Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Сабантойды тойлаймыз»
Мақсаты: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту.
Міндеттері: Қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, жоғары-төменгі қозғалысын ажырату.
Музыка сипатына сәйкес қимылдар орындау. Ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Балаларға сабантой мерекесінің мазмұнын таныстыру.
Мерекелік көңіл күй сыйлау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекті құралдар: күйші Дина Нұрпейісованың портреті;
«Сабантойда» атты тақырыптағы суреті, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: мереке – праздник – celebration.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар көңілді музыка әуенімен залға кіреді, аяқты нық басып, музыка ауысқанда жеңіл әуенмен аяқтың ұшымен жүгіреді.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов).
Шығарманың 1-бөлімінде балалар зал ішінде шеңбер бойымен екеуден қол ұстасып,
жай жүреді. Әуеннің 2-бөлімі орындалғанда зал ішінде біреуден жеңіл секіре басып шашырап жүреді. Әуен рет 2-3 рет қайталанады.
Балалармен сабантой туралы әңгіме өткізіп, ол мерекенің қандай кезде болатынын, не үшін тойланатыны туралы мәлімет беру.
Суреттерден әңгіме құрастыру, балалардың тіл байлығын жетілдіру.
Музыка тыңдау: «Тойбастар» күйі (Д. Нұрпейісова).
Күйді тыңдай отырып алған әсерлерін ортаға салу, күйдің мағынасын түсіндіру. Д. Нұрпейісова туралы мәлімет беру, портретін көрсету.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Сабантой» (Е. Хасанғалиев).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір-бірін тыңдай отырып, айғайламай, дауысқа күш түсірмей, табиғи дауыспен айтуға үйрету.
Үйренген ән «Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Көңілді қолшатырлар биі» (педагогтің таңдауымен үнтаспада). Би элементтерін мәнерлеп орындауға үйрету.
Еске сақтауға, ырғақты сезіне орындауға қалыптастыру. Ойындар, хороводтар: «Теңге алу» – қазақтың ұлттық ойыны. (Күй «Адай» Құрманғазы, үнтаспадан).
Педагог ойын шартын түсіндіреді.
Балаларды ептілікке, батырлыққа, табандылыққа баулу. Ұлттық ойынға қызығушылықтарын арттыру.
-
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Бүгінгі оқу қызметінің қай кезеңі сендерге көбірек ұнады?
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дауыстардың биіктіктерін ажыратып, жоғары-төменгі қозғалысын ажыратады, ән орындайды.
Түсінеді: қарапайым музыкалық терминдерді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сабантойды тойлаймыз»
«Сабантойды тойлаймыз»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Сабантойды тойлаймыз»
Мақсаты: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту.
Міндеттері: Қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, жоғары-төменгі қозғалысын ажырату.
Музыка сипатына сәйкес қимылдар орындау. Ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Балаларға сабантой мерекесінің мазмұнын таныстыру.
Мерекелік көңіл күй сыйлау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекті құралдар: күйші Дина Нұрпейісованың портреті;
«Сабантойда» атты тақырыптағы суреті, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: мереке – праздник – celebration.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар көңілді музыка әуенімен залға кіреді, аяқты нық басып, музыка ауысқанда жеңіл әуенмен аяқтың ұшымен жүгіреді.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов).
Шығарманың 1-бөлімінде балалар зал ішінде шеңбер бойымен екеуден қол ұстасып,
жай жүреді. Әуеннің 2-бөлімі орындалғанда зал ішінде біреуден жеңіл секіре басып шашырап жүреді. Әуен рет 2-3 рет қайталанады.
Балалармен сабантой туралы әңгіме өткізіп, ол мерекенің қандай кезде болатынын, не үшін тойланатыны туралы мәлімет беру.
Суреттерден әңгіме құрастыру, балалардың тіл байлығын жетілдіру.
Музыка тыңдау: «Тойбастар» күйі (Д. Нұрпейісова).
Күйді тыңдай отырып алған әсерлерін ортаға салу, күйдің мағынасын түсіндіру. Д. Нұрпейісова туралы мәлімет беру, портретін көрсету.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Сабантой» (Е. Хасанғалиев).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір-бірін тыңдай отырып, айғайламай, дауысқа күш түсірмей, табиғи дауыспен айтуға үйрету.
Үйренген ән «Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Көңілді қолшатырлар биі» (педагогтің таңдауымен үнтаспада). Би элементтерін мәнерлеп орындауға үйрету.
Еске сақтауға, ырғақты сезіне орындауға қалыптастыру. Ойындар, хороводтар: «Теңге алу» – қазақтың ұлттық ойыны. (Күй «Адай» Құрманғазы, үнтаспадан).
Педагог ойын шартын түсіндіреді.
Балаларды ептілікке, батырлыққа, табандылыққа баулу. Ұлттық ойынға қызығушылықтарын арттыру.
-
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Бүгінгі оқу қызметінің қай кезеңі сендерге көбірек ұнады?
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дауыстардың биіктіктерін ажыратып, жоғары-төменгі қозғалысын ажыратады, ән орындайды.
Түсінеді: қарапайым музыкалық терминдерді.
шағым қалдыра аласыз













