С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының анатомиясы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының анатомиясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткізгіш шоқтар қандай жасушада тұратынын; Қандай жасушалар жапырақ паренхимасын құрайтынын; С3 және С4 өсімдіктері жапырағы құрылысындағы айырмашылықтарды; Жапырақ анатомиясы, Хэтч – Слэк жолы (С4-жолы), Кальвин циклінің жолы (С3-жолы), паренхима, ксилема, флоэма, строма, колленхима, стеренхима.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

«ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

БП-01/4-ӘП11

Шығарылым:5, 2023ж.

Қайта қарау:4

Беттер 4


«Келісілді»

Колледж әдіскері

____ Г. Жаутикова

22 Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы: С3 және С4 өсімдіктер жапырақтарының анатомиясы.

Модуль: Жалпы білім беру пәндер

Пән атауы: Биология

Педагог: Матаева Алтынай Кожановна

2023 жылғы " "

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1 курс (9 сынып)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Қараевтың деңгейлік тапсырмасы, «Фронталь сұрақ», Білімдерін тексеру.

Пәнаралық байланыс: химия

2. Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:

С3 және С4 өсімдіктердегі көміртекті тұту (фиксациялау) жолдарын оқып білу;

С3 өсімдігі жапырағының анатомиясымен танысу;

С4 өсімдігі жапырағының анатомиясын зерттеу;

Тәрбиелік:

құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;

өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;

оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.

ой өрісін кеңейту:

тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;

өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;

тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;

Дамытушылық:

Сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;

ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;

ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс істеп білуг еүйрету;

Құндылық:

-сыни және креативті ойлау;

-білуге жаңаны тануға құштар болу;

-дұрыс қарым қатынас ортата білу;

-«Мәңгілік ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият

2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

2.2. Күтілетін нәтижелер

Өткізгіш шоқтар қандай жасушада тұратынын;

Қандай жасушалар жапырақ паренхимасын құрайтынын;

С3 және С4 өсімдіктері жапырағы құрылысындағы айырмашылықтарды;

Жапырақ анатомиясы, Хэтч – Слэк жолы (С4-жолы), Кальвин циклінің жолы (С3-жолы), паренхима, ксилема, флоэма, строма, колленхима, стеренхима.

2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б

3. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер


Сабақты жабдықтау

Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Негізі: Н.Т. Аблайханова, А.М. Калыбаева, А.М. Паримбекова, Биология, 11 сынып – Алматы: 2019, Мектеп https://www.okulyk.kz/10-class

Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class

3.2.Техникалық құралдар, материалдар

Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта

4. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.

ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін Қараевтың деңгейлік тапсырмасымен тексеріледі.

Қараевтың” деңгейлік тапсырмасы.

Мұғалім тақтаға төмендегі кестені іледі. Стикерлерге сұрақ жазып жапсырады. Студенттер сұрақты таңдап жауап береді.

1

1

2

1

3

3

4

2

5

2

6

3

7

3

8

3

9

1

10

2

11

2

12

3

13

1

14

2

15

2

16

2

17

2

18

1

19

2

20

3


Үй тапсырмасын сұрау үшін фронтальды сұрақтар:

  1. Фотосинтез дегеніміз ?

  2. Хемосинтез дегеніміз ?

  3. Фотосинтездің қараңғы фаза

  4. Фотосинтездің жарық фаза

  5. Хемосинтез процесін 1887 жылы ашқан орыс ғалымы ?

  6. Жасыл өсімдіктердің фотосинтезін зерттеуде  1937 жылы үлкен үлес қосқан ғалым.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. С3 және С4 өсімдіктерінің негізгі айырмашылығы

  2. С3 және С4 өсімдіктерінің ұқсастықтары

  3. С4 өсімдіктерінің арасындағы айырмашылы

Эволюция процесі барысында өсімдіктерде фотосинтезді қамтамасыз етін арнайы құрылымдар қалыптасты. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде отосинтез жүретін негізгі мүше жапырақ. Бұл мүшенің ерекшелі- - күн сәулесі энергиясын сіңіріп, оны органикалық заттар энергия- ына айналдырып, өсімдіктерде автотрофты қоректену типін қалып- астырады.

Көмірқышқыл газын фиксациялау тәсіліне қарай жапырақ тақта- жының құрылымында белгілі бір айырмашылықтар болады.

Көптеген мәдени өсімдіктердің анатомиялық құрылымы Кальвин циклінің химиялық реакциялары арқылы (С,-жолымен) көмірқышқыл газын фиксациялауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді (21-сурет).

Фотосинтез процесіндегі жапырақ үлпасының қызметі. Эпидермис көмірқышқыл газын ассиммиляциялауға бейімделмеген әртүрлі пішінді тірі жасушалардан түрады (лептесік жасушадан басқасы). Оның жасуша қабырғасының құрылысы ерекше болып келеді (негізінен, кутиннен түратын кутикуласы бар, көбінесе кутин қабатын балауыздар қоспасы немесе түкшелер жауып тұрады). Жапырақты қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайды, жарық кванттары ағынын реттейді (оған эпидермистің түрлі құрылымдық компоненттері: балауыз қабаты, түкшелер, өсінділер ықпал етеді), эпидермисте орналасқан лептесіктер есебінен көмірқышқыл газын сіңіру мен оттек бөлуді қамтамасыз етеді.

Жапырақ мезофилі бағаналы паренхима мен борпылдақ паренхима түзетін екі түрлі жасушадан тұрады.

Баганалы паренхима эпидермистің астында жарыққа қарап орнала сады, құрамында жарық кванттарын сіңіру және СО, ассимиляциялау процесінде маңызды қызмет атқаратын жапырақ хлоропластының басым бөлігі болады.

Борпылдақ паренхимада жасушааралық кеңістікте жүретін хи миялық реакциялар есебінен жапырақ мезофилінде СО2-нің жинақ талуына қатысады:

H₂O + CO₂ → H₂CO₃

H₂CO₂ → H+ + HCO

НСО, ионы - көмірқышқыл газының қоры, жапырақ мезофилі жасушасын көмірқышқыл газы ағынымен қамтамасыз етеді.

Өткізгіш шоқтар ксилема, флоэма және механикалық үлпалардан (склеренхима, колленхима) түрады, жапырақ мезофилінде тармақталған күрделі жүйені құрайды. Ксилема жасуша қабырғалары қалыңдаған, созылыңқы өлі жасуша- лардан түрады. Басты жасушалары түтікшелі элементтері болып табы лады. Жетілген элементтерінің бүйір қабырғалары қатты лигнинделген. олардың ішкі жағында екіншілік қалыңдау бар. Лигнин жайылған тығыз үшқабатты тор түзеді. Қабырғаларының бұрыштары толықтай жойылып, ретімен орналасқан элементтердің үзын түтікшелерге бірігуіне алып келеді. Ксилема жапырақ ұлпаларындағы зат алмасу процестеріне қатысатын су мен минералды тұздарды тасымалдайды бүйір қабырғаларына байланысты тірек және механикалық қызмет атқарады.

Флоэма сүзгі тәрізді түтікшелер мен паренхималық жасушалардан түрады. Сүзгі төрізді түтікшелердің жетілген құрылымдық элементтері жасуша қабырғаларындағы бүйір саңылаулар арқылы (сүзгі тәрізді пластинкалар) өзара байланысатын тірі жасушалар болып табылады. Сүзгі тәрізді түтікшелер түзілуі барысында ядросы мен цитоплаз масының көп бөлігінен айырылады, олардың қызметін серік-жасушалар атқарады. Флоэма фотосинтез өнімдерін жапырақтан өсімдіктің басқа мүшелеріне тасымалдайды.

Механикалық ұлпа склеренхималар мен колленхималар түрінде болады.

Колленхима жасуша қабырғасының қалыңдығы әркелкі, сопақша пішінді тірі жасушалардан құралады.

Склеренхима лигнинді қалың екіншілік жасуша қабырғасы бар өлі жасушалардан түрады. Жапырақтарда склеренхима жасушалары талшық түрінде созылып, шоқтар түзеді. Колленхима мен склеренхима жапырақтарға беріктік қасиет береді және тірек қызметін атқарады.

Көмірқышқыл газын С-жолымен фиксациялайтын өсімдік жапыра ғының құрылысы. СО, фиксациялау процесін С,-жолымен жүзеге асы ратын өсімдіктердің жапырақтарына ерекше анатомиялық құрылым тән. С. өсімдіктердің өткізгіш шоқтары екі қабат орналасқан жасуша- лармен қоршалған (22-сурет).

Бірінші қабат — түтікшелі шоқтардың көмкерме жасушаларында ірі хлоропластар болады.

Хлоропластарда Кальвин-Бенсон циклінің ферменттері қызмет атқарады, бұл қабат крахмалдың жинақталуын қамтамасыз етеді.

Екінші қабат жапырақ мезофилі жасушаларында кәдімгі хло ропластар болады. Хлоропластардың бұл түрі фотосинтездің жарық фазасын және көмірқышқыл газын ФЕП көмегімен фиксациялауды белсенді қамтамасыз етеді, СО₂/0, жоғары қатынасын түзеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

Білімдерін тексеру:

  1. Жапырақтың ішкі құрылысын еске түсіру;

  2. Бағаналы паренхима мен борпылдақ паренхиманың айырмашылығы мен ұқсастығын анықтаңдар;

  3. Өткізгіш шоқтарға жеке тоқталып сипаттаңдар;

  4. СО2-ні фиксациялау өсімдіктерде С2-жолымен жүзеге асатынын анықтаңдар;

  5. С3-жәнеС4-өсімдіктерінің жапырақ ұлпасындағы айырмашылықтарды салыстырыңдар;

  6. Неге жапырақта сүзгі тәрізді түтікшелер пайда болатынын түсіндіріңдер;

  7. Фотосинтез қалыпты жүру үшін С3-және С4 –өсімдіктерінің қайсысы суды көп мөлшерде қажет ететінін дәлелдеңдер;

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.


VI. Үйге тапсырма беру -2 минут

Тапсырма: Әртүрлі өсімдіктердегі мезенхималардың құрылымы мен құрылысы туралы хабарлама дайындаңдар.

Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова. 55- 58 беттер


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі