400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С. Торайғыров. "Бір адамға" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
а) С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып,өлеңнің мән-мазмұнын түсіндіру; ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу, дүниетанымын дамыту; б) сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта

отырып,өлеңнің мән-мазмұнын түсіндіру;

ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу,

дүниетанымын дамыту;

б) сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға

дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, газет-жұрнал т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,сыныпты топқа бөлу./кейіпкерлер аттары бойынша/

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Ой шақыру. /тақтаға тақырыпты жазу/

С.Торайғыров кім? Қандай өлеңдерін білеміз?


Ой өрбіту. Сыныпты үш топқа бөлінеді./ баяндаушылар,зерттеушілер, сарапшылар/

«Баяндаушылар» тобы ақынның өмірбаяны жөнінде қысқаша мағлұмат береді.


Ой қозғау. «Зерттеушілер» тобына: «Бір адамға» өлеңін оқып беру. Осы өлеңнің шығу тарихы және ақынның басқа да өлеңдері жөнінде зерттеу тобы не дайындап келгенін тыңдау.

Сұрақ. Шорманның Садуақасы шен-шекпенді кімнен не үшін алды? Қалай жинады? Әлеуметтік теңсіздікті ашу.


Ой дамыту. Сарапшылар тобына:Мәтін бойынша жұмыс.

  1. Осы өлеңде оқиға бар ма, әлде ақынның көңіл-күйі сезімі бар ма?

  2. Неше адам қатысып отыр? Мұнда шал сөзі бар, ол ақын атынан баяндалады. Ақынның ішкі ойы,монологы берілген.

  3. Ирония дегенді түсіндіру. Бір қарағанда мақтау сияқты көрінгенмен ,астарында зілді кекесін,мысқыл,әжуа жататын астарлы ойды ирония дейміз.

Мәтіннен иронияны табу. /2-3 шумақ/ Ащы мысқылмен,зілді кекесінмен ашық түрде күлкі ете суреттеуді сатира дейміз. Сатиралық ойды табу. /Соңғы үш шумағы/ Оқушылардың баяндағанын қорытындылау үшін синхрондық таблица қолдануға болады.

1893 жыл Көкшетау облысы әкесі Шоқпыт (Әбубәкір)

1908 жыл Баянауыл Әбдрахман медресесі.

1911 жыл Баянауыл Нұрғали мұғалім.

Ой шарықтату. Өлең ұйқасын,тармақтарын талдау (5 шумақты)

ааба – қара өлең ұйқасы, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақтан тұрады. Сөздік жұмысы /дәптерге жазып алады/ Оқа-әшекейлі зат.

Бұлды түйме-бағалы ілгек

Шекпен-түйенің жүнінен жасалған сырт киім

Нақақ-адал,бейкүнә

Оқулықпен жұмыс.

1/. Өлеңді бөліп мәнерлеп оқу.

2/. Тапсырма орындау.

І топ. 4-шумақты қара сөзге айналдырып жазу.

ІІ топ. Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар? Мазмұнын естеріне түсіру.

ІІІ топ. Өлең мазмұнын айт.

І топ. Осы өлең арқылы Шорманның Садуақасына мінездеме бер.

ІІ топ. Осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел айт.

ІІІ топ. Өзің біреуді әжуалап өлең шығарып көр.

Ой қорыту.

«Insert» стратегиясы бойынша жұмыс.


V

+

?

Білемін

Білдім (мен үшін жаңа ақпарат)



Білгім келеді


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай әр топ білімдерін бағалайды.


Үйге тапсырма: С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп оқу.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі