Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Рухани жаңғыру –өскелең ұрпақ негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру –өскелең ұрпақ негізі
Материалдың қысқаша нұсқасы







«Балбөбек»2-ші сәбилер тобы

Тақырыбы: Рухани жаңғыру –өскелең ұрпақ негізі

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы  ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттау, балалардың бойында ұлттық сананы ояту, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық болмысымызды сақтап қалатындай ұлттық рухты сіңіру, Отанының патриоты болуға тәрбиелеу

Оқыту нәтижесі: Балалар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар















Тәрбиешілер:Габитова Г.К.,Садыкова





«Бекітемін»:

Меңгеруші:_________ Шаймарданова Г.К



2018-2019 оқу жылына жоспар

Өткізу мерзімі

Тақырыбы

Мақсаты

1.

Қыркүйек

«Әдемі сақиналар»

қылқаламмен сурет салу

Ұлттық бұйымдар туралы түсінік беру.. Ою-өрнектер туралы түсініктерін дамыту, әшекейлеуді үйрету. Бояуды дұрыс пайдалана білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


2.

Қазан

«Теңге алу»

ойын

Балаларды ұлттық ойындармен таныстыру.Ұлттық ойындарды дұрыс ойнауға үйрету Ойын ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру.Ептілік, икемділік дағдыларын қалыптастыру. Балалардың денсаулығын,ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, ұлттық ойындарға деген  қызығушылығын дамыту. Жауапкершіліке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.


3.

Қараша

«Президент ел тірегі»

тақырыптық сабақ

Балаларды Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының Президентінің өмір баянымен таныстыру. Біздің президентімізге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Көркем сөз арқылы тіл байлығын арттырып, байланыстыра сөйлеуге, ойларын жеткізуге білуге, достық қарым-қатынасқа дағдыландыру.


4

Желтоқсан

«Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»

ойын-сауық ертеңгілігі

Балаларды өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге,адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


5

Қаңтар

Мүсіндеуден конкрус «Сылдырмақ»

Заттарды конструкциялық тәсілмен мүсіндеу жұмысын жасау арқылы сылдырмақтың қоңырау сынды сілкімелі аспаптардың қатарына жататын қазақ халқының көне музыкалық аспабы екенін айтып түсіндіру.


6

Ақпан

«Бізді қоршаған әлем» сабақ

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері, туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету. Қазақстан өте бай ел екенін айту.


7

Наурыз

«Анама арналған әдемі моншақ»сурет салу

Сурет салу барысында халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы ұғымды бала жадына кең, бай, мағыналы көлемде түсінік бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту.
Балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын, сана - сезімін, ынта - жігерін арттыру.
Балаларға саналы сұлулық бейнесінде көркем дүниені меңгерте отырып, дәстүрлі шеберлік өнерді қадірлеп, қастерлей білуге баулу.

8

Сәуір

Қазақ халқының тұрмыс салты

Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

9

Мамыр

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет»ойын-сауық ертеңгілігі

Балаларды ел бірлігін сақтауға, әлем алдындағы беделімізді одан әрі көтеруге күш салу;
балаларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін, мақтан етуге баулу,
елім, жерім, ұлтым деп жүрегі соғатын азаматтар тәрбиелеу.


«Келісілді»:

Әдіскер: ________Дюсупова К.К



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12