Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғыру – өмір талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Рухани жаңғыру – өмір талабы" атты баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру – өмір талабы

(Баяндама)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әрбір Жолдауы елімізді өркендетуге, мәдениетімізді гүлдендіруге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы, әлеуметтік саланы дамыту қазіргі кезде қарыштап дамуда.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы Ұлы даланы жайлаған елдің ертеңі мен ұлттың болашағы туралы бағыты мен бағдары өзгеше, өрісі кең, тынысы ашық, ұстанымы берік, күре-тамыр - бағдарлама- мемлекетіміздің дамуына, еліміздің уақыт, замана талаптарына сай өркендеуіне ықпал етер іргелі құжат болып табылады.

Құжатта жаңа дәуір сұранысы мен талаптарына сай өмір сүрудің, болмысы мен бітімін сақтаудың, сондай-ақ осы кезеңде алдан шығар күрделі рухани қиындықтар мен іргелі саяси, экономикалық проблемаларды шешудің жолдары нақтыланып, сараланған. Қазақстан жаңғырудың үшінші кезеңінің алтын арқауы – рухани жаңғыру деген қоғам дамуының жаңа тұрпатты тұжырымдамасы өмірге келді.

Айтулы тұжырымдамада нақты өмір, қоғам, заман ұсынар «тар жол, тайғақ кешуден» өту мен жаһандану кезеңіндегі ақыл мен ойға, айла мен әдіске құрық салдыра бермес, әлемдік аласапыран дүмпулерді ырықтандырудың, алдын алудың, ұлт ретінде жойылып кетпеудің қамын қарастыруға, жаңа ғасыр аламанының алдынан көрінер ойлы, парасатты, күрескер ұрпақ тәрбиелеуге бағыт сілтейді.

Ел Президенті: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тілімізбен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, М.Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні- бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын: Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды; екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпалығынан бас тарту керек!». Елбасы шегелеп айтты. Керең естіп, соқыр көретіндей етіп айтты!

«Ұлттық рухани код» -ол сан ғасырлық тарихи тамырларымыз, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан атамұра өнеріміз, өзге елден ерекшелеп тұратын дәстүр – салтымыз, әдет-ғұрпымыз, тілдік ерекшелігіміз, діни ұстанымымыз, білім-ғылымымыз, қоршаған ортамыз, қыл аяғы ошағымыз, отымыздың басы!..

Елбасы жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау екенін баса айтып, онсыз жаңғыру дегеніңіз – құр жаңғырық дегені орынды. Мақалада айтылған ойлардың тереңдігінен Елба­сы­ның тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын байқау қиын емес. 

Қазіргі кезде елімідің барлық аймақтарының келбеті Елбасының сындарлы саясатының арқасында адам танымастай өзгеріп, күн сайын құлпырып, сәт-сайын өзгеруде. Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын. Расында, халқымыз небір алапат заманда көп қиындық көрді. Араб жазуынан латынға, латыннан кириллицаға көшіп, жүре тұра халқымыз білімге ұмтылысының арқасында ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қа­лып­тастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солымызды әбден танып, өткеннің кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп, нақты шешім жасайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі- кітап»,-деп атап өткен болатын. Ол өз елінің тарихын мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру үшін жастарды кітап оқуға үндеуді күн тәртібіне қойды.Оның бірден – бір себебі жастарымыздың көркем әдебиетке деген қызығушылығы азайды, әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді.

Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қойған Елбасымыз «100 кітап» жобасын ұсынды. Жобаның мақсаты-оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу болатын. Санамыздағы «кітап неге оқылмайды»,- деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу барысында Елбасымыз қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын тапты. Менің ойымша, осы «100 кітап» жобасы балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады. Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары.

Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында бұдан өзге де бірқатар мәселелер айтылды. Еліміздің ана тілі, тарихы, ұлттық дәстүрі мен құндылықтары, ұлттың жадына қатысты айтылған салиқалы пікірлер көптен бері жұртты алаңдатып келген дүниелер болатын. Енді сол мәселелердің Елбасы сөзімен айтылғаны – ұлт үшін құнды жауһарларымыздың ресми түрде мемлекеттік деңгейде қорғалатынының белгісі іспеттес. 
Елбасының бұл мақаласында ұлтын сүйген ұлдың жүрек лүпілі сезіледі. Оның тарихына, тіліне, діліне, мыңдаған жыл бойы қалыптасқан салт-дәстүріне деген шын махаббаты көрінеді. Ендігі кезекте осынау мақала – тек мақала емес, біз көптен күткен мәдени саладағы үлкен мемлекеттік бағдарламаны қалыптастырса деймін. Сол бағдарлама арқылы мәдени-идеологиялық, рухани жаң­ғыруымызды баянды етсек дегім келеді.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12