, ақылды, әділ… Орындап көр. Тапсырманы топта орындату. Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек жапсырмалар қолданып жасайды. Оқушылардың жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, тазалықты сақтауларын мұқият қадағалау. Орындалған жұмыстарды «Сөйлейтін қабырғаларға» ілу. Әр топ өзі жасаған туларын таныстырып қорғайды. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ойлан
«Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің? Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және әнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді. |
|||
|
Сабақтың қорытындысы |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
|||
|
|
«Бағдаршам» ойынын ұйымдастырыңыз. Қазақ тіліндегі сөзді жасыл түспен, орыс тіліндегі сөзді сары түспен, ағылшын тіліндегі сөзді қызыл түспен белгілеңіз. Әр топқа тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушыларға түсті дөңгелекті көрсетіңіз бір немесе белгілі бір түс (қызыл, жасыл, сары) атауын айтыңыз. Оқушылар түске сәйкес тірек сөздерді тиісті тілде атайды. |
|||
|
|
Қосымша тапсырмалар |
|||
|
Өнер. «Орындап көр» айдарында берілген тапсырманы орындайды. АКТ. Интернеттен әлемдегі түрлі мемлекеттердің туының үлгілерін жинақтайды. |
Жұмыс дәптеріндегі «Менің елімнің рәміздері» тапсырмасын орындату. |
|||
|
Бағалау |
Оқушылар: –– ҚР мемлекеттік туымен танысты; тудағы бейнелердің мағынасын; –– тудың мемлекеттік маңыздылығын білді. Оқушылар: –– бақылау жүргізуді; –– ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді; –– сұраққа жауап беруде тиісті лексиканы қолдануды; –– халқымыздың өткені мен бүгінгісін салыстыруды; –– туды құрметтеуді үйренді. Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсыну. –– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді. –– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті. –– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген. –– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді. |
|||
|
Қорытынды бағамдау | ||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген