400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғыру – ел болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек, жаңа бағдарлама жайлы мәлімет беру, дөңгелек үстелде қозғалған мәселелер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру – ел болашағы.

Дөңгілағаш негізгі мектебінің ұстаздары қаңтардың 11 жұлдызында дөңгелек үстел ұйымдастыра отырып, елбасымыздың 2018 жылғы 10 қаңтар күнгі жолдауын талқылады. Басты назарда болған мәселелер өте көп болды. Бірақ соның ішінде, білім саласына қатысты ой-пікірлерді талқыға салдық. Елбасымыз өз жолдауында айтқандай жаңартылған білім бағдарламасы аясында арнайы курс өткен ұстаздарға, олардың еңбек өтілі, санатына байланысты жалақыларын жоғарлату, жоспарлағаны біздің мектептің ұстаздарын бір қуантып тастады. Осы қаулы барлық ұстаздарды өз білімдерін жоғарлатуға, жаңа әдіс-тәсілдерді игеріп, оқушыларға сапалы білім беруге әсер ететіні сөзсіз. Осы тұрғыда, оқу бағдарламасын арнайы оқып, курстарға барып, өз білімін жетілдіріп келген, ұстаздарымыз да баршылық. Атай кететін болсақ, бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибесі мол ұстаз Жакупова С.Т, тәрбие ісінің меңгерушісі Калиева Г.Т, математика пәнінің мұғалімі Каирбекова Қ.Б, оқу ісінің меңгерушісі Жахина А.Б. Осындай білікті ұстаздардың арқасында біз жаңартылған білім бағдарламасы бойынша көптеген тың ақпараттар алдық. Алдағы уақытта да, арнайы курсқа жас мамандарды жіберу жоспарымызда бар. Орта білім саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды. Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде біздің 1,2,5,7 сыныптар аралығында оқушылар білім алып жатыр. Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының да мәні зор. Осыған байланысты біздің мектебімізде «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында көптеген жұмыстар атқарылуда. Әр сынып жетекшісінде «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел» тақырыптарында сынып папкасы, буклет жасалған. Мектебімізде «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел» атты стенді ілулі тұр. «Мәңгілік ел» жобасы бойынша тәрбие сағаты, сынып сағаты және т.б іс- шаралар жүргізіліп тұрады.



Дайындаған:

Дөңгілағаш негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қуаныш М.Қ


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.10.2020
423
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі