400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру санамызды өзгерту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек мағлұматтар
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тәрбие сағаты

Күні:29.10.20


Мұғалімнің аты-жөні: Амирова Кулимхан Байкариевна

«Электротехника колледж» КМКҚ

Топ ПВТ 325к

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:-

Сабақтың тақырыбы

Рухани жаңғыру- санамызды өзгерту.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Студенттердің бойларына жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру,рухани сананы дарыту,толық адамды қалыптас-тыратын құндылықтарды ұғындыру.

Дамытушылық:Студенттерді рухани жаңғыруды ұғынып, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды игеруіне бағыттау;

Тәрбиелік: Студенттердің ұлттық санасын ояту, жас ұрпақтың бойына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Отанды сүюге, тарихын білуге,ұлттық мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Нәтижесі

Студенттер рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі екендігіне көз жеткізеді.

Құндылықтар

Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт –дәстүрлерін,ғұламаларының айтып кеткен өсиеттерін,құнды еңбектерін дәріптеу.

Түйінді идея

Рухани жаңғыру – санамызды өзгерту.

Көрнекілігі

Слайд, видеокөрініс, видеосабақ,Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» «Балбырауын», Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйлері қажетті ресурстар т.б

Сабақ құрылымы

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ынтымақ- тастық атмосферасын қалыптастыру

«Әліпби желісі» Бір-біріне 1 сөзбен тілек айту.Өз қиялдары.

Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату.

Студенттер әліпби желісі бойынша тәрбие сағатының жақсы өтуі үшін бір-біріне ізгі тілек айтады..(Али, Азамат, Әмира, Балжан, Бекжан, Бекжан, Диас, Ерік, Еркебұлан, Зере, Ильяс, Лаура, Мақсат, Мұрат, Нурлан, Шаяхмет.)









Қағаз қиындылары

Сабақтың

басы




Топ жетекшісінің кіріспе сөзі:

Сабағымыздың тақырыбы:Рухани жаңғыру-санамызды өзгерту.

(Слайд 1) Рухани жаңғыру- соңғы жылдары трендке айналған, осы сөздерді естігенде, сіздің ойыңызға бірінші не келеді? Биікке самғаған құстың бейнесі ме?.. Болмаса, өз қалаңызда өткізілген концерттің немесе спорттық жарыстың баннерінде тұрған «Рухани жаңғыру» сөздері ме? Жалпы бұл сөздердің мағынасына кім тереңірек үңіліп көрді және мемлекет тарапынан ұсынылған «Рухани жаңғыру» дегеніміз не? Міне, осы сұрақтардың жауабы сізге қызық болар деген оймен бүгінгі тәрбие сағатымызды «Рухани жаңғыру-санамызды өзгерту» деп атап отырмын .

Ел басы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап берді. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынды

1.Бәсекелестік қабілет-жаhанға сапасы ерекше дүние ұсыну.

2.Прагматизм-бабалардан мирас болған ізгі қасиеттерді түлету.

3.Ұлттық бірегейлікті сақтау-сана сезім көкжиегін кеңейту.

4.Білімнің салтанат құруы-аса білімді ұрпақ даярлау.

5. Еліміздің ревалюциялық емес эвалюциялық дамуы-ұлттық дәстүрді сақтай отырып жаңғыру

6.Сананың алшақтығы-жаңа өзгеріске дайын болу,ең озығын сіңіру. (Слайд 2)

Рухани жаңғыру-бұл сұрақтың алғашқы және қысқа жауабы – санамызды өзгерту! Енді санамызды өзгерту сөзінің мағынасын тереңірек ашып айтуға болады. Бағдарламадағы алты бағыттың барлығы да сананың өзгеруіне септік ететін бағыттар. Бастысы әр азамат соны түсінсе болғаны.

«Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»-деген еді елбасы. Оны ұлттық код деп атады.(Слайд 3) Ұлттық код дегеніміз-ұлттың болмысы,ұлттың ерекшелігі.Қазақ ұлтының ерекшелігі-өзіндік келбет,бойындағы қан,өзіндік дыбысы мен әуезі. Тегі ,тілі,күйі,ділі (жүрік лүпілі),қасиетті киелі топырағы,санасы. Ұлттық сананың ілімі:ар, әдеп,ұят,иманды бойына жиған толық адам, қазақи тұлға қалыптасады. Ол отбасы құндылықтарын сіңірген,қонақжай, салт дәстүрді бағалайтын,әдет-ғұрыпты бұлжытпай ұстайтын бейне. Ендеше ұлттық код рухани байлығымыз.(Слайд 4) Оның негізі ұлттық құндылықтарымыз. Аға ұрпақтың кейінгі буынға мұра қылып табыстайтын дүниелері де ұлттық құндылықтар. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық рухы жоқ адам шығады.

Абай мен алаш зиялыларының заманында ел тұрмысының қиыншылығына қарамастан көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларының шығуына ықпал еткен қазақтың өнер, білім және ғылым туралы кемел түсінігі. Ұлттық тәрбиеде уақыттан қалмайтын және тозбайтын құндылықтар талап, ар, жігер, еңбек. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов «Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» (Слайд 6)

Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтанда елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес.

Слайд шоу

Сабақтың

ортасы
















2-тапсырма: Бейне көрініс. «Сананы ластайтын у » Жаңалықтар бағдарламасын жасау.

Абай Құнанбаев ұлттық құндылықтарды ,ұлттық сананы дәріптей келе оның қас жауына да тоқталған еді.Ол «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек». «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны-деген еді.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай«Даму» онлайн олимпиадалар орталығы ұйымдастырған «Абай-Дара,Абай-Дана» республикалық онлайн байқауына қатысушы топ мүшерінің мәнерлеп оқыған материалдарын көрсету.

Кезекті студенттердің көркем сөзіне берейік.Әмира Султанова Абай Құнанбаев «Сабырсыз,арсыз,еріншек»,Балжан Кусмано-ва Абай Құнанбаев «Алланың өзі де рас,сөзі де рас»,Зере Газизова Абай Құнанбаев «15 қарасөзі»)

Видео сюжеттер


















Сабақтың

соңы

Кері байланыс: « Туған жеріңе не бересің?»шығарма

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Халқымыз  «Отан отбасынан баста-лады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Тәуелсіз Қазақстан-ның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуі-не «Туған жеріңе не бересің?»шығармасын жазу арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

Алда әлі ұзақ жол,үлкен асулар бар.Сол асулар мен қиын-дықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім,талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып,мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-

талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.


шығарма




Қорытынды

Видео: Абайдың 17 қара сөзі.

«Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді Абай .Бойында ұлттық рухы бар, ұлттық сананы берік ұстанған , Жүрегі Елім,Жерім,Халқым деп соққан әрбір жас өз жүрегін тыңдасын.

Видео сюжет










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі