400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғыру - табысқа бастар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыруға байланысты баяндама іздеушілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашақ» университетінің колледжі мекемесі










Баяндама






Тақырыбы: Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі

Қатысушы: Шакібек Айдана Нұрланқызы

Жетекшісі: Бердибаева Гулмарал Ганиевна






















Қызылорда,

2017-2018 оқу жылы

Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі


Қатысушы: А.Шәкібек «Болашақ» колледжі мекемесінің білім алушысы.


Жетекшісі: Г.Г.Бердибаева «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу»

мамандығының оқытушысы.


«Дүние жаһандық, өзара тәуелдiлiк сипат алды:

жаһандық әрiптестiк үстемдiк ету үшiн бұл таным

бiздiң берiк принципiмiзге айналуы тиiс,»

деген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады. Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сырты әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады.

Елбасымыздың бағдарламасы туралы айтпас бұрын руханилық деген сөзге тоқталып кеткенді жөн көрдім. Руханилық дегеніміз – адам танымы мен дүниеге көзқарасының адамаралық қарым – қатынастағы биік адамгершілік қағидасы. Руханилықтан алшақ мәдениеттер мен өркениеттер іштей құрылымдық ыдырауға ұшырайды. Осы себепті әлемде көптеген империялар бірте – бірте күйреді. Сондықтан руханилық жеке адамға да, үлкен әлеуметтік топтарға да ауадай қажет құбылыс ретінде кез келген мәдениетті жаңғырта түсетін, болашаққа жылжуына іргетас болатын ішкі мәндік заңдылықтар жиынтығы. Демек, біздің, халықтың, балалардың танымдық қабілеті мен адамаралық қарым – қатынастың нығаюы үшін, бұл бағдарламаның маңызы зор. [4]

Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы өте маңызды.

Ұлттық жаңғыру – ұлттық бірегейлікті сақтаудан басталады. Ұлттық салт – дәстүріміз, тіліміз бен дініміз, мәдениетіміз бен өркениетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгілікке сақталу керек, бірақ өркендеуге, өркендеуге, өсіп-өнуге тосқауыл болатын ескілік құрсауынан және жаһандық дамумыен қабыспайтын кереғар әдеттер мен дағдылардан толықтай арылу керек. [3]

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.   Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.   Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. [1]

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына көз жүгіртер болсақ: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.   Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын жасадым.»[1]

Елбасымыз рухани жаңғыру үшін ұлттық сананы өзгертуден бастаған дұрыс дей келе, негізгі бірнеше бағытқа тоқталған болатын. Атап айтқанда табысқа жетудің бір жолы – бәсекеге қабілеттілік. Жеке адамның ғана емес, тұтас халықтың сапалы білім, ғылым, компьютерлік сауаттылық, тіл, қызмет, материалдық өніммен аймақтық не әлемдік нарыққа табан тіресе алуы бәсекеге қабілеттіліке алып келе алады. Бәсеке бар жерде жұмыс жүреді. Жұмыс бар жерде, өнім болады. Бәсекеге сөз жүзінде емес іс жүзінде кіріссек, дамудың көшіне ілесеміз.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясының екінші томында «Бәсеке дегеніміз бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі» деп жазылған.[5] Ал, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Бәсекелілік қабілет – қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында» деп көрсетілген. [1]

Демек, осындай бәсекелестік қабілетке жету үшін, әрбір тұлға өз – өзін дамытып, жетілдіріп отыру керек. Ал балабақшадағы, және мектеп қабырғасындағы балаларды қалай дамытуға болады. Өйткені олар өз – өзін дамыта аламайды. Ол үшін балабақшаларға және мектепте жұмыс жасайтын педагогтарға міндет жүктеледі. Өйткені Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың мемлекеттік жалпыға білім беру Стандартында «балаларға үш жастан бастап орыс тілін, бес жастан бастап ағылшын тілін, құрастыру машығын екі жастан бастап үйретіп дамыту керек» делінген. Стандартта осындай талап қойылса, балабақшада дәл осылай жұмыс жасалып жатқанына сенімдімін. Ал балабақшадан алған, үйренген білімдерін мектепте, жоғарғы оқу орындарында әрі қарай дамытып жетілдіреді.

1. 2013 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Хәкім Садуақас «ЛАМАБАТЭЛ» атты мобильді аппарат ойлап тапты. Медициналық құрылғы диагностика мен терапияда төрт түрлі қызмет атқарады: лазеротерапия, магнитотерапия, биологиялық белсенді нүктелерді табу мен электромассаж. Құрылғы электр қуатымен де, аккумулятормен де, қарапайым батареямен де жұмыс істейді. 2. Айды зерттеуге арналған зертхана 2013 жылы Қостанай облысы Новотроицк ауылының кішкентай тұрғыны Олег Лило "Ай" атты зертхана жасады. Сегіз жасар ғалымның айтуынша, Айдың бетіндегі жағдайды анық көруге болады. Құрылғының камерасы, лазері бар. Олегтің жаңалығы Астанада өткен ғылыми-техникалық форумда "Аэроғарыштық техника, авиация және ғарыш ісі" номинациясы бойынша бірінші орын алды. 3. Ақылды" киіз үй Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Қазбек Тоқтаров өзінің еңбегін ЭКСПО-2017 көрмесіне шығарады. "Ақылды" киіз үй күн батареясымен жұмыс істейді.[2] 
Бұдан шығар қорытынды, біздің елде бәсекеге қабілетті жас ұрпақ өсіп келе жатыр деп айта аламын.


Табысқа жетудің негізгі бір жолы – білімнің салтанат құруы. Адамды да, қоғамды да алға жетелейтін құдіретті күш – білім. Ахмет Игүнкидің «Бақыт жолы – білімде» деген қанатты сөзі күн сайын емес, сәт сайын дәлелін тауып келеді. Білімді бірінші орынға қоятын ел көштің басынан көріне алады. [3]

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет.   Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп жазылған.[1] Ал білімділік, білімді болу аспаннан жаңбырша жауып, өзінен өзі келетін дүние емес екендігі баршамызға белгілі. Білімділік зерттеу жүргізу, іздену арқылы келеді. Зерттеу мен іздену жұмыстары туған өлкесінің тарихын зерттеп білуден басталу керек деп ойлаймын. Тарихты білмей болшақты бағдарлау, алға жылжу мүмкін емес. Сол себептен, бұл бағдарлама кәсіби тарихшылар мен гуманитарлық сала мамандарының зор рухани сілкінісін туғызды. Мысалы, тарихшылардың «Қоғамдық сананы жаңғырту және тарих ғылымындағы жаңа міндеттер» тақырыбында өткен ІV конгресінде ғалымдардың, өлкетанушылардың әлеуетін пайдалану арқылы барлық елді мекеннің тарихын жазу, сонымен қатар көрсетілген жерлердің тұрғындарының дәстүрлі мәдениетіне қатысты бар топономикасын, фольклорын, шежіресін қоса қамту қажеттігі айтылды. Ал білім беру саласындағылар Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихының деректерін жинақтап, күнделікті сабақта, тәрбиелік шараларда пайдалану мәселесін қолға алды. Осылайша тәуелсіз еліміздің болашағы кейінгі жас жеткіншектердің туған елге, жерге деген перзенттік сезімдерін қалыптастыру, ел тарихындағы ұмытылмас тарихи оқиғаларды терең біліп өткені мен бүгінгісін байланыстыра отырып, өзінің саналы көзқарасын, үлесін қоса білуіне дағдыландыру көзделеді. Бұл орайда барлық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында өлкетану курсын енгізу және осы курс бойынша тиісті оқулық пен оқу құралдарын даярлау, жергілікті тұрғындардың тарихын, мәдениетін, этнографиясын және фольклорын зерттеу мақсатында жоғары оқу орындар базасында жазғы уақытта тұрақты тарихи-этнологиялық және фольклорлық экспедициялар ұйымдастыру қолға алынды.

Елбасы ұсынған «Туған жер» жобасы шеңберінде республика бойынша 2018-2019 оқу жылынан бастап әр аймақтың ерекшеліктеріне негізделген «Өлкетану» курсы оқытылатын болады.[7]

«Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылған 21 жылдың ішінде Қазақстанға 7 737 түлек оқуын аяқтап келіп, қазіргі таңда жұмыс істеуде», - деді Ғ.Нығметов. Бұл бағдарламасы аясында үш мыңнан астам инженер, 600-ден астам біліктілігі жоғары дәрігер, 330 мемлекеттік қызметші, 80 ғалым, 1 500-ден астам отандық ЖОО-лар мен ғылыми орталықтардың оқытушылары, 200 мектеп ұстазы, 150 шығармашылық сала қызметкері, 2 мыңға жуық мемлекеттік және жеке компаниялардың менеджерлері дайындалды», - деді ол.[6]

Бұл мәліметтерге қарай отырып, біздің елдің білімділік деңгейі де, көк жүзіне қанат қағып, өзінің білімділігін дәлелдеп салтанат құруда деп айтуға болады.



Сөзімді қорытындылай келе, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.[8]

Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып, ұлттық тәрбиеге жаңашыл мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүние – танымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет.[3]

Заманға сай жаңғыру үшін осы бағыттарды жетік түсініп, ең алдымен санамызды өзгертуден бастауымыз керек. Үреншікті жаман әдеттерден арылып, уақыттың талабына сай бейімделуіміз керек.[3]

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.

Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.[9] 

Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!

















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://www.inform.kz/kz/elbasy-makalasy-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru_a3016293

  2. https://egemen.kz/article/kazakstannyn-zhas-onertapkyshtary-ashkan-zhanalyktar

  3. «Егемен Қазақстан» газеті «Рухани жаңғыру мәңгілік Ел болудың кепілі», 2018 жыл 11 қаңтар 5-бет.

  4. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы «Руханилық», 499 бет.

  5. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы «Бәсекелестік», 2 том.

  6. http://www.inform.kz/kz/bolashak-bagdarlamasymen-bilim-algan-700-den-astam-kazakstandyk-elge-oralyp-enbek-etude_a2751394

  7. «Егемен Қазақстан» газеті «Туған өлкенің тарихын білу – ұрпақ парызы», 2018 жыл

17 қаңтар.

  1. www.qazaquni.kz/2017/11/12/72175.html

  2. http://bilim-all.kz/article/5958

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі