Сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


74 жалпы орта мектебі






Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Мұқағали Мақатаев жырларындағы ұлттық болмыс, халықтың салт- дәстүрлері мен нақыл сөздері»



Анарбек Әсемай Қалдыбекқызы

7-сынып оқушысы

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сайрам ауданы №74 ЖОМ


Ғылыми жетекшісі: Мушатова Ж

74 жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі


2019-2020 оқу жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы №74 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Анарбек Әсемай Қалдыбекқызы «Мұқағали Мақатаев жырдарындағы ұлттық болмыс, халықтың салт- дәстүрлері мен нақыл сөздері» атты ғылыми еңбегіне

Рецензия

Қазақтың аса дарынды ақиық ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың мұрасы, өлең үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп- қадірлейтін қазынасы. Анарбек Әсемай еңбегінде поэзия пырағын ауыздықтаған айтулы ақынның жырларын зерттеп, өз ғылыми жұмысына арқау еткен. Ақиық ақынға арналған ғылыми жұмысының тақырыбы «Мұқағали жырларындағы ұлттық болмыс, халықтың салт дәстүрлері мен нақыл сөздері» деп аталады. Ғылыми жұмысында ақын жырларына жан- жақты талдау жасап және халықтың салт – дәстүрлерін қалай арқау еткенін анықтаған. Сонымен қатар ақын поэзиясындығы нақыл сөздерді, яғни афоризмдерді талдаған. Бұл ғылыми еңбегінде Мұқағали ақынның нағыз талантты ақын екендігін, оның шығармаларының өміршең екендігін танытуға тырысқан.

Қорыта айтқанда, Анарбек Әсемайдың еңбегі- ғылыми жұмыстарға қойылатын барлық талаптарға және жас ерекшелігіне сай орындалған, көрнекті ғылыми еңбек болып табылады

Пікір жазған: Мушатова Жанар

74 жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті

пән мұғалімі









Аннотация


Зерттеу жұмысында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен поэмаларында ұлттық болмыс, халықтың салт- дәстүрлері мен нақыл сөздеріне тоқтала отырып, адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытудағы ақын шығармашылығының құндылығын таныту жайында айтылады.







Аннотация




Исследоване на тему раскрытие человеческой души и духовных ценностей в национальном характере, обычай и традиции слова назидания в поэзии Мухагали Макатаева








Annotation


Research on the disclosure of the human soul and spiritual values in the national character, customs and traditions edifying words in poetry M.Makataeva.











Жобаның негізгі мақсаты: Мен ғылыми жұмысымда ақынның қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыз екенін, қазақтың күпі киген өлеңін шекпен жауып мың түлеген ақын екенін дәлелдеуді мақсат еттім. Мұқағали Мақатаев поэзиясының құндылығын жас өскелең ұрпаққа паш ету- басты міндетіміз болса, сол міндетті шешуге өз үлесімді қосу менің де парызым. Сондықтан мен ғылыми жұмысымда ақын поэзиясын жан- жақты білуге тырыстым. Қазақтың салт дәстүрлдеріне тоқтала келе ақын поэзиясындағы осы бағыттағы өлеңдеріне тоқталдым. Ақын өлеңдеріндегі афоризмдерді табуға тырыстым. Арнайы жоспар бойынша ғылыми жобамды жаздым.

Ғылыми жобамда Мұқағали ақынның нағыз талантты ақын екендігін, оның шығармаларының өміршең екендігін танытуға тырыстым.

Ғасыр ауысар тұста Қазақстан Жазушылар одағының шешімімен Мұқағали «Ғасыр ақыны» аталды.

Міне, енді жалпы халықтың сүйіспеншілігіне әлдеқашан ие болған ақын ақыры бұрын ұсынылса да белгісіз, түсініксіз себептермен алмай келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына дүбірлі жалпы халықтың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ие болды. Бұл халық пен өкілетіміздің біртұтастығының айқын дәлелі іспетті. Сондықтан Мұқағали өлген жоқ, оның мұрасы халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Мұқағали мұрасы мәңгілік.


Жобаның міндеттері:

  • Сөйлеу мәдениетін менгерген тұлға ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру;

  • Ана тілде таза, еркін сөйлеуге төсілгендігін таныта білу;

  • Мәліметтерді ұстану мен рәсімдеу қабілеттерін қалыптастыру;

  • Ғұмыр бойы өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

  • Шешімді түзу, танымдық іс-әрекеттің мақсаты мен алынған нәтежені салыстыру, өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру;



Жұмыстың өзектілігі: М. Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт дәстүрлері мен нақыл сөздерін талдау жасай отырып көркем әдебиет сүйер оқырманның жеке тұлғалық қасиетін танытуға, сыни тұрғыдан ойлау арқылы-шығармашылық қабілетін дамытуға тәрбиелеу.


Тақырыпты зерттей келе көз жеткізгенім:

Мұқағали Мақатаев. Осы есімді айтқанда көңіл шіркін сан құбылады. Өйткені мен Мұқағали өлеңдерін оқып, жаттап өстім. Алғаш шәкірт атанып, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ Мұқағали өлеңдерімен таныстым. Мұқағали деп аталатын ақын барын естіп, оның өлеңдері санамнан бір сәт кеткен емес. Балалық бал дәуреннің қызығымен бірге бойға сіңген ақын өлеңдері жан дүнием мен ой- санамды түгелдей билеп алғандай еді. Мұқағали өлеңдерін оқып отырып балалықпен қоштастым, Мұқағали өлеңдерін оқи отырып кеудеме сыймай аласұрған алғашқы сезіммен де арпалыстым. Мұқағали өлеңдерін оқи отырып әлемде махаббат деп аталатын сезім мен құдіреттің барын ұқтым. Қуансам қуанышымды бөлісетін, қапалансам қайғыма ортақтасатын Мұқағалидың өлеңдері еді. Тіпті көзге жас, көңілге мұң ұялаған сәттерімде қолыма ақынның жыр- жинақтарын алатын едім. Қолыма алып өз көңіл- күйімді дөп басатын өлең жолдарын асығыс іздей бастайтынмын. Оны көп іздеп әуреге де түспейтінмін. Өйткені жыр шумақтары үнемі мендегі өзге түгіл өзіме де түсініксіз жүрек дүрсілімен үндесіп жататын. Соныдықтан да мен Мұқағали жырларын тек қана оқып қоймай оның өлеңдеріндегі ұлттық болмысты, халықтық сал-дәстүрді, нақыл сөздерді білуге құмарттым. Өйткені қазақтың салт- дәстүрлері ақын поэзиясында өзіндік орын алады.



















Жоспар:


І. Кіріспе


Мұқағали қазақ поэзиясының – мақтанышы


ІІ. Зерттеу бөлімі:

1. Ақын өлеңіндегі ұлттық болмыс
2. Халықтық дәстүр- ақын өлеңдерінде
3. Нақыл сөздерге арналған Мұқағали өлеңдері


ІІІ. Қорытынды


Мұқағали поэзиясы – қымбат қазына





















І.Кіріспе

Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Қазақ қазақ болғалы ұрпақ жадында өзіне өзі сөзден ескерткіш сомдаған біртуар ұлылар бар. Данышпан Абай, абыз Жамбыл, отты Махамбет, жұлдыз Сұлтанмахмұт, тұңғиық Мағжан, Құлагер Ілияс, дауыл Қасым сияқты тұлғаларымыздың асыл ой, жауһар сезімге суарылған жырлары қазақ халқының рухани әлемін байытқан үстіне байыта түсті.

Солардан кейін қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі Мұқағали екендігі Ай мен Күндей ақиқат.

Сонау бір 1931 жылдың басында Нарынқол өңірінің ескі Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан Мұхамедқали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақ поэзиясының басына қонған бақ екенін ол кезде ешкім де білмейтін. Осы тұста ақынды дүниеге әкелген асыл ана Нағиман апамыздың бір сұхбатта берген жауабындағы мына сөздер ойға оралады: «Мұқағалиым 1931 жылдың наурыз айының сегізінде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан екі апта кейін «Наурыз тойы болады» деп күтіп отырғанбыз. Ал құжатта қалайша ақпанның тоғызы деп жазылғанын білмеймін», – дейді. Демек ресми аталып жүрген 9 ақпан ақынның туған күнін нақтылау да келер күндер еншісінде емес пе?!

Мұқаңның атын нағашысы Бизақ қояды. Мұхаммед пайғамбар мен пайғамбардың төрт шадиярының бірі – Әли сияқты қасиетті қос есімнен құралған атты иеленген бала тегін азамат болмас,–деген ырыммен қояды. Кейін жеңгелері «айтуға оң-айландырып» «Мұқағали» атап кеткен екен.

Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 желтоқсанда қан майданға аттанып кете барады. Үш айдан кейін хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын кезеңдегі жетімдікті бастан кешіреді. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның тәрбиесінде жетіліп жатқан оның алғашқы өлеңдерінің тууына да өз әкесіне деген балалық сағынышы себеп болады. Қазір ескі Қарасазда орны ғана қалған, мұражайда сызба жобасы тұрған шағын лашық үйде Мұқағалидың балалық шағы өтеді.

Әкесі Сүлеймен өз қолымен салған сол там туралы:

Мен өскен лашық – бір бөлме,

Бір бөлме – маған мың бөлме.

Хан тағы қараң қалатын,

Босағаңды аттап кіргенде, – деп туған үйдің құдіретін жырға қосқан да болатын. Алғашқы өлеңдерінің куәсі де сол бір өзен жиегіндегі «көзінің қарасындай қымбат» қоржын там да қазақ поэзиясының тарихына еніп кеткенін сезер ме екен ақын жүрегі.

Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын.

Құдіретті сөз өнері, оның ішінде поэзия XIX ғасырдың екінші жартысында Абай өлеңдері арқылы ең биік тұғырға көтерілді. Ал ХХ ғасырдың бел ортасында әдебиет есігін ашқан жас талап, жаңа буын өкілі Мұқағали жырлары да сол биікке арман сапарына яғни альпинистік заңғарға қол созып, шырқау шыңға жол тартты. Сөйтіп, Абай салған соқпақ ізімен ілгері басты. Мұқағали поэзиядағы парасаттылыққа мән бере отырып, ұлылықтан үйренуге талпынды. Әсіресе Абай парасатынан нәр алып, ұлы ақын талабына орай үн қатты. Ұлттық мұраны толықтыруға өз әлінше күш салды. Рас, Абай да, Мұқағали да тақырға түскен дән емес. Құндақтаған елдің, құнарлы топырақтың, қазыналы ортаның жемісі. Олар бай ауыз әдебиетінен жүзіп ішті, әсіресе шешендік өнердің шеберлігін меңгерді, философиялық тереңдігін игерді. Жыраулар поэзиясының өткірлігі мен өршіл рухын бойына сіңірді, тың сонарларын шалды. Яғни халық даналығының небір нәрі мен дәнін жинады. Өскелең орыс әдебиетінің озық үлгілерімен, әлем классиктерімен талмай танысты. Одаққа танымал таңдаулылардың суреткерлік қабілет қарымдарынан, әдеби әдіс-тәсілдерінен үйренді. Ғаламдық деңгейде дүние танымдарын жетілдірді. Өздеріне дейінгі мықты білім қорымен қаруланды. Заманның өнегесі неде, өріссіздігі қайда екендігін ажырата білді.

М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ол дүниеден озғалы бері тоқтаусыз айтылып та, жазылып та келеді. Бірнеше ғылыми жобалар қорғалды. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы хақында сөз болғанда, Мұқағалидың өлең, дастандарына соқпай өту мүмкін болмай қалды. Ақын жырлары мектеп оқу бағдарламаларынан ойып тұрып орын алды.




ІІ. Негізгі:

Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол – сатылмайтын байлық. Біз үшін сатылмайтын байлық- тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары. Осы аталған нәрселер әр адамда бар, бірақ өкінішке орай, бәрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ұлттық болмыстың бастау алар бір көзі – тіл болса, екіншісі – тарих. Өз елінің, ұлтының тарихынан қол үзген адам тамырсыз ағаш іспеттес, өсуін тоқтатады. Атам қазақ шыққан тегін білмеген адамды – «тексіз», тарихына тұшынып көрмеген адамды – «көргенсіз» деген. Білуге ұмтылмасақ, көргенді түйе алмасақ, көптің мүддесіне үлес қоса алмасақ, адамдықтан не пайда?
Ұлттық болмысы, яғни ұлттық рухы жоқ  ұлт – ұлт емес. Ұлттық болмысымыз жоғалса, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, тіліміз, дініміз ұмыт болып, өзге ұлттың жетегінде кетеміз. Қазақ халқының егемендік алып, тәуелсіз ел болуы бір ай немесе бір жыл емес, сан ғасырлық жинақталған рухының жемісі.

Ірі ақындық қуат пен азаматтық ар-намыстың көркем жемісі, әр шығармасынан өрнек тауып, оқырманының ойына қанат, бойына қуат бітіріп, поэзия құдіретіне бас игізген – Мұқағали Мақатаев. Оның поэзиясында табиғат та, адамзат пен дөңгелек дүние де анау-мынау ұсақ-түйек күйкі тіршілік емес, пендешіліктен адам жоғары қасиеттерімен даралана білді.

Ұлтымызда бесік тәрбиесі-бүкіл ұлттық тәрбиенің негізгі арқауы. Халқымыздың атадан әкеге, әкеден балаға мұра болып келе жатқан қасиетті бұйымдарының бірі – бесік. Бесікті киелі деп есептеген. Оны өзге жанның ұстамақ түгіл қол тигізуге дәті бармаған. Ұйықтап жатқан ұлының бесігін тербетуге қарсылық білдіріп, оны қызғыштай қорғауының мәні осында жатыр. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демей ме ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов. Бұдан кейін ақынның:


Бақыт, байлық – барлығы менің үшін,
Сенің бір кеп мойныма асылғаның, - деген жолдарымен өріледі. Кішкентай сәбидің әке мойнына асылуының өзі неге тұрады? Байлық та сол, бақыт та – сол емес пе?!

«Күзетші» деген өлеңінде:
Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
Қар қалғымай күзетші боп бекінді.
Сәл ұйықтаса төрт немере төрт жаққа,
Көзден ғайып болатұғын секілді.

Мұнда қарттар мен әжелердің немереге деген көзқарасы, ұлттық психологиясы көрінеді. Әрбір отбасындағы ата мен әже тұлғасы – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлы өнегенің таусылмас қайнар көзі. Халқымыздың мақтанышы болған ұлы перзенттеріміздің қалыптасуына оларды әлдилеп өсірген әжелердің еңбегі зор. Қазақ халқының отбасындағы, әулеттегі тәрбие үрдісінде «Әжелер тәрбиесінің» мәнісі зор болды. Әжелердің үйелмендік тәрбиесі жас аналар, келіндер, бойжеткен қыздар үшін бала тәрбиесінің академиясы іспетті. Ана-ене салты, келін салтына сай 6 жасқа дейінгі нәрестелік, балбөбектік кезіндегі ұлдардың тәрбиесіне әжелер мен аналар тікелей жауап берген. Ат жалын тартып, сүндетке отырғызылғанға дейін кезеңдегі балбөбектік кезіндегі ұлдардың жүрегіне ана махаббаты мен мейірбандық нұрын берген болса, ендігі жерде балиғаттық, бозбалалық, жігітшілік салтының қатал қағидаларына тәрбиелеу үшін, жасықтық, жуастық, жасқаншақтық тәрізді қасиеттерден арылту мақсатында атаның, әкенің, ағаларының қолына беріп, ер мінезділікке тәрбиелеген..


Көбелек деп жүрсің бе отты айналған?
Қуатым бар кеудемде шоқтай жанған.
Кер бестімін кермеде қаңтарылған,
Бәйге болса қалайда шаппай қалман, - деп басталатын
«Қарт аңшының дегені» атты өлеңінде ұлтымызға тән қасиетті дөп басып айтқан. Атамыз қазақ бәйге болады екен десе, соған күні бұрын атын жаратып, баптап, үкілеп бәйгеге қосатын болған. Бәйге жөнінде ақын:
Шаппай қалман және де озбай қалман,
Бәсіңді қой нанбасаң сөз байласқан, - дейді.
Ақын бәйге атын жырлай отырып, бұрын байқалмаған тың образ жасауға игі қадам жасаған.
Кер бестімін кермеде қаңтарулы,
Дүбір шықса үзермін арқаныңды, - деп кермедегі қаңтарулы жүйрікті әдеби фон ретінде ала отырып, ақын өмірдегі өзінің жыр бәйгесіндегі бейнесін жасайды. Әрине, бәйгені шаппай бермейді. Өзінің ерен жүйрік екенін нық сеніммен айтады. Айтуға қақысы бар. «Қазағым аман болса, мен ешқашан өлмеймін» деген еді Мұқағали Мақатаев өзі туралы..[9,10-бет]



Мұқағали ақын өз поэзиясында көптеген халықтың салт-дәстүрін, ырым-нанымдарын өлеңдерін арқау етеді. Мұқағали ақын қазақтың салт-дәстүрлерінің поэзиядағы тұтас галереясын жасады деуге де толық негіз бар. Мұқағали жырлары – қазақи болмыс тіршілігіміздің, атадан балаға дарып келе жатқан асыл салт-дәстүріміздің де айнасы бола білді.


Тұсау кесу – қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін» деп өлеңдетіп қазақтар сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүгіртеді, шашу шашады. Тұсау кескен адамға кәдесін береді, мәселен «Сәби болғым келеді» өлеңінде жырға қосады:

Қанаттанып өмірге ұшарымда
Кесілмесе бәрібір тұсауым да
Сәби болғым келеді, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында.



Бәсіре – бала жеті жасқа келгенде оған құлын, тай атайды. Бәсіреге аталған мал баламен бірге өседі. Оны бәсірен мал дейді. Мысалы, жылқышы атам – қамқоршы, асыл еді,

Әкелді де, ерттеді бәсіремді – дейді.



«Әлди, әлди ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем», деп басталатын бесік жыры ертеден құлағымызға таныс естіледі. Бесік – киелі, қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу халқымыз үшін елеулі дәстүр. Сәбиді бесікке үлкен елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелер салған. Ауызша кездесетін бесік жырының үлгісімен жазған Мұқағали Мақатаевтың «40-жылдардағы бесік жыры» өлеңінде:

Бөпем – бөпем, бөпем-ау,
Қай жерде қалды көкең-ау
Көбісі біздің ырымның
Түкке алғысыз екен-ау! – деп мұңды жырды жазады.

Жаңа түскен келінді беташар дәстүрі жасалмай, ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі беташар жасалады. Оған туған-туысқандар тегіс қатынасады. Беташарда жас келінге тума-туысқандар тегіс таныстырылады.

Суреткер ақын осы беташар салтына байланысты туған «Беташар» өлеңінде:

Боз ала ауыл жастары,
Бозбала күнін бастады.
Боз жаулық жауып қыздарға
Шаңырақ құра бастады, – дейді.

Тәбәрік беру – дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ата-бабаның қастерлі бұйымдарын ұрпағына мұра етіп қалдыру оларға үлкен ескерткіш, естелік болып табылады. Ақынның «Әке, сенің тастап кеткен мұраңды» өлеңінде:

Әке – сенің тастап кеткен мұраңды
Төрт немерең көрген шақта қуанды
Терің сіңген тақияға жармасып
Алма- кезек бірінен соң бірі алды, – деп жас өскелең ұрпақты ата-баба мұрасын көненің көзіндей көруге насихаттайды.

Тағы бір «Тәбәрік» өлеңінде:
Аппақ тонын атамның тәбәрігін
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам

Қазақ халқы ақсақалды аталарды, ақ жаулықты аналарды құрмет тұтып, сыйлаған, төрден орын берген. «Тоқта, ботам» өлеңінде ақын:
Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы
Кейімесін ата қыран ұялы
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін
Атаң саған ұзақ өмірін қияды – деп, жас жеткіншек балаларды, қарттарды сыйлауға шақырады. Тағы бірде ақын:

Анам маған: –
Үлкенді сыйла деген.
Сол сөз маған ізгілік құйған екен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем, – дейді.

Ұйықтап жатқан баланың бетінен сүйме, шошиды деген қазақта ырым бар. Бұл турасында ақын «Бесік басында» деген өлеңінде|:
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ.
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге – дейді.

Қазақы дәстүрдің бірі – келген қонақты құр жібермеу, қуыс үйден құр шығармау. Ақын бұл орайда:
Бұзықтың қамшысындай иректелген
Бұзық ит, не сор сені сүйреп келген.
Тамыз, кәне, сүтіңнен таңдайыңа
Тажал неме бізді де үй деп келген – деп ойын сабақтайды.

Ақын Мұқағали Мақатаев «Жетім күшіктер мен кәрі сырттан» өлеңінде:

Кәрі сырттан ұлуын доғармады,
Сол кеткеннен мол кетті, оралмады.
Бірақ бізге өлігін көрсетпеді.
Қиын екен жақсы иттің жоғалғаны – деп, жақсы ит өлігін көрсетпейді деген ойды аңғартады.

Ақынның тағы бір өлеңі – «Сабыр» өлеңінде:

Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланда
Төрт тентегің құтыңды қашырғанға.
Бұл өмірде баладан асыл бар ма,
Сабыр, сабыр, әй, достым ашуланба! – деп, сабыр түбі – сары алтын деп досын сабырлыққа шақырады.




Ақын өлеңдерін оқығанда ақынның әр өлеңінен нақыл сөздерді жиі келдестіруге болады. Мысалы,

«Өмір – өзен» өлеңінде:

«Рахатқа бола бес күнгі
Ренжіте көрме ешкімді.» иә болмаса:
«Өмірді қалай сыйласаң,
Өлімді сондай жат көрме» – дейді.

Достық турасында М.Мақатаевтың нақылға толы «Қарлығашым, келдің бе?» өлеңінен үзінді келтірсек:
«Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген адамның серігі екен» немесе

«Достық» өлеңінде:

Шоқтанып жүрген көгімде
Шолпаным бар ғой менің де,
Жолдассыз, доссыз тегінде
Өткерген өмір, өмір ме? – деп ойын жалғастырады.

Ақын өлеңдерінде афоризмдер яғни нақыл сөздер өте көп. Афоризм дегеніміз – мән-мағыналары терең нақыл сөздер. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтірсек:

1 Жамандарды іздеме өзі табар
Жақсыларды табуың қиын екен

(«Мавр» өлеңінен)
2 Бір бұйымы бір үйге мұра болар
Қайран біздің аталар – ғұламалар.

(«Аққулар ұйықтағанда»)
3 Атамнан қалған мұра ізеттілік
Арымды соған қоям күзеттіріп.

(«Шуағым менің»)
4 Қазақтың мал-ырысы, малы-бағы
Қашаннан бір-біріне танымалы
(«Тау өзені тентек қой, тасып жатыр»)
Дариясы өмірдің шайқалмайды
Дәрмені жоқ бір пенде жылағанға
(«Өмір дейтін»)
Адамның ғұмырынан қысқа не бар?
Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді.
(«Сәби-ана» өлеңінен)
Білесің бе, ей кім көрінген?
Айтсын деп ақиқатын тіл берілген!!!
(«Сынауға тіпті құмар кім көрінген»)
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ошағында
Біз тұтатқан от жансын!
(«Болады деп арманда»)
Бас – биік қой,
Биік жерге алдымен қар түседі.

(«Бастау» өлеңінен)
Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегіспей,белдеспей
Өтейікші біріміз бен біріміз
Өшіктірмей, өкпелетпей сен деспей

(«Қарлығашым, келдің бе?»)
Ең бір ақынның жаныма жақын өлеңі
«Елім барда». Ақын бұл өлеңде үш нәрсені- халқын, тілін, Отанын бәрінен артық көретінін білдіреді. Мысал келтірсек:
Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін.
Тас жүректі тілммен тілімдедім
Бақытым бар үшінші – Отан деген
(«Елім барда»)


ІІІ. Қорытынды:

Мұқағалидың поэзиясы – қай жағынан алғанда да, тақырып, мазмұн, барлығынан биік тұрған поэзия. Оның өлең әлемі – қазақтың таңғажайып жыр әлемінен тұратын керемет ғажайып әлем. Мұқағали поэзиясы – ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан–жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Оны қара өлеңнің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең – Мұқағали үшін - қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай жарқылдаған жігері, қайрат -күші.


Қалқам!
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

Бұл шынайы елжандылықтың сөзі, асқақ патриотизм үлгісі!

Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Жалпы ұлттық рух дегенде, мынадай басты құндылықтарымызды алға тартар едік. Олар – туған жер, өскен өлкеміз, ана тіліміз, тарихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне, осы құндылықтардың қай-қайсысы болса да Мұқағали өлеңбаянының алтын арқауы болып табылады. Мұқағали шығармасы – қымбат қазына!










Пайдаланған әдебиеттер:



1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл.
2. «Егеменді Қазақстан» газеті 9 ақпан, 2002 жыл.
3. «Жас Алаш» газеті 19 маусым 2003 жыл.
4. «Әдебиет» газеті, 27 шілде, 2001 жыл.
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл № 6
6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл №7
7. «Этнопедагогика» журналы, 2005 жыл  № 7

8. Ғаламтордан суреттер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі