Материалдар / «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы туралы жас оқырмандарымызға мәлімет ұсынамыз. Ұлттық құндылықтарымыз жайында сөз етеміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2022
120
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы

Әр қоғам дамуы белгілі бір бағыт-бағдармен жүзеге асады. Бұл заңдар жинағы, ережелер тізімі, я болмаса, реформалар арқылы көрініс табуы мүмкін. Қазақ халқы қанша тарихи кезеңдерді бастан кешірсе де, өз ұлттық құндылықтарын жоғалтқан емес. Соның нақты дәлелі ретінде отыз жыл көлеміндегі елбасымыздың жүргізген саясаты нәтижесіндегі еліміздің шекаралас алпауыт мемлекеттермен сенімді дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуы әрі халқымыздың бейбіт күнде өмір сүруі деп білемін. Алдыңғы буын өкілдері мен жас ұрпақ Қазақстанның ғана емес, қазақ тілінің де әлемдік аренада нақ әрі нық орнын алуға өз еңбектерін атқаруда. Олардың қатарында өнер қайраткерлері, спорт шеберлері, жас ғалымдар, үздік майталмандар және т.б.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқының мемлекеттілігі мен ұлттық бірегейлігін нығайтуға ерекше мән беріледі. Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өз мәдениетін, ұлттық кодты сақтау жаңғырту шарттарының бірі ретінде қарастырылады. Тарихи жады мен дәстур модернизацияның сабақтастығы – ұлт дамуы деп есептеймін. Бұл ретте, елбасымыз да тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың алты негізгі бағы­тын атап өтті. Қысқаша тоқтала кетейік.

1. Бәсекелік қабілет. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,- деп атап көрсетеді Елбасы. Бұл қазіргі кезеңде әрбір білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстардан көрініс табуда.

2. Прагматизм. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді. Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе әр адамның бойында өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне, дініне деген құрмет сезімін тереңдетуді көздейді. Мән беретін екі нәрсе атап көрсетілген. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Ескінің сарқыншағы болған, қазіргі заман талаптарына үйлеспейтін кейбір дәстүр, салт-жоралғының қажетсіздігін түсіну.

4. Білімнің салтанат құруы. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Біз тәрбие үдерісінде кәсіптік бағдар беру ісін түбегейлі жаңа мазмұнда жүргізуіміз керек. Жаңа мамандықтар туралы жас ұрпаққа мағлұмат беріп, заманауи технологияларды меңгеруіне күш салуымыз керек. «Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді». Мақалада бұрынғыдай бір кәсіптің айналасында білім алып, еңбек ету ғана емес, икеміне қарай бірнеше кәсіби білімі болуы, қабілетін дамытуы өмір талабы екендігі айтылады.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктер берді. Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді. Тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.

6. Сананың ашықтығы. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Біздің алдымызда таяу жылдарда атқарылатын үш міндет бар. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Бұл іс барлық білім беру ұйымдарында қарқынды қолға алынып жатыр. Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылуда. Үшіншіден, «Туған жер» бағдарламасы барлық білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұнын құрайтын бағыт ретінде жан-жақты ізденіспен жүргізілуде.

«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.» Президенттің бағдарламалық мақаласы – бұл рухы жетілген ұлттың өз бірлігін одан сайын нығайтып, оны материалды деректі түрінде іске асыра алу мақсатында зерттеу және ұйымдастырушылық тәжірибелік жұмыстарды бірдей бастауға мүмкіндік беретін қуатты ресурс болып табылады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!