Материалдар / «Рухы биік - Бауыржан»

«Рухы биік - Бауыржан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі. Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік. Сахнаға екі жүргізуші шығады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2024
64
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Рухы биік - Бауыржан»

Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі. Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік. Сахнаға екі жүргізуші шығады.                                                                          



(Сахна сыртында өлең оқылады, экраннан ақынның кішкене суреті көрсетіліп, бірте-бірте үлкейтіле береді.) Суреттің астына:

Қадірін білмеппіз ғой "тірі кездеʺ,
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

(Экран ашылған соң ортаға жүргізуші шығады.) Кешіп өтіп кешегі от жалыннан,

Жүргізуші: Дүниеге ерлігімен танылған,

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

Данқ туын майдандағы көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.

Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, өзі сүйген ұлтының перзенті, аты аңызға айналған батыры, даңқты қолбасшы, жалынды жазушы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 114 жыл толып отыр.

- Иә, елі үшін еңкеймей жаумен жағаласып, елі үшін ерінбей еңбек еткенер жүрек бабамыз, халықтың мақтанышына айналған Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған жазушының бейнесімен жан-жақты таныстырып, ерлік істерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған әдеби шығармашылық кешке қош келдіңіздер!

- Олай болса, кешіміздің бірінші бөлімі «Өмірінің өзі дастан» деп аталады. Жазушының өмір жолымен таныс болайық. 6 «а» сынып оқушысы

2-жүргізуші:  Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.       

Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен,

Мен де ар бар, мен де ой бар жан тербеткен.

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.                                                                                                                                 

   

 Жүргізуші:   Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр . Әдеби - композиялық монтаж Мектеп оқушылар «Бауыржан Момышұлына арнау» деп аталатын жыр жолдарын оқиды: (сахнаға оқушылар шығып Б. Момышұлының нақыл сөздерін, өлеңдерін оқиды)

Жүргізуші:  Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін,

Туы мәңгі желбіресің жеңістің.

Қазір сіздердің алдарыңызға 5-сынып оқушысы Төлепбай Інжу « » әнін орындайды

Жүргізуші : Батыр бойында қайрат, күш-жігер, қайсарлық молынан көрінеді. Бауыржан атамыздың әділетсіздікке, екі жүзділікке қарсы тұрып, талай жерде өзіне жау тапқандығын тілге тиек етеді. Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады. Бауыржан Момышұлы « » атты шығармасынан үзіндіні тамашалаңыздар. (Көрініс

1-жүргізуші:      Соғыста бір -ақ заң бар мен білетін,


Я өліп, я болмаса өлтіретін.


Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды,


Жандандыратын болмаса,сөндіретін.


Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,


Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.


Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,


Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін «Теле көпір» айдары бойынша оқушыларға Бауыржан Момышұлының азаматтық, жауынгерлік тұлғасылық қасиеттері бойынша сұрақтарға жауап береді;


1-сұрақ- Тәрбиелеп баптаған түлегіңді, Туған елім тілеймін тілегіңді. Саған қарай садағын кім кезесе, Қалқан етіп тосамын жүрегімді,- деп Асан қайғы бабамыз аңсаған, Қытай саяхатшысы сұқтанған, орыс зерттеушілері тамсанған Жуалының Мыңбұлақ аймағында дүниеге келген батыр сын сағатта Отанды жаудан қорғау үшін сапқа тұрған Бауыржан Момышұлының қандай ерліктері бар?

1-жауап:Б.Момышұлы 207 ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 27 рет әскери ғылымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасап, 2 рет ауыр жарақаттанған. Жалпы Ұлы Отан соғысында А.Матросовтың ерлігі-207 рет қайталанса, біздің панфиловшылардың ерлігін ешкім қайталай алмады. Москва түбінде фашистер 500 мың адамын жоғалтып, 1300 танктен айырылды.2300 зеңбірек, 15 мыңнан астам машина мен басқа да техникалардан айырылды.Мұндай шығынды фашистер көрмеген еді. „Біз жеңілмейміз!„деген фашистік армия шынымен талқандалды.


2-жауап: Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен 1941 жыл 15 шілдеде Алматы облысы Талғар қаласында Қазақстан мен Қырғыстан ұландарынан 316 атқыштар дивизиясының 1073 атқыштар полкі жасақталды. Ал 31 шілдеде полк ант қабылдады, Қызыл Армияның қатарына қосылды. Олар жауынгерлік машықтандырып өтіп, ұрыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеріп, ұйымшылдығы, тәртібі жағынан көзге түсті.


3-жауап: Мәскеу үшін шайқаста И. В. Капровтың панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады.

2-сұрақ: Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармаларды атаңдар?


1-жауап: „Қанмен жазылған кітап„ , „Ұшқан ұя „ , „ Москва үшін шайқас,, , „ Менің отбасым „ , „Майдандас достарым„ , „ генерал панфилов„ , „ Төлеген Тоқтаров„ , „Адам қайраты„ , „Артымызда Москва„Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады.Оның „Біздің отбасы, „Артымызда Москва„ , „Майдандағы кездесулер„ сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.


2-жауап: Бауыржан Момышұлы туралы қаншама көркем шығармалар дүниеге келді. Олар Александр Бектің ,,Арпалыс„,Әзілхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз„ , келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер» ұлы Бақытжан Момышұлының „Жанымның жарық жұлдызы„және тағы басқа шығармалар.


-Бауыржан Момышұлының игерген өнерлері? *Құралайды көзге атқан мерген. *Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен. * Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен атбегілігімен аты шыққан.Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы әңгіме көп. * Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен.Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің „Батька„ , „Ақсақал„ дегендей қошеметтеріне ие болған. Генералдарға сабақ берген Б.Момышұлының соғыс тактикасы деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады.Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс – тәсілдері

«Сен білесің бе?» айдары бойынша Б. Момышұлының қанатты сөздерін тауып,мағынасын ашады


1. *Тәртіп -тән үшін, ынтымақ ..... керек. (жан үшін)

*Тіртіпке бас иген............ (құл болмайды)


2. *Елсіз ер болмайды .......................(Ерсіз ел болмайды).


3. *Тізе бүгіп тірі жүргеннен.................. (Тіке тұрып өлген артық)


4. *Көре алмаған көз сорлы, ......................( Айтылмаған сөз сорлы)

5. Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде ............(жұмылып қызмет ет)

6. Сабырлық алдында дұшпан сасады,...........(Сабырсыздан береке қашады.)


Жүргізуші: Жүретін жарамсақты сұсы басып,

Серілік сипатына кісі ғашық.

Тиежақ пәтер алды Бауыржанға

Жылаған кемпір қалды ұшырасып. Ән: 5 «а» сынып оқушысы..........

Жүргізуші:Талабы таудай болса да,

Барлығын жалғыз бере алмас.

Тырнақтап жина әр жерден,

Асылын елеп теріп ал.

Көзге ілместен тастама,

Кірпішсіз үй құра алмас. «Кім жылдам» айдарна кезек береміз. Оқушылар Калашников автоматын 1 минутта шашып, құрастырады.

Жүргізуші:Қай жерде отыр екен бота көзім,

Жайнатып мөлдіреген қара көзін.

Армансыз бұл дүниеден өтер едім,

Жеңіспен аман қайтар келсе кезім. Ән: Бауыржан, Орындайтын: Бекбергенов Есен

Жүргізуші:«Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабады» деген атақты Сырым шешен. «Ел намысы-ер қолында, ер намысы- ел қолында» депті Б.Момышұлы. Заманы басқа, алар қамалы басқа, алысар дұшпаны басқа, қос алыптың қосақтаулы жүйріктей ұшқыр ойлары бір жерден шығуын көрмейсіз бе?

Бүгінгі жас ұрпақ осындай әрі шешен, әрі көсем, әрі батыр аталарын қалай мақтан етсе де орынды.

Құрметті балалар! Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте тұту-біздің қасиетті борышымыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!