400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыруымыздың темір қазығы - латын әліпбиі

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын жазуы қазақ халқы үшін ойда жоқта ашылған жаңалық емес. «Білім беру саласында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929- 1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған. Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: бірінші араб, екінші латын, үшіншісі кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыруымыздың темір қазығы - латын әліпбиі



Молдахметова Кенжегү Бейсенбайқызы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№ 122 орта мектебі» ММ

қазақ тілі пәні мұғалімі


Латын жазуы қазақ халқы үшін ойда жоқта ашылған жаңалық емес. «Білім беру саласында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929- 1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған. Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: бірінші араб, екінші латын, үшіншісі кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқындалған ел жаңғыруының басты бағыттарының бірі қазақ әліпбиін латын әріпіне көшіру мәселесі болатын. Осыған орай түрлі іс- шаралар өткізіліп, халыққа кеңінен түсіндірілуде.

Қазіргі таңда Елбасы Н. Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.

Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.

Жазу таңбамыз Латын әрпіне өзгереді дегеніне біраз жылдың жүзі болса да кейбіреулер әлі де «Орыс, Ағылшын тілімен қоса Латын тілін үйрену балаларға қиын болады» деп қобалжып жүр. Алайда, бұл сөз де, үн де ауысып жатқан жоқ, тек таңбалауымыз ғана.

Бүгінде латын әліпбиін дүниежүзі халқының 80пайызы қолданады. Сондықтан латын әріпін білген отандастарымыз жер шарының қай түкпірінде жүрсе де ақпар алып, хабар алмаса алады.

Осы мақсатта мен өзімнің сабақ беретін сыныптарымда қазақ тілі пәнінен латын әріпін тез жазуды меңгерту үшін түрлі әдістерді қолданамын. Мақсатқа жету- тынымсыз жасалған еңбектің нәтижесі болмақ.

Баланың ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілген «Сөз құрау» әдісі оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушыларды топқа бөліп сөздер беріледі. Соны әрі қарай жалғастырып, түрлі сөз құрауы тиіс . (латынша жазу) Бұл тапсырма тақтада орындалады. Бес минут уақыт беріледі.

Топтарға тапсырма: Жаңғырған жаңа әліпби

Мысалы: Ana, Ajar, Anar, ar, bi, Janar, Jappar...

Cабағымның топтық жұмыс барысында «Ойна да ойла..» ойынын жүргіздім. (Сергіту сәті ретінде) Бұл ойынның шарты латын әріпінде жазылу керек. І топқа «А» әріпінен басталатын 10сөз жазу. ІІтопқа: «В» әріпінен басталатын 10 сөз жазу берілді. Нәтижесінде топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғады. І топта Дана деген оқушым «Топтастыру» әдісі бойынша қорғады.

Мысалы: ana, apa, ara, ata…..

«В» әріпінде жазған оқушылар: Bala, bar, batyr, bac….

Осындай ойын түрінде берілетін тапсырмалар баланың латын әріпін тез меңгеруіне ықпал етті. Оқушыларым латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жаттап алуға құлшынып, жазудан жарыса бастады.

Енді рухани жаңғыруымыздың темірқазығы болып отырған латын әріпін өмірге енгізуде де халықтың қарқынды қайраты керек.

Біз кейінге тартуға емес, бірлесе отырып алға ұмтылуға тырысуымыз керек. Заман талап етті ме, онда ығына жығыламыз, әлем елдерінің көшіне ілесеміз.

Сөз қайырымында Абайдың бір шумақ өлеңін латынның қазақ тіліндегі үлгісімен жазып шыққан едім. Кәне, оқып көрейік:

Paida oilama, ar oila,

Talap qyl artyq bilyge.

Artуq bilim kitapta

Erinbei okyp koryge.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
368
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі