400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С. Сейфуллин «Сыр сандық», «Тұлпарым»

Материал туралы қысқаша түсінік
С. Сейфулиннің өмірі мен өлеңдерін оқып мазмұнын білу. Өлеңнің құрылысы мен тіліне талдау жасау және көркем оқу. С. Сейфулиннің шығармашылығымен, берілген өлеңдерімен танысып,оқиды. Шығарманы көркем оқу дағдысы қалыптасады. Өлеңнің құрылысына ,тіліне талдау жасайды. Шығарманың тақырыбы мен ақын ойын табады. Өлеңнің тақырыбын бүгінгі заманмен байланыстыра ойларын білдіреді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: С. Сейфуллин «Сыр сандық», «Тұлпарым»

Мектеп: «Қосағаш» жом

Күні: қазақ әдебиеті

Мұғалімнің есімі: Жорабай Гүлнара

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

С. Сейфулиннің өмірі мен өлеңдерін оқып мазмұнын білу. Өлеңнің құрылысы мен тіліне талдау жасау және көркем оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

С. Сейфулиннің шығармашылығымен, берілген өлеңдерімен танысып,оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Шығарманы көркем оқу дағдысы қалыптасады. Өлеңнің құрылысына ,тіліне талдау жасайды.


Кейбір оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен ақын ойын табады. Өлеңнің тақырыбын бүгінгі заманмен байланыстыра ойларын білдіреді

Тілдік мақсаты

Негізгі сөздер мен тіркестер: «Өткен күндер», лирик ақын, «Далада», «Кел, жігіттер», «Тұлпарым», «Сыр сандық», «Сағындым». «Біздің жақта»

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: Сәкен шығармаларының негізгі тақырыбы, ақын бойындағы дарындылық

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Сәкен шығармашылығы өз заманының айнасы дегенді қалай түсінесің?

Себебі: ақын өлеңдері өзі сүрген заманның оқиғаларын жырлайды, сол қоғмнан мәлімет береді.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Ақын шығармашылығына кесте жасайды.

Алдыңғы тақырып

Мағжан Жұмабаев шығармашылығы

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Ресурс

тар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды топқа бөлу:

«Басылым аттары» тәсілімен 4 топқа бөлінеді

«Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Ұлан», «Кәусар бұлақ»,

Тақтаға жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді

Ортасы

1).Үй тапсырмасын сұрау

2). «Миға шабуыл» сұрақтарына жауап беру:

-Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

-Бірінің сырын бірі ұрлап,

Мінген атың кер ме екен,

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Шып- шып етіп молданың,

Қолындағы тобылғы...үзіндінің қайдан алынғанын табады.

3).Оқулықпен жұмыс: Сәкен Сейфуллин шығармашылығын оқып тірек сөйлемдерді жұмыс дәптерге жазады, «Ақын» және «Тілші» рөліне еніп қаламгермен сұхбаттасу үлгісімен баяндайды:

Тілші:

-Сәкен аға, қай жылы, қай жерде дүниеге келдіңіз?

-Әкеңіз туралы айтып берсеңіз?

1.Өлеңін мәнерлеп оқу, тақырыбы туралы ой бөлісу.

2.Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды,

3.Өлеңнің құрылысы мен тіліне талдау жасайды:

Шырқ айналар шіркін тауық,

Жемің болса қолыңда,

Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолыңда.

Досыңмын деп ант береді

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді,

Сенерлік дос, санама.


Жұмыс дәптер

лері, оқулық,



Аяқталуы

Даналық ойлармен танысу

Кері байланыс: Сабақ саған қызықты болды ма?

Үйге тапсырма: Сәкен Сейфуллин өлеңдерін мәнерлеп оқу, жаттау.


Қосымша ақпарат: Сәкен Сейфуллин шығармашылығын ізденіп оқу.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

С:Оқушының мәнерлеп оқу дағдысының артуына ықпал етемін;

В: Ақын жасырған сырды табуға жетелеу.




5. Қорытындылау/

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бағалау парақшасына бағалау критерийлерін енгіземін. Топтық жұмыстарда оқушыларға өзін-өзі бағалау, өзара бағалау жасатамын.


Тарих, Сәкен Сейфуллин өлеңдері







Қол жетімді


Сәкен Сейфуллин өмірі туралы және өлеңдері туралы мағлұмат алды.

Оқушылардың қызығушылығы жақсы болды?

Сұхбаттасу тиімді болды.


Үлгердім



«Сұхбаттасу» тәсілін енгіздім, оқушылардың сұрақтар арқылы жаңа сабақтан алған білімдерін тиянақтау үшін



Қорытынды бағамдау: Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. «Ақын» және «тілші» болуға оқушылардың белсенділігі жоғары болды.



  1. Өлеңді көркем оқуға ынталары артты.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім?


«Сұхбаттасу» тәсілінде Құрақ Махаббат пен Ерман Аяжанның жауаптасуына

талдау жасау, өзге оқушылардың сұрақты күрделендіруіне ықпал етті.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі