жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ш. Қанайұлы «Зар заман»
Пән: қазақ әдебиетіҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: II тарау.Толғауы тоқсан қызыл тіл Сынып: 7 |
Үшарал қаласының №2 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы КММ Мұғалімнің аты-жөні: А.А.Давлетканова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: 0 |
||||
Сабақ тақырыбы |
Ш. Қанайұлы «Зар заман» |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т/Ж 3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау |
||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар:Өлең мазмұнын біледі, типтік образдарды анықтай алады. Көптеген оқушылар:Типтік образдың жасалу тәсілдерін анықтай алады. Кейбір оқушылар:Өлеңде көтерілген қоғамдық әлеуметтік мәселелер туралы өзіндік пікірін білдіреді. |
||||
Бағалау критерийлері |
типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайды.
|
||||
Тілдік мақсаттар
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: пара,дуан,пұл,зар заман,тар заман,заманақыр боларда Кесапат – бәле, қырсық. Айбар – айбат, айбын, қаһар. Дуан – көне сөз. бір уездік көлемдегі ауқымдық бекініс, аймақ. Заманақыр – тар кезең, зобалаң шақ. Сүр – ұзақ уақыт сақтау үшін, тұздалып сақталған ет. Асылық – астамшылық, күпірлік. Жөргем – пайда, олжа. Керт бас – сүйенер ешкімі жоқ, жалғыз өзі. Талқылау сұрақтары: 1.Өлеңде талауға түскен жер,қоныс мәселесі,халық тағдыры қалай суреттелген? 2.Неге өлең заман шындығын азусызға тар заман, азулыға бар заман деп суреттеген ? Дәлелдеп көр |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Тарих, музыка |
||||
Алдыңғы білім
|
Жыраулар поэзиясы туралы біледі. |
||||
|
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
10 минут
|
Психологиялық ынтымақтастық атмосферасын тудыру мақсатында «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. «Сәлем- сауқат» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Затты бірнеше қабат қағазға ораймын. Оқушылар әуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішіне беремін. Музыка тоқтаған кезде оқушы бір қабатын ашады, әр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ беріледі. Оқушылар сұраққа жауап береді де сағат тілімен айналдыра әрі қарай келесі оқушыға береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады. 1.Жырау деген кім? 2.Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай? 3.Жыршы деп кімді айтамыз? 4.Толғау қандай жанр «Тұлғаны таны» әдісі бойынша оқушыларды 4 топқа бөлемін.Қағазға «Жиембет жырау», «Қазтуған жырау», «Ақтамберді жырау», «Шортанбай» деген жазулар жазып қоямын. Сол қағаздарды оқушылар таңдайды да, әр топта жазылғаны бойынша отырады. |
«Жүректен
жүрекке» әдісі
«Сәлем -сауқат» әдісі
«Тұлғаны таны "әдісі |
|||
|
1.«Жиембет жырау» топ тапсырмасы .Заман бейнесін «Балық қаңқасы» әдісі арқылы жасайды. Заман бейнесін зорлық көрген халық күйзелісінің себебі мен салдарын ашып, ажыратып айтады. Дескриптор Сол кезеңдегі заман бейнесін біледі, заманның өзгеру себептерін айта алады. 2.«Қазтуған жырау» топ тапсырмасы «Жеті неге» әдісі арқылы ел билеушілердің жеті неге негізінде құрылған сұрақтарға жауаптар беру арқылы ел билеушілердің бейнесін ашады. . Ескерту:Сұрақтарды спиральді қағидатқа негіздеп құру қажет. 1.Толғау неге зар заман деп аталган? Елінен, жерінен айырылған қазақ елінің мұң зары. 2.Елінен, жерінен неге айырылды деп ойлайсыңдар? Патша өкіметі қазақ жерін біртіндеп бодан етті. 3.Патша өкіметінің қол астына кіруге неге мәжбүр болды? Жағымпаз, жемқор, ел билеушілердің , болыс билердің іс әрекетінен. 4.Неге жағымпаз, парақор,ел билеушілер көбейді? Қарапайым қазақ елінің қараңғылығы мен надандағы. 5.Неге сол заманның адамдары қараңғы болды? Қазақ топырағында білім беру ошақтары аз болды. 6.Білім ошақтары неге аз болды? Себебі, қазақ қоғамы бұған дайын емес еді. 7.Неге қазақ коғамы дайын емес еді? Ел билеушілердің әділетсіздігі,қиянаты. Дескриптор:1Әділетсіз ел билеушілердің іс әрекетін талдай алады. 2.Сол замандағы ел билеушілердің рөлің түсінеді. 3.«Ақтамберді жырау» топ тапсырмасы. Венн диаграммасын қолдана отырып, сол замандағы ұл мен қыз бейнесін қазіргі замандағы ұл мен қыз бейнесін 4салыстырып айырмашылықтарын ортақ белгісін анықтайды. Дескриптор: 1Сол замандағы ұл мен қыз бейнесін ашады. 2.Қазіргі замандағы ұл мен қыз бейнесін салыстыра алады. 4.«Шортанбай» топ тапсырмасы «Қос құты» әдісі арқылы сол заман мен қазіргі замандағы қарапайым халық бейнесін салыстыру. Дескриптор:Сол заман мен қазіргі заманды салыстыра алады. 2.Қазіргі замандағы хадық бейнесін аша алады. 3.Сол заманды бүгінгі өмірмен байланыстыра алады. «Екі жұлдыз бір тілек»әдісі арқылы топтар өзара бағалайды. 2-тапсырма.«Зар заман» өлеңінің мазмұны бойынша пікірлеріңді «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңдер. Эссе жазғызу. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін
...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .. Дескриптор Эссе тақырыпқа сай жазылған. Фактілермен,мысалдармен дәлелденген. Эсседе ой жүйелілігіне мән берілген . Өте жақсы жазылған эсселерді «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау.
|
«Балық қаңқасы» әдісі
«Жеті неге» әдісі
«Венн диаграммасы
«Қос құты» әдісі
Арман ПВ. С.Ч.Тұрсынғалиева Р.Зайкенова 7-сынып.67-бет «Попс формуласы» әдісі
«Үш шапалақ»
|
|||
Сабақтың соңы
10 минут
Үйге тапсырма |
«Алақанға жан бітіру» әдісін қолдану арқылы бүгінгі сабақта не туралы өткенімізді тірек сөздер арқылы қорытындылаймыз. Қағазға алақанның суретін салып, ондағы әр саусаққа тірек сөздер жазып қоямын. Мысалы: тар заман, зар заман, ел билеушілер т.б. Сол сөздерге қарап оқушы өз ойларын бір ауыз сөзбен қорытындылайды Дескриптор: Бүгінгі өткен жаңа сабақты оқушылар толық меңгереді. Кері байланыс: 4 топта бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, белсенділік таныттыңдар.Өлеңдегі кейіпкерлердің бейнесін аша білдіңдер. Кері байланыс: Оқушыларға бір парақтан беріледі, онда мынандай суреттер салынған: шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі.
Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпарат ала алсаңыз стикерді шабаданға салыңыздар(жазыңыздар), бүгінгі сабақты толық меңгере алмадым десеңіздер қоқыс жәшігіне салыңыздар(жазыңыздар).Ал бүгінгі сабақ бойынша әлі оқуым, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар). «Зар заман» өлеңін мәнерлеп оқу, кейіпкерлер бейнесі берілген шумақтардан үзінді жаттау |
«Тазалық ойыны» әдісі |
|||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарытоқушыларғатқандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Саралау тапсырмалары 1.Қабілетті оқушыларға арналған тапсырма. Ш. Қанайұлынң «Зар заман» өлеңін Қазтуғанның «Қоштасу»өлеңімен салыстыра отырып,үндестігін тауып корсет. Дескриптор : 1.Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңі мен Қазтуғанның «Қоштасу» өлеңін салыстыра алады. 2Өлеңдердің өз ара үндестігін тауып көрсете алады Кері байланыс: «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздері арқылы мадақтаушы-қолдаушы бағалауы жүргізіледі. 2 Ерекше қадағалауды қажет ететін оқушыға арналған тапсырма «Зар заман» өлеңінің ұйқасын анықтау. Дескриптор: Өлеңнің ұйқасын таба алады Кері байланыс: «Жарайсыңдар!» «Дұрыс!» қолдаушы –бағыттаушы бағалау жүзеге асырылады.
|
«Жүректен жүрекке» әдісі «Сәлем -сауқат» әдісі «Балық қаңқасы» әдісіі «Қос құты» әдісі «Венн диаграмма»әдісі «ПОПС формуласы» «Үш шапалақ» әдісі «Тазалық ойыны» әдісі «Алақанға жан бітіру » әдісі |
Сергіту сәті кезінде партаның шетіне шығып тұруын, орындықтардың кедергі жасамауын қадағалаймын. |
|||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған . Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді . Оқушылар өлеңдегі кейіпкерлер бейнесін ашуды үйренді, заман туралы өз ойларын,пікірлерін ашық айтты . Саралау жұмыстары тиімді жүзеге асты . Уақыт тиімді пайдаланды . |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген