Рухани жаңғыру - ұлт болашағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру - ұлт болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру - адам баласының ішкі әлемінің жаңғыруы, сана сезімі жаңа өзгерістерді қабылдай білуі . Ең басты мәселе сананы ояту, рухани жаңғыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру – ұлт болашағы .

Әр адам өз болашағын ойлауды, өз болашағына жоспар құрады , алға ұмтылады. Биік арман – биік мақсатқа жетелейді.Бұл бір ғана адамның ойы, болашағы, бағдары. Ал ел болашағы, халық арманы, биік мақсаты не болмақ? Оны кім ойлайды, кім бағдар береді, мақсаты қандай болмақ?

Иә, елім деп өткен ерлердің, халқым деп қабырғасы қайысқан ел жанашырлардың ел ішінен табылатыны әрине көңіл қуантады.

Ел демекші біз қазақ халқы қалай ел болдық? Қазақ мемлекеті болып қалай қалыптастық? Көк туымыз көкте желбіреп «Тәуелсіз Қазақстан» деген елге қалай айналдық? Бұл сұрақтың жауабын әлде – қашан тарих қойнауында алтын әріптермен жазып, өзіне лайықты бағасын да алғалы қашан.Бірақ мұндай бақытқа, мұндай ғажапқа қол жеткізу қиял ертегідегідей қолға қона салған бақыт құсы емес, әрине .Бұл бір елге өзінің парасат- пайымымен, даналық ақылымен сындарлы саясатымен, отанға шексіз сүйіспеншілігімен жанашырлық жанаты келе жатқан кеменгер тұлға – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жемісі, әрі жеңісі деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда әлемнің үлкенді кішілі елдері Қазақстанды мемлекеттігі бар, өзгелермен терезесі тең ел ретінде мойындайды. Мемлекет басшысы тәуелсіздік таңына қадам іліктіргелі ел болашағына, тұрақтылығына , жаңғыруына қатысты келелі істер мен бастамаларды кезең – кезеңімен ұсынып, жемісті жүзеге асырып келеді.

Қазір бүкіл қоғам болып қолға алып , әр салада іргелі істер атқарып жатқан « Болашаққа бағдар рухани жаңғыру » бағдарламасы елдің санасына серпіліс берген бастама болды. Рухани жаңғыру - адам баласының ішкі әлемінің жаңғыруы, сана сезімі жаңа өзгерістерді қабылдай білуі . Ең басты мәселе сананы ояту, рухани жаңғыру.

Елбасымыздың мақаласында «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан» «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа оқулық» , « Қазақ графиксын латын әліпбиіне көшіру», және « 100 жаңа есім » деп аталатын жаңа жобаларды жүзеге асыру қолға алынды.

Туған жер,Туған ел бағдарламасында Н.Ә.Назарбаев Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы бағдарламаның мәні неде?

Бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді Экономияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді деген болатын.

Бүгінгі таңда туған өлкемнің күннен- күнге көркейуі , гүлденіп, абаттануы осы рухани жаіңырудың жемісі. Ауылдық елді мекендерде тұратын халқымыздың тұрмыс тіршілігі жылдан – жылға жақсарып, таза ауыз судың халыққа толық жетуі көшелерге , асфальтті жолдардың төселіп , жөнделуі туған жерге деген сүйіспеншіліктің , халыққа деген құрметтің белгісі.

Өз ойымды қортындылай келе , біздің мақсатымыз бен міндетіміз әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосылуы, яғни осы мақсаттарға жету үшін ой – санамыздың атқаруға тиіс ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Өз бағдарламасында Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан ұлы мемлекетке айналуы үшін бізге күш қуатты , қажыр – қайратты, мол ақылды да, ойлы дарынды жастар керек» дегендей осы ұстап отырған саясатты көңілге қонымды, әрі пайдасы көп өте тиімді. Қорыта айтқанда, биік – биік заңғар шыңдарды бағындырам деген үміттемін және үміттенем де .

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2020
438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі