400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру- тұтас бір халықтың мәдени және рухани дамудың үндестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру- тұтас бір халықтың мәдени және рухани дамудың үндестігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру- тұтас бір халықтың мәдени және рухани дамудың үндестігі


Тәуелсіздіктің дәмін сезініп, еркіндіктін кілтін қолымызға ұстағалы біраз жылдың соңы болды. Иә, ата-бабамыз қан мен терін төгіп ұрпағына қалдырған қазақ халқының тарихи мекені, ата қонысы нендей қиыншылықты басынан өткерді. Асу белдерден озып шығып, мемлекет атанған қазақ халқының ел билеушісі, көш бастаушысын сайлауда ұтылмағанын тарих беттерінен анық байқауға болады. Сонау Жәнібек пен Керей, Абылай, Тәуке хандарымыздың ізбасары, елім –жерім деген біртуар тұлға елбасымыз –Н.Ә.Назарбаев ата түркі тарихымызды, мәдениетіміз бен рухани құндылығымызды «ұлттық кодымызды» жаһандық дамыған заманда жоғалтып алмай тарихы мол ел атануды халқына жолдаған әр жолдауында өзекті мәселенің бірі ретінде көтереді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңіне арналған тарихи маңызды ерекше бағдарламалық еңбек. Еңбектің ең басты құндылығы еліміздің экономикалық, әлеуметтік жаңа жаңғыру кезеңімен тікелей байланыстырылып рухани жаңғыру мәселесін жан-жақты қарастыруда. Сонау тарихы мол жылдардың құндылығын алып заманауи, жаңа дәуір сұранысымен байланыстыра өрбітетін тұтас бағалы еңбек.

Қоғамдағы әрбір жаңғыру міндетті түрде белгілі бір дәстүр мен алғышарттарды қажет етеді. Бұл адамзат дамуының жалпы диалектикасы. Әсіресе, адамзаттық даму үрдісі тез өзгеріп жатқан кезде алдыға қоцған мақсат мен міндет, алғышарттарды жүйелеп алу әр мемелекеттің қоғамы үшін маңызды. Көшбасшы ескінің өзектісін алып, жаңашылдықтың ұл мүддесі үшін қажетті тұсын игілікпен сабақ алуды ұсынады. Елбасы: «Әлемде бағыты бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталады» дейді, сондықтан қоғамдық сананы жаңғыртудың моделін құрудың себептерін айтып өтеді. Батыстық мәдениетті қолдайтын елдердің қатары көп деп те айту, асырашылдық шығар, олардың бір осал тұсы өздеріне тән қалыбы мен тәжіріибесін барлық әлемге мойындатуында. Бірақ, әр елдің өзіндік даму жолы бар, осыны мықтап ескерген біздің басшы «ұлттық код» ұғымын көтерді.

Қазақ халқының мәдениеті мен өнері сан халықты таң қалдарар мұраға бай. Ұлттық дәстүрді қайта жаңғырту арқылы отансүйгіштік қасиеті жоғары, әрі әлемдік бәсекеге қабілетті қазақ ұрпағын тәрбиелеуді көздейді. «Қазақ хандығының-550жылдығы», Кеңес үкіметі кезінде жазсықсын ұлтшыл атанған біраз халық ағартушыларының ақталуы, «алашордалықтардың100жылдығы» т.б. басқа халық көңілін қуантатын, халық санасының жаңғыруына оң ықпалын бермек.

Елбасы рухани жаңғырудың дәстүрлі алғы шарттарымен бірге қоғамдық сананы жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтеді. Олар:

Shape2

Қазіргі таңдағы жаһандық талаптар мемлекет жаңғыру үшін бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бұл мәселе мақалада екі бағытта қаралады. Біріншісі-материалдық өнімнің сапалылығы болса, екіншісі- білім алудағы, қызмет атқарудағы, зияткерлік өнім сапалылығы. Халық даналығында айтқандай: «Білікті емес, білімді жеңер» дегендей, білімі мықты ел азаматы жаһандық заманауи талаптарды жылдам меңгеріп, бәскеге қабілетті тұлға бола алады. Осы негізе барша қазақстандықтардың сауатты, мәдениетті, жан-жақты, әлемдік өзгеріс пен тойтарысқа бой ұсына алаты, жігері әрі қайсарлы, салауатты өмір салтын ұстанатын халық атау үшін түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруды ұсынды. Олар:

  • «Цифлы Қазақстан»

  • Үш тілді білім беру

  • Мәдени және конфессия аралық келісім

  • Робототехника

  • Ғылым саласын өрбіту т.б.

«Мәдениет», «Білім» деген атауларды халық жолдауында жиі қозғайтындығы өте орынды. Себебі, халықты ел етіп жер әлемге танытатын оның ұлттық рухының өзегі ретінде дәстүр, тіл, музыка, әдебиет, жоралығлар және олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз болып есептеледі. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қазағымызда бар қасиет» ,-дейді көшбасшы[3.35б]. Интелектуалдылық тұрғысынан қазақ халқы өте жоғары, сонау кеңес үкіметі дәуірінде қазақ жастарының білімге деген ынта-жігері ерекше байқалған, тек өз ана тілінде және басқа елдерде білім алуға шектеу қойылды. Ал тәселсіздік жалауы осы олқылықтарды біртіндеп жойып, өз ана тілімізде сусындап білім алатын және өзге ел мәдениеті мен әдебиетін тануға халықтың әл-аухатын көтеу үшін тәжірибе аламасын, білімін жетілдіруге арналған «Болашақ» бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама барысында көптеген ел жастары шет елден білім алып, елге оралып қызмет етуде. Ел экономикасы мен мәдениетінің деңгейін өсіріп, Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуде.

Ел экономикасын арттыруда кәсіптік сипаттың өзгеретіндігін ашық айтып, ендігі мамандық иелерінің қандай саланы таңдауы қажеттігін, қандай мамандықтар сұранысқа ие болатындығын ашық айтып, заманға сай кәсіптерді жақсы игеруді де ұсынды.

Мәдени және әлеуметтік жаңғыруымызда өзекті әрі көкейкесті мәселенің бірі болып –латын харпіне көшу болды. Қай әліпби болмасын сол халықтың мәдени болмысын аңғартатын айғақтардың бірі.Себебі мәдени мұра, мәдени жәдігерлер әліпбиде сақталады, әліпби арқылы келесі ұрпаққа жетеді. Әр мемелекеттің әліпбиінің өзіндік міндеті мен миссиясы бар. Осыдан келіп: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты»,- деп, латын әліпбиінің қазақ халқының жаңа кезеңдегі ең қажетті сұранысы екендігін атап өтті [4.56-б. ].

Латын әліпбиіне көшу біздің ел тарихына үлкен маңызға ие. Біз кирилл әліпбиіне саяси себептермен келдік, енді сол әліпбиден бас тартып, өз тарихымыздың кілті болған латын харпіне көшу мүмкіндігі туды. Сонымен қатар, латын әліпбиінде түркі тілдес 60% астам халық сөйлейді, жазады. Кеңес үкіметінен бөлініп шыққан жылдары біраз түркі тілдес халықтар латын харпін бірден қабылдады, ал біздің елде ол мәселе 2001 жылы көтеріліп мыне алдымыздағы жылда толық әліпби бекітіліп қолданысқа берілетіндігі айтылуда. Адам баласының жануардан айырмашылығы санасы мен ақылында демекші, саналы түрде ойланып, қабылдап, меңгеруге тырысу біздің, барлық қазақстандықтардың Отан алдындағы міндеттерінің бірі деп есептеймін.

Жаңа әліпбиді үйренуде қиындықтар туындайды, бірақ олар уақытша ғана қиындық. Алдымен көз бен қолымыз жаңа әліпбиге үйрену үшін белгілі бір уақыт қажет. Ол уақытты да елбасы бағдарламасында көрсетіп кетті. Сонау бүгінгіден қиын шақта сауатсыз болмаған халқымыз бүгінгі білім мен ғылым, ақпараттық технологиясы дамыған дәуірде сауатсыз болмақ емес. Жаңа технологиялар мен медицина, ғылым тілі барша латын тілімен жазылғандығы айдан анық. Сондықтан өз елімізде, шет елде білім алатын қандастарымызға да жеңіл әрі тиімді болмақ.

Өзім Қазақстан азаматшасы ретінде осы игі бастамаларды қолдап, жүзеге асуына септігін тигізуге ат салысамын. Қызмет ететін жұмыс орнымда «Латын тілі- мәдени мұрамыздың жарығы мен әлемдік мәдениет байланысының кілті» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырдым. Ата-аналармен «Латын тіліне көшуді қолдайсыз ба?» ашық сұқпат ұйымдастырылып, мақалалар жазылды.

Уақыт өткен сайын ел-елдің, жер-жердің қатнасы қарқындай беретіндігін мықтап ескеріп, әлемдік даму үрдісінен өз халқымызға тән ұлттық рухани құндылығымызды жоғалтпай кеш қалмауды естен шығармағанымыз дұрыс.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан, 12 сәуір 2017 ж.

  2.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы / 14 желтоқсан 2012 ж.  http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs

  3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы. 2004 ж. – 238 б.

  4. Латын әліпбиі: рухани тәуелсіздік жолы / Қазақ үні, 11 сәуір 2017 ж. – 7 б. 



Рухани жаңғыру- тұтас бір халықтың мәдени және рухани дамудың үндестігі


Аннотация


Мақалада ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігін және рухани, мәдени даму мен латын әліпбиіне көшуді қолдау секілді мазмұнды құрайды.


В статье раскрывается тема принятие латиницу, развите культуры котрое написано в стаье «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» президента РК Н.Ә.Назарбаева.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі