С
витаминінің адам ағзасына физиологиялық
әсері мен пайдасы туралы білесіз бе ?
Дәрумендер
салауатты, толыққанды өмірді ұзартуда
маңызды рөл атқарады. Ең алдымен, дәрумен
– өмірлік қажетті қосылыстар, яғни
онсыз ағзаның қалыпты жұмысы мүмкін
емес. Мен бұл мақалада дәрумендер
ішінде адам ағзасына аса қажетті С
дәрумені, оның ағзаға тигізетін
физиологиялық әсері мен пайдасы туралы
әңгіме қозғамақпын. Аскорбин қышқылы
неесе Сдәрумені адам ағзасында
көмірсулар және ақуыз алмасу процестеріне,
фолий қышқылының алмасуына, асқазанның,
ішектің және ұйқы безінің қалыпты жұмыс
істеуіне қатысады.Ағзаның әр түрлі
функцияларына әсер етеді, Р дәруменімен
бірге қан капиллярлар қабырғаларының
серпімділігі мен өткізгіштігін қалыпқа
келтіреді, қанның ұюын реттейді, қан
түзуге қатысады. Аскорбин қышқылы
медицинада цинга, жұқпалы аурулар,
ревматизм, туберкулез, жара аурулары,
гепатитті емдеуде де қолданылады. Суда
еритін бұл дәрумен табиғи жағдайда үш
формада кездеседі: аскорбин қышқылы,
дегидроаскорбин қышқылы және аскорбиген
түрінде. Дені сау ересек адамның С
дәруменіне деген тәуліктік қажеттілік
70-100 мг. Адам ағзасында аскорбин қышқылына
деген қажеттілік қолайсыз климат
жағдайында артады. Үлкен бұлшықет
жүктемесі, стресстік жағдайлар, көптеген
аурулармен күресу кезінде оны тұтынуды
арттыру керек дегенді медицина саласының
мамандары жиі айтады. С дәрумені
организмде мүлдем пайда болмайтындығын
ескере отырып, оның тәуліктік мөлшері
адам ағзасына міндетті түрде тағаммен
түсіп тұру керек екендігін ескеруіміз
қажет.
Бүгінгі
күні С дәруменің күнделікті тиісті
мөлшерде қабылдап отыру,кез келген
жастағы адам үшін өте маңызды. Ал жас
енді қалыптасып кел жатқан организм
үшін ол өмірлік қажеттілік десек те
болады. Осы бір қарбалас тіршілікте
ағзамызға қажетті дәруменнің күндік
мөлшерін алу туралы барлығымыз бірдей
деңгейде ойланып,соған тиісті әрекет
ететіп жүрміз деп айтқаным шындыққа
көп жанаса бермейтіні аян. Егер 1 4-15
жасар жөсөспірім балаға күніне 50 мг
шамасында С дәрумен қажет болса ,онда
ол күніне 200 мл грейпфрут немесе 200 мл
апельсин шырының ішу не басқа құрамында
С дәрумені көп цитрус,жемс-жидектерді
тамақ рационына енгізу керек. Цитрус
дақылдары біздің елде өсірілмейді,сырттан
әкелінетін белгілі қорыта айтқанда,
оны күнделікті тамақ рационына енгізу,
кез келген адамның қалтасы көтере
бермейді. Осы туындаған мәселені шешуде
«
Жеміс-жидектер
құрамындағы С дәруменің титрлеу әдісі
арқылы анықтау» тақырыбындағы ғылыми-
зерттеу жұмысымның нәтижесі бойынша
мынадай ұсыныс жасағым келеді .С
дәруменінің күндік мөлшерін қабылдауымыз
ешбір материалдық қиындықтар туғызбас
үшін , өзі арзан және кез келген адам өз
бетінше жинап ,кептіріп ,қысқы мерзімге
қор жасай алатын итмұрынды пайдалану
арқылы , дәруменге қажеттілікті
қанағаттандыруға болады деп есептеймін.
Себебі итмұрын жемісінің 100гр С дәруменінің
400-600мг кездеседі ,оны адамның бір күндік
мөлшеріне шағатын болсақ, ол небары
10-15 шақты жемістен тосап дайындап ішсеңіз
болғаны. Ал ең қызығы кептірілген
итмұрында оның өлшері 800-1200 мг дейін
жетеді, яғни күндік дәруменге деген
қажеттілікті қанағаттандыру үшін 3-4
кептірілген жемістен жасалған тосап
жеткілікті десек те болады. Жалпы бұл
дәруменнің адам ағзасына физиологиялық
әсері өте ауқымды және оны бір мақала
көлемінде толық ашып айту мүмкін емес.
Дегенмен,
қауіпті вирустық аурулар мен күресуде
ағзамыздың иммундық жүйесін нығайту
мақсатында , өте қымбат дәрілік
препараттар қолдану орнына итмұрын
сияқты «дәрумендер қоймасы» деген
атаумен белгілі өсімдікті қолдануымыз
пайдалы, әрі тиімді деп ойлаймын.
Дарынды
балаларға арналған үш тілде оқытатын
Қарғалы
№2 арнаулы гимназиясының 9 «А»
сынып
оқушысы Айтбек Назерке