400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен үш жыл бұрын Қазақстан халқына жолтартқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазіргі қоғамға оң серпіліс алып келді. Аталмыш үш жылдың ішінде атқарылған істер легі көл-көсір. Кейбірінің нәтижесі өз жемісін берсе, енді кейбірінің нәтижесі алдыңғы жылдардың еншісінде. Олай деуіміздің басты себебі: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының сан ғасырлық тарихтың қойнауында жатқан қастерлі құндылықтарымыздың қазіргі қоғаммен біте қайнасып, тасада қалмасы үшін жүйелі жоспарларға жол сілтер шамшырақ бола білуінде. Жаһандану үдерісі жұтып жібермесі үшін дәл осындай бастамалардың қажет екендігі даусыз. Тек рухани жаңғыру шеңберінде қалмай, онымен сабақтастық мазмұнда өрбіген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы негізінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде атқарылған істер легі көңіл қуантады. Мәселен, «Жомарт жүрек» аясында бой көтерген «Баласағұн» музейі университетің әлеуметтік әлеуетін көтеріп қана қоймай, студенттердің мәдени биігін қалыптастыруда өзіндік септігін тигізді. Ол «Рухани жаңғыру», «Абайтану» кабинеттері арқылы жалғасын тапса, мемлекет пен қоғамның дамуы, ұлттық бірегейлікті сақтау, тұлғалық даму бағыттары бойынша жүзеге асқан «KIDS university» балалар университеті, «ІЗГІЛІК»  орталығы, республикалық «SUPER SMART STUDENT» зиятакерлік байқауы, рухани жаңғыру бағыттарының тақырыптарына негізделген республикалық пікірсайыс турнирлері, студенттердің таным көкжиегін арттыруға негізделген «Өлкетану» жобасы діттеген мұратқа лезде қолжеткізудің дәнекері болды.

«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызды өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» - деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі дәл осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей, біздің жаңа дәуірде де ұлттық болмысымызды сақтап қалу үшін мықты болуымыз керек, ол әрине – бәсекеге қабілеттілік. Ал қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілеттілік ең әуелі білімінің күшімен сыналады. Сол білімнің биігіне жету үшін тұлғалық даму, халқыңа деген сүйіспеншілік сатылары да өз ерекшеліктерімен дараланады. Сол себептен де біздің оқу орнымызда жүзеге асқан, рухани жаңғыру мақсаттарына сәйкес бастау алған істердің мазмұны ерек деп есептеймін.

Әлия Ерланқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.10.2023
242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі