400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
іс-тәжірибеалмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:« Тақырыбы:«Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларға елбасымыздың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру » мақаласының аясындатуған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

2.Болашаққа деген сенімі, ой-өріснін дамыту.

3.Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ,

флипчарт, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Гимн орындалады

Психологиялық дайындық:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.

II.Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.

1. Біздің еліміз қалай аталады? Қазақстан

2. Рәміздеріміздің бірі Ту

3. Орман неден құралады? А ғаш

4. Бал жинайтын жәндік? Ара

5. Пайдалы қазба Мұнай

6. Қамбар ата төлі Жылқы

7. Рәміздердің бірі. Елтаңба

8. Астанадағы Қазақстан символы? Бәйтерек

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті оқушылар сендерді бүгінгі 1-қыркүйек Білім күнімен құттықтаймын!

Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Рухани жаңғыру –

туған жер тұтастығы мен ел болашағы» деп аталады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендерде туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қоса аласыңдар.

Туған жер туралы видеофильм көрсетіледі

Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз.Осының барлығын ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен.Ал қазір атасы мен немересінің әңгімесін тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады екен?

Әңгіме «Туған жер»

(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі:Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Ата, «Өткен өмір» деген не?

Атасы: Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы:Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін

Болмаса да оқыған тарихшы атым

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Есімі еш адамның өшпейді екен,

Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын

Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.

Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.

Немересі: Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?

Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам

Мұғалім:Әңгіме не жайлы болды?

Сенің туған жерің қалай аталады?

Ендеше, Қазақстанныің кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші.Қазақстан кеше,бүгін,ертең …Кеше (өткен тарихқа шолу)

Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді. Шолу жасап өтейін.Жоңғар шапқыншылығы ;

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;

1928-1932 жылдардағы аштық;

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы;

1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.

Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды. Қанша лықты биіктеп, өркендесек тебіз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз

Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)

Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан.

Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық

Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.

Балалар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білімге қатысты көптеген жаңашылдықтың жүзеге асып жатқанын білеміз. Соның бірі – үштілділік. Болашақта латын әріпіне көшетініміз де үлкен бастама болмақ.

Туған жер туалы мақал-мәтел айту.

Шығармашылық жұмыс:

«Синквейн» әдісін қолданып Туған жер тақырыбына өлең құрастыру.

Мұғалім:Енді сендердің Туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді

тексеріп көргім келіп тұр.

«Ыстық орындық»әдісін қолдану.

1.Еліміздің Ордасы қай қала?

2. Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды?

(30 тамыз 1995ж)

3.Ұлттық валюта.

4. Tәуелсіздігімізді қай жылы алдық? ( 16 желтоқсан 1991 жыл.)

5.Мемлекеттік рәміздерді ата

6. Қазақтың үш биі кімдер?

7. Тудың авторын атаңыз.

(Шәкен Ниязбеков)

8. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

9. ЭКСПО көрмесі не жайлы болды?

10.Елтаңбаның авторы кім?

(Шота Уәлиханов, жандарбек Мәлібеков)

11. Тұңғыш Президент күні қашан?

12. Қазақстанның көршілес елдерін ата.

Хор«Жаса, Қазақстан!»

Қорытынды

Құрметті оқушылар!

Біз бүгін «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты ашық тәрбие сағатын өттік.

Тәрбие сағаты барысында біз өлкеміз туралы көптеген мәліметтер алдық, біраз нәрсе білдік.

- Айналайын!

Атамекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой,

Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз, атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан қастерлейік, сүйейік, болашағына үлес қосайық.

Рефлекция

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі