Руханият және келісім,
мәдениет – бірлігі жарасқан жарасқан елдің
кепілі
Жігерлі болса ер
болар,
Бірлікті болса ел
болар.
Жамбыл
Жабаев.
Қазақ «Бірлігі жоқ ел тозады,
бірлігі күшті ел озады» деген. Бүгінде еліміз ырысы мен ынтымағы ,
бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнықты. Қазақ халқында
бағы замандардан бері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан , толағай
мәнді «жерұйық» ұғымы қалыптасқан. Ұлт дүниетанымында қанық бояумен
жазылған аталған ұғымның мән- мағынасына бойлау үшін ұлы даланың
тарихи қойнауына көз жүгіртіп, кең –байтақ аймақты батырлық пен
даналықты ұштастыра отырып қорғаған ата- бабамыздың өткеніне үңілу
қажет.
Ықылым заманда Желмаяға мініп,
жерұйық іздеген Асан Қайғының идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы
аңсаған арманына, мұрат- мақсатына ұласты. Бабаларымыз жұпар
аңқыған жазиралы даланы, құтты мекенді аңсап, төрт құбыласы тең,
қазығы берік, мамыражай тірлігі бар мемлекет құруды, іші мен сырты
бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Қайнар бастауын адамдық
ізгіліктен, бейбітшіл көзқарастан, кіндік қаны тамған жерге
адалдықтан алып жатқан ұлы мұрат, қазақ халқы басынан қаншама қилы
заман кешсе де атадан- балаға, ұрпақтан- ұрпаққа бұлжымас аманат
болып келеді. Бүгінгі Қазақстан – осы сан ғасырлық мемлекеттілік
қағидаттары мен елдік ұстанымдардың заңды
мұрагері.
Ғасырлар тоғысында еркіндікті
аңсаған ата- баба арманы жүзеге асып, егемендікке ие болып, алаштың
ең асыл мұраты- тәуелсіздікке қол жеткіздік. Қазақ жерінде арайлап
атқан елдіктің ақ таңы , ең алдымен , осынау дархан даланы ақ
найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен , алғыр ақылмен, берік
тақыммен қорғап, сақтап қалған ата- бабаларымыздың ұлы күрестерінің
заңды да нақты нәтижесі.
Қазақ елі қазіргі таңда
қабырғасы қатайған , пікіріне халықаралық қауымдастық өкілдері
құлақ түрген беделді елге елге айналды. Қазіргі таңда еңселі ел
болудың даңғыл жолына түстік. Әлеуетіміз артты, дәулетіміз
еселенді. Қазақстан егемендікке қатар ие болған ТМД елдерінің
арасында көптеген көрсеткіш бойынан көш бастыды. Солардың
маңыздыларының бірі Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы. 1995 жылғы
1 наурызда мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру
туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа қол қойған сәттен бастап,
Ассамблея қоғамдық маңызды саяси іс –шаралардың бел ортасынан
көрініп, қоғамдық маңызды істердің әрбір сессиясында Елбасымыз
нақты әрі әділетті жолмен жүзеге асатын негізгі қағидаларды алға
тартып, отырады. Соның бірі ретінде сессияда жасаған баяндамасында
Президент Н.Ә.Назарбаев «Мен еліміздің Президенті ретінде қоғамдық
тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің
басты міндетім деп санаймын»,- деп нақты
атады.
Түптеп келгенде, Ассамблея
еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда
болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа
тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады.
Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық
пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек
етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін этнос
өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да
тікелей атсалысуда. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған
мемлеттік , ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды
құралы болып саналады. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ел
біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен
келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет
атқарады.
Елбасы тағы бір сөзінде былай
деген болатын:
-«Дамудың сыры - бірлікте,
Табыстың сыры - тірлікте» екенін баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын
тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді
бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты.
Қазақты қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол
шаңыраққа шаншылған уықтар.
Ортақ ордамыз – Қазақстанның
босағасын берік, шаңырағын биік ұстап , түтінін түзу ұшыру – елдік
мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік
30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз –
бір, мақсатымыз жалғыз. Ол- жері гүлденген, елі түрленген , дамуы
жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!
«Саусақ ашылса – қылдырық,
ұмса - жұдырық» демекші, қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық
мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі
ретінде бағзы заманнан бері бағалап келген. Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні, Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде көпұлтты
қазақстандықтардың береке - бірлігі мен ынтымағын жарастырған
татулық темірқазығына айналып отыр. «Бақ та , тақ та таласқанға
бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйыады» деген дана
бабаларымыз. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың
болашағын бірлігімізбен берік етсін.
Арал қаласы , Т.Г.Шевченко
атындағы № 13
мектебінің 8«Б» сынып
оқушысы
Алдонғарова
Әсел