400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

С. Мұратбековтың "Жусан иісі" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойыншы курстан өтпеген әріптестеріме және жас мамандарға көмегі болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №23 ОМ

Сабақ тақырыбы: С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Күні:

Мұғалімнің есімі: Көбеев О.И.

Сынып: 6

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

6. Т/Ж.2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: әдеби шығармада көтерілген мәселені түсіндіріп айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі: шығарма идеясын анықтай алады.

Кейбір оқушылар: бөлімдерге бөліп, сұрақ құрастырады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • Шығармада көтерілген мәселені түсіндіріп айта алады.

  • Шығарма идеясын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: автор үні, оқырман сезімі, шығармадағы құндылық.

Оқушылар сипаттайды және түсінеді.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным... Менің ойымша... Мен ойлаймын...

Шығармадағы тірек сөздер: жусан, көке, ертегі.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, төзімділік, еңбекқорлық, адалдық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, тарих.

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің сюжеттік желісі.

Сабақтың барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2.Оқушыларды топқа бөлу.

«Рөлдегі оқушылар» әдісі бойынша топқа бөледі.

3. Қызығушылықты ояту. «Сөзді тап»

Ортаға бір оқушы шығып, бүгінгі тақырыпқа байланысты бірнеше сөзді дене қимылы арқылы көрсетеді. Қалған оқушылар сөзді табу арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.


Сабақтың ортасы

Мағынаны тану.

1-әрекет . «Конверттегі сұрақ»

Конвертте жасырылатын сұрақтар:

1)Жазушы Сайын Мұратбеков туралы қандай мәлімет алдыңдар?

2) «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян ауылға кіммен, қашан көшіп келеді?

3) Аянды ауыл балалары қалай қарсы алды?

4) Балалардың арманы қандай еді?

5) Балалар Аянды қалай естеріне қалай алушы еді?

6) Әңгімені айтып отырған балаға жусанның иісі кімді есіне түсіреді?

7) Қаралы қағаз деген не?

8) Аянға келгген қара қағаздың басұалардан айырмашылығы неде?

9) Аян қара қағазды қалай қабылдады?

10) Аян жасырынған ат қораның іші қандай?

11) Аян кімнен, неге жасырынып жылады?

12) Аянның қандай бала екенін байқадыңдар?

13) Соғыс жылдарындағы балалар өмірінің көрінісі қалай бейнеленгендігі туралы айтып беріңдер.

2-әрекет. «FILA толтыру»

Топ құрамасында 4 адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F /Дерек/ - шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау.
I /Пікір/ - кейіпкер туралы өзінің ой-пікірі.
L /Сұхбат/ - кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар.
A /Іс-әрекет/ - автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет





Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді.

  • Кейіпкерге сыни тұрғыда баға береді.

  • Салыстырады.

  • Шығарманың идеясын анықтайды.

3-әрекет. «Ыстық орындық»

Аянға хат

Оқулық

Сабақтың соңы

«Шығу билеті»

-Сендер бүгін не үйрендіңдер?

-Тағы не білгілерің келеді?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
2159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі