Материалдар / Рымбек Байсейитовтің өмірі мен шығармашылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Рымбек Байсейитовтің өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге Р.С.Байсейітовтың ғылыми еңбектері туралы, ерліктері туралы мағлұмат беру. Р.С Байсейітовтың атын алып жүрген оқу орнына мақтаныштық, патриоттық сезімін ояту. Ойлап, талдау қабілеттерін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай облысы білім басқармасының
Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі КМҚК

БЕКІТЕМІН
Директордың әлеуметтік және
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
_________ Б.Ж.Бахтиярова
«____» __________ 2022ж.

ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОП САҒАТЫ
Тақырыбы: «Рымбек Байсейітовтің өмірі, қызметі-бізге өнеге» руханиадамгершілік сағаты

Дайындаған : 22 BQ-2
топ жетекшісі Нұрғалиева Т.Т.

2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы:
«Рымбек Байсейітовтің өмірі, қызметі-бізге өнеге»
рухани-адамгершілік сағаты
Мақсаты: Студенттерге Р.С.Байсейітовтың ғылыми еңбектері туралы,
ерліктері туралы мағлұмат беру. Р.С Байсейітовтың атын алып жүрген оқу
орнына мақтаныштық, патриоттық сезімін ояту. Ойлап, талдау қабілеттерін
дамыту.
Көрнекілігі: Презентация
Топ сағатының өткізілу уақыты: 06.10.2022
Қатысушылар: 22 BQ-2 топ студенттері
Өткізілу уақыты: 45 минут
Тәрбие сағатының барысы
Қазақстан Республикасына Еңбегі Сіңген экономист,«Халықтар
достығы» орденінің, «Құрмет белгісі» орденінің, «Ұлы Отан соғысының
Бірінші және Екінші дәрежелі» ордендерінің, иегері, Қаржы жұмысының
үздігі, дарынды түлектердің бірі, ұлағатты, сом тұлға – Рымбек Сымақұлы
Байсейітовтың бүгінде ізгі істері сонау 1931 жылдан бері елімізге 25 мыңға
жуық қаржы мамандарын даярлап келе жатқан Рымбек Байсейітов атындағы
Семей қаржы-экономикалық колледжі ұрпақтарының жүрегінде жаттаулы,
естерінде сақтаулы.

Рымбек Сымақұлы 1949-жылы техникумды жедел түрде салық
мамандығы бойынша бітірді. Бұған дейін 1942жылдары Отанын қорғауға
соғысқа аттанды. Ұлы Лука жерінде соғысты.
Аталған жерді жау қоршауынан босатқандағы ерлігі үшін «Қызыл
Армия үздігі» деген медальмен марапатталды.
Рымбек Сымақұлы соғыста жаудың 3 танкісін бірден құртқаны
үшін «Совет Одағының Батыры» атағына ұсынылған.
Р.С.Байсейітов 1922 жылғы 8 қазанда Семей облысының Абралы
ауданындағы Қайнар ауылында туды. Еңбек жолын 1939 жылы совхоз
есепшісі болып бастады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап
аяғына дейін Калинин және 1-ші Балтық бойы майдандарында шайқасты.
1943 жылы КОКП (Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы) мүшелігіне өтті.

Соғыстан кейінгі жылдары Р.С.Байсейітов Семейдің қаржы
органдарында: учаскелік инспектор, аға инспектор, аудандық және қалалық
қаржы бөлімдерінің аға бухгалтері, облыстық қаржы басқармасында бөлім
бастығы болып істеді. 1951 жылы ол Қазақ КСР қаржы министрлігінің салық,
алым және дайындау басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін осы
басқарма бастығы, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болып
тағайындалды. 1956 жылы Бүкілодақтық сырттай қаржы институтын бітірді.
1961 жылдан – Қазақ КСР қаржы министрінің бірінші орынбасары.
1973 жылы республика Министрлер Кеңесінің Баға жөніндегі мемлекеттік
комитетінің төралығына бекітіледі. 1974 жылдан бастап зейнет демалысына
кеткенге дейін Р.С. Байсейітов Қаржы КСР қаржы министрі болды. Рымбек
СымақұлыБайсейітов зор
ұйымдастырушылық
қабілет,
экономика
саласындағы терең де жан-жақты білім иесі болатын. Ол Қазақ КСР қаржы
жүйесінің қалыптасуына, халық шаруашылығының салалары мен мәдениетті,
ғылым мен ағарту ісің, республиканың өндіргіш күштерін дамытуды
қаржымен қамтамасыз етуге айтулы үлес қосты.
Отан алдындағы еңбегі үшін Р.С. Байсейітов екі мәрте Еңбек қызыл Ту
орденімен, II дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, КСРО
медальдарымен марапатталған. Ол бірнеше рет Қазақ КСР Жоғары Кенесінің
депутаты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды.
1991 жылғы 2 тамызда одақтастық
дәрежедегі дербес зейнеткер,
республиканың еңбек сіңірген эконономисі, Қазақ КСР - інің бұрынғы қаржы
министрі. Рымбек Сымақұлы Байсейітов 69 жасқа қараған шағында ұзаққа
созылған ауыр науқастан қайтыс болды
Еңбек жолы:
Уақыты
1939ж. қыркүйек 1941ж. желтоқсан
1941ж. желтоқсан 1945ж. қараша
1946ж. ақпан - 1947ж.
маусым
1947ж. шілде – 1948ж.
қыркүйек
1948ж. қыркүйек –
1951ж. наурыз
1951ж. наурыз – 1952ж.
ақпан
1952ж. ақпан – 1952ж.
желтоқсан
1952ж. желтоқсан –
1958ж. мамыр

Қызметі
Семей облысы Ленин атындағы совхозда есепші.
Ұлы Отан соғысына қатысқан, зеңбірек, взвод
командирі, аға сержант.
Жаңа Семей қаласы қалалық Ұн комбинатында
қабылдаушы.
Семей қаласы Калинин аудандық қаржы бөлімінде
инспектор, аға инспектор.
Семей облыстық қаржы бөлімінде аға инспектор,
салық және алымдар бөлімінің бастығы.
Қазақ КСР Қаржы министрлігі салық және алымдар
басқармасы бастығының орынбасары.
Қазақ КСР Қаржы министрінің көмекшісі.
Қазақ КСР Қаржы министрлігі салық және алымдар
басқармасының бастығы, салық және дайындау

басқармасының бастығы.
Қазақ КСР Қаржы министрлігі Мемелекеттік кіріс
басқармасының бастығы.
Қазақ
КСР
Қаржы
министрінің
бірінші
орынбасары.
Қазақ КСР Баға жөніндегі мемлекеттік комитет
төрағасы.
Қазақ КСР Қаржы министрі.

1958ж. мамыр – 1961ж.
қыркүйек
1961ж. қыркүйек –
1973ж. ақпан
1973ж. ақпан – 1974ж.
тамыз
1974ж. тамыз – 1984ж.
желтоқсан
1943 жылы
КОКП мүшесі.
1948ж. – 1949ж.
Семей
қаржы-экономикалық
техникумында
жеделдетіп оқыды.
1950ж. – 1956ж.
Бүкілодақтық қаржы институтында сырттай оқыды.

Рымбек
Сымақұлының
қарапайым
салықшыдан
қаржы
министрлігіне дейін көтерілуінің өзі ерлік, болашақ қаржыгерлерге нағыз
үлгі боларлық мұра дерсіз.
Рымбек Сымақұлы Қазақстанның экономикасын көтеруде талмай
еңбек етті. Бірнеше ғылыми еңбектер жазды. Осындай ерен еңбегінің
нәтижесін 1974-1985 жылдарға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі болуы
дәлелдейді. Бүкіл
ғұмырын елінің
гүлденуіне,
болашақтың қамына жұмсады. Көрнекті экономист, азаматтық парызға
адал, жаны жайсақ жан Рымбек СымақұлыБайсейітовтың жарқын бейнесі
жүрегімізде әрдайым сақталады.
Бүгінде
колледждің
барлық
оқу-тәрбие
жұмысы
Рымбек
Смақұлының есіміне бағытталады. Осы негізде 1996 жылы колледж
директоры болған, экономика ғылымдарының кандидаты, «Ерен еңбегі
үшін» медалінің, Алтынсарин атындағы медальдің иегері, «Педагогзерттеуші», «Құрметті профессор» атағының иегері Түсіпбеков Тілеуғали
Темірғалиұлының ұйғарымымен Байсеитов Шыңын Бағындырушылар
мектебі ашылды. Бұл мектептің мақсаты: дарынды студенттердің
шығармашылық деңгейлерін кәсіби тұрғыда оқу-тәрбие үрдісі арқылы
шыңдау.
Байсейітов шыңын бағындырушылар мектебінің міндеті Р.С.Байсейітовтің өмірлік және кәсіптік жолдарын, сондай-ақ Қазақстан
мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын, ұлы тұлғалардың өмір баяндарын,
өткендегі және қазіргі кездегі ерлік беттерін терең зерделеу арқылы
қазақстандық патротизмді
қалыптастыру.Елімізді демократиялық және
еркін, экономикасы гүлденген мемлекет етуде жастарға нағыз патриоттық
тәрбие беру. Сонымен қатар, Конституциялық міндеттерді орындауға,
Отанына деген адалдық қасиеттерін жастар бойында қалыптастыру және
насихаттау. Бұл мақсаттарға жету үшін патриоттық тәрбиенің жүйелі
жүгізілуін мектеп арқылы қамтамасыз ету, патриоттық тәрбиенің
нормативтік-құққтық, ұйымдастырушылық-әдістемелік жақтарын мектеп
тыңдаушылары арқылы мейлінше орнықтыру.

«Викториналық сұрақтар»
1-сұрақ. Роллан Мұсаұлы Мусин нешінші жылы және қай жерде дүниеге
келген?1922 жылы Абыралы ауданы Қайнар ауылында.
2-сұрақ. Колледждің сол жағында ұзынан жатқан көше кімнің есіміне
берілген:?Айткеш Ибраев
3-сұрақ. Биыл Р.Байсейітов атындағы СҚЭК құрылғанына неше жыл
болады? 91ж
4-сұрақ. 1996 ж колледжімізде қандай ұйым құрылды?БШБМ
5-сұрақ. Роллан Мусиннің атасының есімі? Мұса
6-сұрақ. Рымбек Байсейітов қай жылдары Семей облысы Ленин атындағы
совхозда есепші қызметін атқарады?1939-1941ж
7-сұрақ. Рымбек Байсейітов қандай ұлы тұлғалармен майдандас
болды?Мәншүк Мәметова, Әзілхан Нұршайықов
8-сұрақ. Рымбек Байсейітовке қандай ерлігі үшін «Совет Одағының
Батыры» атағы беріледі? Рымбек Сымақұлы соғыста жаудың 3 танкісін
бірден құртқаны үшін
9-сұрақ. Рымбек Байсейітов 27 жасында емтихан тапсырып Семей қаржы
техникумына қайта оқуға қабылданып, қандай мамандық иесі атанады?
«Колхоз және халықтан салық жинау»
10-сұрақ. Роллан Мусиннің әкесінің аты? Жақып
«Ақиқат не Жалған»
1. Рымбек Сымақұлы соғыста жаудың 3 танкісін бірден құртқан (иә)
2. Роллан Мусиннің әкесінің аты Мұса (жоқ)
3. Роллан Мусин Шар ауданында мектеп директоры болған (Иә)
4. Рымбек Сымақұлы Байсейітов 1932 жылы туған (жоқ)
5. БШБМ 2016 жылы құрылды (жоқ)
6. 2016 жылы Мәңгілік ел ұйымы құрылды (Иә)
7. Р.Байсейтов 17 жасынан еңбек жолын бастаған (иә)
8. Биыл колледждің құрылғанына 91 ж толады (Иә)

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Р.С.Байсеитовтің
кәсіби қызметтерінің негізгі кезеңдерімен, егеменді Қазақстанның
экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани қалыптасуы мен дамуына
қосқан үлесімен, еліміздің әлемдік қоғамдастықта позитивті имиджін
жасаудағы рөлімен мектеп тыңдаушыларын және барлық студенттерді
таныстыруда жүйелі, терең жұмыс жүргізіліп келеді.
Осы тұрғыда студенттермен жүзеге асырылған іргелі нәтижелер
негізінде колледжде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
колледж түлегі Рымбек Байсейітов өнегесінде колледжде 1996 жылдан
бастап Байсейіов Шыңын Бағындырушылар мектебі нәтижелі, қарқынды
жұмысын жүргізіп отыр.
Рымбек Сымақұлы Қазақстанның экономикасын көтеруде талмай
еңбек етті. Бірнеше ғылыми еңбектер жазды. Осындай ерен еңбегінің
нәтижесін 1974-1985 жылдарға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі болуы
дәлелдейді. Бүкіл
ғұмырын елінің
гүлденуіне,
болашақтың қамына жұмсады. Көрнекті экономист, азаматтық парызға
адал, жаны жайсаң жан Рымбек Сымақұлы Байсейітовтың жарқын бейнесі
жүрегімізде әрдайым сақталады.

Топ жетекшісі:

Нұрғалиева Т.Т.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!