жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
«Сервис және жаңа технологиялар колледжі»МКҚК
Орал «Сервис» технологиялық колледжінің 60-жылдық мерейтойына орай «ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты облыстық семинары
Баяндама тақырыбы:
«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,
ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Баяндамашы:
«Тамақтандыруды ұйымдастыру»мамандығының
арнайы пән оқытушысы:
Жумагалиева Индира Аманжуловна
Орал, 2020 ж.
Түйіндеме
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуі керек. Қазіргі таңда жаңа технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы болып отыр.
Қазіргі заман талабы — оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудыңжаңатехнологияларыныңбірі — интерактивті техника және технология. Интерактивті техника жәнетехнологиясыныңдамуыкезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандардыдаярлауоқытушыныңбастыміндетіболыптабылады. Қоғамдағы ақпараттаңдырупроцестерініңқарқындыдамуыжан-жақты, жаңатехнологиянымеңгергенжекетұлғақалыптастырудыталапетеді.
Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды кұралдардың бірі.
Осыған орай арнайы пәндерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану арқылы болашақта біліммен жан – жақты қаруланған мамандарды даярлау жұмысымның басты бағыты болып отыр.
Жалпы, оқу процесінде инновациялық технологияларды қолданып сабақ түсіндірудің маңызы өте зор және оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Осы біліммен өндіріске барған жас маман кейінгі заманауи мүмкіндіктермен жұмыс жасау шеберлігін қалыптастыра алады. Сондықтан оқу процесінде инновацияны қолдану – біздің басты міндетіміз болып саналады.
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен
азаматтардың білімімен өлшенеді»
Н.Ә.Назарбаев
«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
ХХІ ғасыр - білекке емес - білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман. Негізгі ой – стандартталып қалған күйден шығып, кең көлемде және жаңаша ойлау. Себебі бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі - білім беруді түбегейлі өзгерту. Әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы білім ордалары үшін де, оқытушылар үшін де ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және «Оқытушы болашақ маманды XXI ғасырға қалай дайындайды?».
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»[1] - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Осыған байланысты бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр. Кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлар мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттік білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бастады.
Инновация
дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу,
жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа
технология.Қытай даналығына сүйенсек:
«Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең,
мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы
болсам, мен түсінемін» делінген. Осы
сөздерден инновациялық оқытудың мәні
өз көрінісін табады.Жаңа инновациялық
әдістерді пайдаланудың мәні неде?
1)
Қазіргі уақыт жаңалық пен инновация
уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім
мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған
оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2)
Жаңалықты пайдалану оқушының ойлау
қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала
болжам жасауға үйретеді.
3) Инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, өзіне қажет әдісті тауып,пайдалана білу керек",- деп ғұлама Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, сабақта бағдарламаның жеті модулін қамтығанмен, солардың ішінен ең тиімдісін өз сабағымызға бейімдеп аламыз, дей тұрғанмен таңдаған модуліміз Бағдарламаның 7 модулімен тығыз байланысты екенін естен шығармаған жөн. Студенттерге әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілкті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белсенділігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы студенттің өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады.Топтық жұмыстың артықшылығы оқушылар берілген тапсырмаларды топта талдап, басқа топтарда толықтыру арқылы бір-біріне көмек көрсету арқылы, нашар оқитын балалар да сабаққа тартыла бастады.Сабақтар барысында студенттердің жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істейтіндей тапсырмалар дайындадым. Мысалы, ноутбуктан «Bilim land» сайтының ресурстарынан әр топқа жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріліп, студенттер өз беттерімен жаңа тақырыпты меңгереді. Сол жаңа тақырып бойынша тақтада жұмыс істейді. «Постер», "Кластер", "Сұрақ бізден, жауап сізден", "Кезектесіп қайталау" сияқты әдіс-тәсілдер студенттердің жеке және жұппен жұмыс жасауына мол пайдасын тигізеді. Сонымен қатар бұл әдіс-тәсілдер арқылы мен сыныптағы көшбасшылыққа бейім студенттер анықталады.
Сабақтарыма жеті модулді кіріктіру мен байланыстыру үшін былай жоспарлаймын: Сынып белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыс ұйымдастырамын. Топта сапалы, нәтижелі жұмыс істеу үшін топ ережелерін құрамыз, соны талқылаймыз. Диалогтік оқыту модулінің зерттеушілік әңгіме, пікірталас, топтық әңгіме, рөлге бөліп оқыту тәсілдерін қолдана отырып, бір бірімен қарым қатынас орнату үшін ортақ тапсырмалар беремін. Сыни тұрғыдан оқыту модулінде топтастыру, кумулятивті әңгіме, пікірталас тәсілдері арқылы оқушылар жасаған жұмыстарын талдап, сипаттауға , дәлелдемелер келтіруге үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша оқушыларды ынталандыру үшін, қызығушылығын арттыру үшін өзін –өзі бағалау, өзара бағалау, «бағдаршам», «екі жұлдыз, бір тілек» тәсілдері арқылы кері байланыс орнатуды жоспарлаймын. Білім берудегі басқару мен көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Мен оқып үйренген 7 модульді алдағы уақытта қолдануға дағдыланып, оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасаймын. Болашақта осы аталған жеті модульді барлық сабақтарымда дұрыс ықпалдастырып, оқушылардың білім деңгейінің өсу жолында еңбек етемін және алдымдағы әр оқушыма өзіндік «мені» бар, пікірі бар жеке тұлға ретінде қарай отырып, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастырамын деп ойлаймын.«Ұстаздан шәкірт озар» - деген дана халқым.
Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана, біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Қазіргі кезде мамандарды даярлау оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, әрбір арнайы пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс - әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – заман талабы. Әр мұғалім өз сабағын түрлендіріп өткізгісі келеді. АКТ-ға теледидар, интернет, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер немесе ноутбук жатқызылса, әрқайсысының өзіндік қолданылу орны бар. АКТ оқушы қызығушылығын арттырады және есте сақтауға көмектеседі. Қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады.Интерактивтітақтаарқылыоқытудыңбасқатәсілдерінеқарағанда (салыстырғанда), көптегенжетістіктері бар. Қарапайымтақтажәне компьютер проекторынақарағанда, интерактивтіктақтасабақмазмұнынкеңіненашуынамүмкіншілігіөтезор. Сабақтамұғаліминтерактивтіктақтаныбіремесбірнешерет пайдаланалады, қарапайымтақтағақарағандаинтерактивтітақтапайдалануғаыңғайлы, әріуақыт үнемдейді. Материалдардыоқыпүйренубарысындаинтерактивтіктақтаныпайдаланубілімөрісінкеңейтугемүмкіндікбереді, сондықтанмұғалімдердіңдайындаған материалы оқушыларғатүсініктірекболады.[3]Ұстаздық жолымдағы бастапқы жылынан бастап білім беруде түрлі әдістермен жұмыстана бастадым. Солардың ішінде жаңа сабақты тақырыпқа сай видеоматериалмен бастап, презентация, слайд көмегімен түсіндіріп, телефон арқылы жұмыстануға арналған «Quizlet» бағдарламасы арқылы топтық жұмыстың нәтижесін көріп күнделікті пайдалануды жөн көрдім. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - оқушылар топпен үш тілде жаңа сөздердің дұрыс айтылуын тыңдап, қайталай алады, оның аудармасын немесе түсіндірмесін көре алады, жаңа сабақты бекіту барысында тест, сәйкестендіру, дұрыс-бұрыс сияқты тапсырмалар орындап өз нәтижесін көре алады.
Сурет-1, Жаңа технологияларды сабақта қолдану сәті
Сурет-2, Жаңа технологияларды сабақта қолдану сәті
Сабақтарыма қолданатын тағы бір жаңа технология «Plickers» бағдарламасы. Ол тест тапсырмаларын орындауда таптырмас ыңғайлы құрал болып табылады. Яғни, оқушылар компьютерде көрсетілген тест тапсырмаларының жауаптарын қолдарына үлестірілген нұсқаларын көтереді, сол кезде оқытушы телефон көмегімен жауаптарды сканерлейді. Нәтижесі компьютерге интерактивті тақтадан әр оқушының аты-жөні мен белгілеген жауаптары көрінеді. Осылайша оқушының білім тексеріп, уақытты да ұтымды пайдалануға болады. Бастысы оқушыларға қызықты әрі тақырып та түсінікті болды. Бұл бағдарлама арқылы әр оқушының деңгейі анықталса, топтық жұмыс арқылы бір-бірімен бөлісу, білмеген жерінде көмектесу арқылы білімдері шыңдалады. Осылайша ақпараттық технологияны пайдаланып сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, ақпараттық — коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушының сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыруға үйретудемін.
Менің
жетістігім – менің алдымнан шыққан
студенттердің қоршаған ортаға бейімделіп,
жақсы жетістіктерге жетіп, биіктен
көрінуі! «Ұстаз тумысынан өзіне
айтылғанның бәрін жетік түсінген,
көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің
бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін
ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі,
өте шешен, өнер-білімге құштар, аса
қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа
жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу
мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек
болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы
Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын
айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі
шексіз, қадірі мол мамандық иесінің
ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар
орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені
абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға
даярлауда білім сапасын көтерудің
негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни
мұғалімнің кәсіби шеберлігі жоғары
болған жағдайда – білім сапасы да артады
дегім келеді.
Қолданылған
әдебиеттер:
«Білімтуралы» ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңы
«ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы»
Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары: оқу құралы / К. Өстеміров.- Алматы: ЖШС «Казпрофтех», 2007.
Дуалды білім беруді енгізу шарттары туралы. Альжанов М.К., Кузембаев Б.,Шаяхметов Б.К., Атамбаев Ж.Н. , Алматы, 2013ж.
Сабақ
барысында заманауи технологиялар мен
әдіс-тәсілдерді қолдану сәтінен

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген