Тақырыбы:
Рухани жаңғыру – юолашаққа нақты қадам.
Класы:
6-7 -8
Мақсаты:
Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын
білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар
мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы
таным белсенділіктерін арттыруға
бағыттау.
Міндеті:
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»
мақаласының маңызымен таныстыру;
білімдерін кеңейту.
Түрі:
дөңгелек үстел.
Көрнекілігі:
АКТ, плакаттар, слайд, маркер.
Барысы:
І.
Сәлемдесу
Психологиялық
тренинг:
«Егерде
мен, Президент болсам.....» оқушылар
Президент болған жағдайда өз еліне
қандай пайдасын тигізетіндігі турасында
пікір алмасады.
ІІ.
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»
мақаласы туралы слайд, қосымша ақпарат
беріледі.
«Мәңгілік
ел» патриоттық актісі. Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасында білім беру
жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім
беруді жетілдіру қажеттілігі басым
мемлекеттік міндеттер қатарына шықты.
Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі
Қазақстан халқы Ассамблеясының
«Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас
ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел»
патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық
актісі Құжатында – Қазақстан халқының
тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері,
біздің елімізді дамытудың базалық
құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас
тұғыры, жеті құндылық ұсынылған:
- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы;
- Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік
пен келісім; - Зайырлы қоғам және жоғары
руханият; - Индустрияландыру мен
иновацияларға негізделген экономикалық
өнім; - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
- Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі,
бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және
басты құндылықтар толық нұсқада 2014
жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық
жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Елбасының халқына Жолдауында және 2014
жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа
бастар жол» Жолдауында айтылды. Жаңа
Қазақстандық Патриотизмнің идеялық
негізі аталған құндылықтарды жастарға
насихаттаумен байланысты. Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласы Назарбаев Зияткерлік
мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие
жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет
басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы
қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты
идеяларын оқушылар арасында кеңінен
насихаттау болып табылады. Аталмыш
мақала Кіріспе, қорытынды және екі
бөлімнен тұрады. Қазір сіздердің
назарларыңызға осы мақала туралы
бейнероликті ұсынамын. Оқушыларға
бейнеролик көрсетіледі: «ЕХРО-2017»
көрмесі
ІІІ:
топтық жұмыс
Топқа
бөлу:
1
топ Отаншыл «Блум пирамидасы» Патриот
дегеніміз кім?
2
топ Намысшыл: «Блум түймедағы» мақаланың
маңызы қандай?
Бағалау:
«Бір пікір» екі топ өзара бағалау арқылы
пікір алмасады.
Рефлексия:
«Ашық
микрафон» әдісі: оқушылар «Рузани
жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы
туралы және бүгінгі дөңгелек үстел
туралы өз пікірлерімен бөліседі.
Мұғалім
сөзі: Н.Ә.Назарбаевтың
сөзімен аяқтағалы отырмын “Біз “Ұлы
Дала елі” деп аталуымыз керек деп
есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан
асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі”
деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз.
Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге
қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған.
“Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы
Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс
болады деп ойлаймын”.
Еліміздің
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының
көтерген жүгі ауыр.Елбасының мақаласында
айрықша атап көрсетілгендей,барлығы
ел жастарына арналған.