400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ барысында мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді стратегиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ барысында мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді стратегиялары туралы мағлұмат береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ барысында мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді стратегиялары

«Мәтін-шынайы өмірді модельдейтін ерекше ұйымдастырылған сөздік құрылым» М.Ю.Лотман


Қазіргі білім беру саласында оқушылардың мәтінді терең түсініп, өз пікірін еркін жеткізе алуы маңызды. Оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге үйрету - бұл олардың тек ақпаратты қабылдау ғана емес, сонымен қатар ақпаратты сыни тұрғыдан ойлап, оны шығармашылық тұрғыдан қолдана білуіне ықпал етеді. Сабақ барысында педагог мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді стратегияларын қолданса , оқушылардың оқу дағдылары жетіледі. Білім алушылар өз ойларын дәлелді түрде жеткізуге машықтанады.

Мәтіннің әрбір элементін сараптап, әр түрлі тұрғыда талдау оқушыға тек білім ғана беріп қоймай, «Әлемнің өзі-мәтін» деп Ж.Деррида айтқандай сол білімді өмірде қолдануға да мүмкіндік жасайды деп есептеймін. Сондықтан да бала бойына білім дәнін себе білейік.

Білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда мәтіндермен жұмыс жасаудың тиімді стратегиялары көп-ақ . Атап айтсақ, тиімді стратегияның бірі- оқушылар мәтінді бөлікке бөліп оқуы. Әр бөлім бойынша оқушылар сұрақтар дайындайды. Оқушылар сұрақтар құрастырып, жауаптар іздеуге тырысады. Бұл әдіс мәтінді түсініп оқуға, сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға ықпал етеді.Келесі стратегия мәтін бойынша талдау жұмыстарын жасау болып табылады. Мәтіннің құрылымын, тілдік ерекшеліктерін, аудиториясын, автордың көзқарасын зерттеу арқылы оқушылар оның мағынасына тереңірек бойлайды. Мәтінді талдау кезінде білім алушылар тілдік дағдыларын жетілдіреді.Мәтін бойынша пікір білдіру стратегиясы да оқушының ойын, көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Мәтіннің мазмұны бойынша жеке пікір жазуы немесе сыныптастарымен талқылауы білім алушының ұстанымын анықтайды. Бұл тәсіл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сындарлы ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда,оқу күрделі үдеріс болғандықтан, сабақ барысында мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді стратегиялары оқушылардың ақпаратты терең меңгеріп, тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Мен педагог ретінде мәтінмен жұмыс жасауда талқылау, сұрақ құрастыру, сұрақ қою, талдау сияқты әдістерді қолданып, оқу процесін қызықты әрі тиімді өткізуге тырысамын. Мәтінмен жұмыс істеуде бала бойында басқаларды тыңдай білу,қатарластарының ойымен санасу, мәселелерді бірлесіп шешу дағдылары қалыптасатынын байқадым. Сондықтан білім алушыларға мәтінмен жұмыс жасатып, ойын ұштап,көзқарасын қалыптастырсақ болашақтың қамын ойлайтын,саналы ұрпақ болады дегенді сеніммен айта аламын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 сәуір
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі