Рухани жаңғырудың негізі –
тарих.
Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың жыл басындағы жолдауында «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы Қазақстанның үшінші
жаңғыруының басталғандығын атап,белгілеп берді. Яғни, біз
жаңа даму бағыт таңдап, бірнеше жолдарын айқындап алдық. Біздің
алдымызға қойған мақсатымыз айқын,болашағымыз жарқын
болмақ.
Бүгінгі күнге дейін талай игі
бастамалар мен істер қолға алынып,жүзеге асуда.Мәселен, «Мәдени
мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанда талай - талай тарихи
–мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды.Енді міне
«Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» атты елбасының жолдауы біздің
қоғамда орын тауып,өзінің жемісін
беруде.
Ендеше бірге тұтас
қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту
бағыттары айқындалды:
1.
Бәсекелік қабілет
2.
Прагматизм
3.
Ұлттық бірегейлікті сақтау
4.
Қазақстанның ревалюциялық емес,
эвалюциялық дамуы
5.
Білімнің салтанат құруы
6.Сананың ашықтығы
Олай болса,бүгінгі мақалада
орын табатын негізгі ой - Қазақстанның ревалюциялық емес,
эвалюциялық дамуы бағыты.
Рухани жаңғырудың негізі –
тарих.Ендеше мен өзімнің туған жерімнің,туған ауылымның тарихын
жаңғыртуға тырысайын. Күн шығыста орналасқан менің ауылым –
Улкенбөкен ауылы. Үлкенбөкен ауылының жалпы аумағы 88484 га.
Ауылдық окргугке Жансары,Актас және Үлкенбөкен елді мекені
кіреді.Осы ауылда мекен ететін қазақтар – 83%,татар ұлты1.6%,орыс
ұлты 14%,өзге ұлттар 0.9% құрайды.
Үлкенбөкен ауылы - суы
мол,шөбі шүйгін жер.Үлкенбөкен жерінен көлі және Үлкенбөкен өзені
мен Талмен өзендірі ағып
өтеді.
Ежелгі аңыз әңгімелер бойынша
Үлкенбөкен жерінде «Ак бөкен» атты жануарлар мекен еткен.Сондықтан
да ауылдың атауы осы жануарға сәйкес аталғаны мәлім. Осындай тамаша
ауылдың құрылуы да қызықты. Улкебөкен ауылы 1782 жылы құрылған.Ол
алғашында «казачья станица» тектес елді мекен еді. Онда 50 -60
түтін болған.
Мектеп екі бөлмелі болған,
үйлер әрбір жерден тұрғызылған .Бөкенде Брагин,Проскариков және
ағайынды Коншиных сынды саудагерлер
болған.
1938- 1942 жылдары « Вулкан» атты колхоз
құрылған,оның басшысы И.П Белоусов еді. Ал 1940 жылы Самар –
Жанғызтөбе жолы салынады,осы жол Бөкеннің ортасымен
өтеді.
Осы жылдарда «Шегелек» совхозы
құрылып,оның жалпы жер көлемі 98,565 га камтыған. «Шегелек»
совхозына бес ферма кірген. Әр фермада мал шаруашылығымен
айналысқан,мәселен №1 фермада қазақтың ақ бас сиыр тұқымын өсірумен
айналысты. № 3 фермада кой шаруашылығын мен жылқы шаруашалығын
дамытса, № 5 фермасында омарта жұмыстырын жолға койған. №2 фермада
сауын сиырды ұстап, таза өнім шығарған. Демек, әр ферма өзінің игі
істерімен айналысқан. «Шегелек» совхозы ірі, әрі шаруашылығын
дөңгелетіп отырған совхоз болған. Жалпы өнімнің 88% ет, сүт ,май
өнімдерін шығарып отырды. Жалпы бұл совхоз жұмысы жанданған болды.
Совхозда жұмыс ісеген әр адам өз ісінің маманы еді. Наурыз
пленуымынан кейін совхоз ең үлкен жетістікке
жетті.
Кез
келген саланы алсақта мейлі ол денсаулық саласы, білім саласы ,мал
шаруашылығы болса да жоғарғы деңгейде Үлкенбөкен ауылы жерінде
жақсы дамыған.
Енді міне бүгінгі таңда да
осындай тамаша жұмыстар жалғасын табуда. , Рухани жаңғыру
,патриотизм - Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына,
жеріңнің игілігіне жұмыс жасап отырған азамматтар бүгінгі таңда
баршылық. Мысалы, Үлкенбөкен ауылының
тумасы
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев өзінің биылғы “Қазақстан экономикалық
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты жолдпуында қоғам
мүшелерінің дербес қажеттері мен мүмкіндіктерін ашып қөрсететін
мемлекет құру күн тәртібінде тұрғанын атап айтты. Яғни, республика
халқы елдің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Соған орай,
елбасы сөзімен айтқанда, “Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам:
әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі
қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін қандай
еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын,
зейнеткерлерге қамқор болатын, акрдагерлер мен отан қорғаушыларды
ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға
тиіспіз!”
Рухани жаңғыру - барлық
тәрбие бастауы
№. Мемлекетке есімін беріп
отырған ұлттық салт - дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен
ділін, дінін сыйлау, заңдарына бағыну,рәміздерін ардақтап,
жетістіктеріне шаттану- қоғамның әрбір мүшесінің парызы. Әңгіме
болп отырған мәселе төңірегінде үлкен мәселелер бар. Өйткені,
республика халқының бүгінгі басым көпшілігін құрып отырған
жұртшылық, атап айтқанда - жастар, өз елінің тарихы мен
географиясынан, ұлттық батырлары мен біртуардарынан гөрі шетелдік
эстрада жұлдыздарын жақсы біледі. “Американдықтар өз елдеріне
қатысты нәрсенің бәрін дүние жүзінің ең үздігі деп есептейді:
мемлекеттік рәміздерін - ту, елтаңба, әнұраннан бастап, шайнайтын
сағызға дейін”. Сондықтан да Құрама Штаттардың халқы өз билеушілер
“ ислам әлемінен төніп тұрған қатерге” қарсы жүргізіп жатқан
империялық соғысына да қолдау көрсетіп, әлем алдында ақтап шығуға
даяр. Яғни, бұл шетелдік, нақты осы жағдайда алғанда американдық
патриотизмнің үлгісі.
Сондықтан, Рухани жаңғыру ,патриотизм - Отанға
деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына, жеріңнің игілігіне қуана
білу болса, “қазақстандық патриотизмнің” еркшелігі қандай? Біздің
көзқарымыз тұрғысынан алғанда, ол тек қазақтардың ғана емес, осынау
кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің
ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек.
Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе
жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген
құрмет - әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын
жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да
ақиқат. Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз
тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына,
қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде
болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.
Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең
алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге – туға, елтаңбаға, әнұранға
құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі
игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған. Қазақстанның
әнұраны орындалған шақта чемпион аталған спортшыларымыз сағыз
шайнап тұрмай, ұлттың ұлы музыкасына қосылып, көзінен жас моншақтап
тұрса, бүкіл елдің мәртебесі әсері күмәнсіз. Осы мемлекеттік
рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт - бағдарын
анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік
белсенділігін жоғарылатып өз іс - әрекеттеріне жауапкершілігін
арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге
ұмтылады.
«Туған жер « бағдарламасы
бойынша білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу
арқылы экологияны жақсартуға және көптеген елді мекендерді
абаттандыруға баса мән бере отырып, жергілікті жерлердегі мәдени
және тарихи нысандарды мен ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілетін болады.
Пайдаланған әдебиеттер;
-
Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру /
Егемен Қазақстан, 12 сәуір 2017 ж.
-
Назарбаев Н.Ә.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы / 14 желтоқсан 2012 ж.
http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs
-
ғаламтор желісі
ПпЛДДДДДВДЛДВЛЛАЛАЛАЛАИМТИПОДАЙпПППППпПППппппППППППППППППППППППППППППППППППППППППППП1