400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ барысында Plickers бағдарламасын қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Plickers — статистикалық жұмыс жасау үрдісін жеңілдететін және сыныптың жауабын лезде бағалап беретін қосымша. Біз жарнамалардағы QR-кодтарды көргенде, ол кодтар нақты бір сайтқа қосымша ақпарат алу үшін сілтеме жасайтынын білеміз. Бірақ, бұл QR-кодтардың жалғыз қолданысы емес. Plickers мұғалімнің ұялы телефонын немесе планшетын оқушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланады. Әр оқушыда жеке карточка болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ барысында Plickers бағдарламасын қолданудың тиімділігі


Байбатжанов Ержан Қасеинұлы,

Жетісу құрылыс техникалық

колледжінің өндірістік оқыту шебері


Plickers — статистикалық  жұмыс жасау үрдісін жеңілдететін және сыныптың жауабын лезде бағалап беретін қосымша.

Біз жарнамалардағы  QR-кодтарды көргенде, ол кодтар нақты бір сайтқа қосымша ақпарат алу үшін сілтеме жасайтынын білеміз. Бірақ, бұл QR-кодтардың жалғыз қолданысы емес.

Plickers мұғалімнің ұялы телефонын немесе планшетын оқушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланады. Әр оқушыда жеке карточка болады. Карточканың төрт қабырғасы жауаптың төрт нұсқасын білдіреді, оларды бұру арқылы оқушы дұрыс нұсқасын таңдайды. Алдын ала бағдарламаға сыныптың тізімі ендіріледі, сол арқылы әр оқушының сұраққа қалай жауап бергенін білуге болады.

Plickers қосымшасы арқылы тақырып соңында тест өткізуге  болады. Ол үшін алдын ала сыныптың тізімі мен тест сұрақтарды енгізіп қою қажет. Оқушылар карточкаларын дұрыс жауабына бұрып бір уақытта көтереді, ал сіз планшетке немесе ұялы телефонға түсіріп аласыз, бағдарлама жауаптарды сканерлеп, нәтижесін көрсетеді. Plickers-те жауаптарды диаграмма арқылы да көруге болады. Plickers-ты оқушылардың сабаққа кім қатысып отырғанын білу үшін де қолдануға болады. Бұл бүкіл сыныпты тізім бойынша тексергеннен карточкаларды көтеріп тұрған оқушыларды суретке түсіріп алған тиімдірек деп ойлаймын.

Plickers–тің тиімділігі осында – ол оқу үрдісін өзгертпейді. Ол қосымшаны қолдану үшін компьютерлік сынып және басқа да техника қажет емес, тек қана мұғалімнің планшеты керек. Сонымен қатар, оқушылардың өзіне де қызықты, себебі сабақта ойын элементы пайда болады.

LearningApps.org – бұл PH Bern білім беру Информатика Педагогикалық колледжі Орталығының Майнц және Циттау / Герлиц  қалалары Университеттерімен бірлескен ғылыми-зерттеу жобасы.

Интерактивті білім беру қосымшасының негізгі тапсырмасы балаларды интерактивті және қызықты формада оқытатын арнайы мультимедиялық бағдарлама. Интерактивті тапсырмаларды құрастырушы


LearningApps.org  «Викторина»; «Сөздерді белгілеу»; «Кім миллионер болғысы келеді?»; «Топтастыру», «Картада белгілеу», «Жұпты табу», «Құрастыруға арналған пазлдар», «Суреттерді сұрыптау», «Сөзжұмбақ, Бұл қай жерде?» және тағы басқа сияқты білім беруге арналған он-лайн қосымшалардың көп түрін ұсынады.

Мен өз тәжірибемде LearningApps ты жиі қолданамын.

Кез келген жаңа тақырыпты өткен кезде

Тағы да бір жоғары мүмкіндіктерге ие  интернет бағдарламалардың бірі – Kahoot.

Kahoot – мобильді құрылғыларда дұрыс жауабы бар онлайн викторина құруға мүмкіндік беретін сервис.Сервис арқылы құрылған бір викторинаға жалпы саны 30-ға дейін оқушы қатыса алады. Веб сервис оқушының әр тақырып бойынша білімін бекітуге, тексеруге мүмкіндік береді.

Викторинаны жүргізу барысында оқушылар арасында байқау ұйымдастыруға болады. Қорытындысында оқушылардың жинаған ұпайын берген жауабының дұрыс, бұрыстығын көрсетеді. Сонымен қатар, қашықтан оқыту мақсатында да қолдануға болады. Құрылған тестті әлеуметтік желілер арқылы немесе электронды пошта арқылы сілтемесін жіберіп, басқа әріптестермен бөлісуге болады.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық, саяси-экономикалық сауатты және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгерген болуы тиіс. Еліміздің мәртебесінің биік болуы әсіресе, жас ұрпақтың білімділігі мен белсенділігіне байланысты. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап сапалылық. Мұғалім заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқытудың жаңа инновациялық әдістерін шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі сапалы, көшбасшы  тұлға қалыптасады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
14.06.2023
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі