«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын
көрсеткен тарихи құжатқа айналды. Сана сезімі биік, дүниетанымы мол,
парасаттың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің құндылығын түсінген адамға бұл
мақалада ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер бағыт жолы айқындалған.
Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының мақсаты:
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсатына сүйене отыра мектептің тәрбие мақсатына айналдырдық - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру ғұрпы болып табылады.
Міндеттері:
Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау;
Оқыту мен тәрбие үрдісін үйлестіре отырып, рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру.
Өзектілігі: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының іске асырылуы білім беру саласының оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту және «Мәңгілік ел» идеясының ұлттық құндылықтарын жеке тұлғаның бойына қалыптастыру қазіргі таңда тәрбие жұмысының ең өзекті мәселесі болып табылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 4 жоба, 16 негізгі бағыт және 6 арнайы жобадан құрылған. Олар: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «жаңа әлемдегі Қазақстанның мәдениеті», «100 жаңа кітап», «100 жаңа есім» және «қазақ әліпбиенің латын қарпіне көшірілуі».
«Тәрбие және білім» бағдарламасы 4 бағыттан тұрады.
1.Өлкетану;
2.Отаным-тағдырым;
3.Саналы Азамат
4.Кітап-білім бұлағы
ХХІ ғасырдағы жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін алдыменен оқушының ұлттық санасын ояту керек, патриоттық сезімін қалыптастыру керек. Патриотизм бұл өскен ауылыңа, қалаң мен өңірің, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында
«Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік
идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру
үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау
даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке
тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай,
адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық
тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы
анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды
тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік
көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып
саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан,
тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің
отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ,
әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді.
Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесіндегі негізгі бағыттар:
Рухани-адамгершілік. Осы бағыттағы жұмыс жеке тұлға бойында
өзіндік сананы дамыту, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын қалыптастыру және
рухани – адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін ұштастыруға
жүйеленіп іске асырылуда.
Тарихи-өлкетану. Тәрбие процесінде өткенге қатысты сезімтал
тәжірибенің деңгейінде тарихи-мәдени негіздерді тануы; Отанның
қайталанбайтындығын, оның тағдырын, тұтастықты, ата-бабалардың және
замандастарының істеріне қатысты мақтанышты, сондай-ақ қоғамда және
мемлекетте болып жатқан тарихи жауапкершілікті ұғыну.
Азаматтық-патриоттық. Құқықтық мәдениетке және заңды
орындауға, жоғары адамгершілік пен жалпы мәдениетке, мемлекет пен
қоғамдағы саяси және құқықтық оқиғалар мен процестерді бағалау
дағдыларына, азаматтық ұстанымға, өз халқына саналы, жанқиярлық, ерікті
қызмет көрсетуге үнемі дайын болуға және өзінің конституциялық міндетін
орындауға тәрбиелеу.
Әлеуметтік-патриоттық. Ұрпақаралық рухани-адамгершілік және
мәдени-тарихи сабақтастықты жандандыру, өмірлік белсенді ұстанымды,
аяушылық сезімдерін және егде жастағы адамдарға қатысты қамқорлықты
қалыптастыру.
Әскери-патриоттық. Жастардың бойында жоғары патриоттық сана,
Отанға қызмет идеясын, оның қарулы қорғаныс қабілетін; отандық армияның
әскери дәстүрлерін, әскери қызметті, әскери киімді құрметтеуді
қалыптастыруға тәрбиелеу процесін бағдарлау.
Ерлік-патриоттық. Ерлік кәсіптерді, отан тарихындағы көрнекті
қайраткерлер және кең танылған батырлық күндерді насихаттауға
тәрбиелеу процесін бағдарлау.
Спорттық-патриоттық. Тәрбиелеу процесінде жұмысқа қабілетті
адамды қалыптастыру; білім алушының тұлғалық моральдық-жігерлік
қасиеттерін дамыту (күш, ептілік, төзімділік, бәсекеге қабілеттілік және т.б.);
Осы бағыт бойынша тәрбие жұмысының жүйесі - аурулардың алдын алу
құралдарының бірі, денсаулықты нығайту және жағымсыз және зиянды
әдеттерді болдырмау.
Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа
адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр
адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына
сай заңы туындайды.
Оқушының жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек: еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру; тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру; өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету; отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету; оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету; оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу; оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпалжасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу; оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік дағдыларын одан әрі да- мытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу; оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру,қорытындылау,бағалауға үйрету; оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру.
Тұлғаны рухани –азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан
көруге болады.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде
болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді
деңгейді қайта құруды міндеттейді. Н.Ә.Назарбаев «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады»
Темір ауданы №4 Шұбарқұдық
жалпы орта білім беретін мектебінің
тәрбие ісі орынбасары А.Б.Токкожина
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз