Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ «Жақсы мен жаман» 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Автордың олеңімен таныстыру. Оқушыларға жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жақсы мен жаман

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: ақынның өмірі туралы мағлұмат беру, «Жақсы мен жаман » өлеңін оқу, талдау, идеясын ашу;

Дамытушылығы:өлеңді мәнерлеп оқуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға,өз ой-пікірін айта білуге жетелеу;

Тәрбиелігі: жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, жақсы мен жаманды

ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау,

шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,ақын портреті, ,оқулық.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды, көргенде,

сәлеметсіздерме!-деп

сәлемдесіп аламыз.


-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізейік.

Сабақтың ұраны: Ана тіліміз біздің тарихымыз, мәдениетіміз. Оларды терең білу әр оқушының міндеті.


II. Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар,бүгін сыныпта кім кезекші?

- Үй тапсырмасына не берілді?

- қалай ойлайсың, Интикуманың әкесі сияқты ақылды жинап алуға бола ма?

Әлде басқа жолды іздеу керек пе?

-Адам баласы қалай ақылды бола алады?

-Ананси неліктен құмыраны жерге лақтырып сындырды?

-Баспалап қарау деген сөз қандай мағына береді?

-Көз салу деген сөз қандай мағына береді?
-Сыбағасы деген сөз қандай мағана береді?
Топпен жұмыс
1-топ:Анансиге сипаттама бер
2-топ:Ертегі мазмұнына сай мақал-мәтелдер теріп жаз.
3-топ:Анансидің бойындағы жақсы да жаманда қасиеттерді теріп айт.
4-топ:Интикуманың іс-әрекетін әңгімелеп,оған мінездеме бер.



III. Жаңа сабақ.

Балалар сендер ребус,сөзжұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?

Ендеше сөзжұмбақ шешейік.

1.Жылт-жылт етіп төбемде,

түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)

2. Аяғымда

Басы қайқы қос сырық.

Таяғым да

Қуады оны састырып.(шаңғы)

3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)

4. Мұртын сипап күн бойы,

бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

тышқанды көп қуады.(мысық)

5.Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)



ж

ұ

л

д

ы

з


ш

а

ң

ғ

ы





қ

ы

с




м

ы

с

ы

қ






ы

д

ы

с



Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты

  • жақсы деген өте жақсы!

1.Айналада ақ отау,

аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)

2.Қыстың екінші айы. (қаңтар)

3. Даусы бар,жаны жоқ,

шертсең күйі әні көп.(домбыра)

4.Мінсем,

төменге зу етем.

Өрлесем,

оны өзім сүйретем.(шана)

5. Қасиетті тағам. (нан)




ж

ұ

м

ы

р

т

қ

а


қ

а

ң

т

а

р




д

о

м

б

ы

р

а





ш

а

н

а






н

а

н








-Ендеше, балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Жақсы мен жаман деп аталады.


-Біз бүгін “Жақсы” деген не?, “Жаман деген не?” сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену адамды айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз.

Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. - Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Сондай-ақ адам бойында жаман,теріс, қасиеттер де болады.Ол қандай қасиеттер,одан қалай сақтанамыз,оны бүгінгі «Жақсы мен жаман деген сабағымыздың барысында білетін боламыз.

Осы өлеңді жазған Қастек Баянбайұлымен танысамыз.Балалар ақыны болу үлкен бақыт, себебі бала өзінің сәби кезінде оқыған жырларды көкірек сарайында кіршіксіз, саф таза күйінде сақтайды, ақын өлеңі сәби жүрегінде ескірмес сурет болып қалады. Сондай ақындардың бірі – Баянбай Қастек. 1936 жылы 15 қарашада Талдықорған облысының Талдыбұлақ елді мекенінде дүниеге келген . Ауылдағы бастауыш мектепті бітірген соң, 1948 жылы Екпінді орта мектебінде оқыды. Осы мектептің қабырғасында жүрген кезінде – ақ Қастектің сурет салуға деген бейімділігі біліне бастайды. Ақын әдебиетке ерте араласты. Университеттің журналистика факультетін бітіріп , 1960 жылы еңбек жолын аудандық газеттен бастаған ол республикалық баспаларда бас редакторлық қызметтер атқарды. 1962 жылы жарық көрген «Арғымақ» атты кітабынан бастап, соңғы кезде жарық көрген «Құс сүті», «Жол», «Жүз жыл жаз» атты таңдамаларына дейінгі аралықта ондаған кітап шығарып, балалар тәрбиесіне белсене араласты. Сөйтіп, оның ақындық таланты кеңінен таныла бастайды. Ол «Тәтті сабақ» пен «Солақай қарттың» авторы. Оның туындылары балаларға арналған оқулықтардан ойып орын алды.

Оқулықпен жұмыс

-Өлең не жайлы айтылған.

-Өлеңнің екі бағанын салыстырып айту.

Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар бейнеленген?

Жағымды, жағымсыз әрекеттерді табу.

Осы өлеңде жазылған жаман-жақсы қасиеттерді маған кім тауып береді.

Топпен жұмыс Өлеңдегі жаман қылықтардың сипатына қарай атауын анықта.Мысалы : қатыгез, мәдениетсіздік, дөрекі арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық-сұмдық, пәлеқорлық.Бұл қылықтарды баспалдақ басқыштары арқылы бағала.
















Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына видео көріністен көруге болады.

Видео көру.

-Өз бойындағы жақсы , жаман қасиеттерді бақыла. Жаман әдеттерден қалай арылуға болады немесе қалай түзетуге болады деп ойлайсың?

Шығармашылық тапсырма:

Оқушылар Жақсы мен жаман туралы төрт жол өлең құрастырады.

Жақсы бала құлақ сап, Жақсы бала, ол анық

Айтқаныңды ұғады. Істемейді шалалық.

Төсегінен тұра сап, Тап – таза боп жуынып,

Таза ауаға шығады Алады ол таранып.


Жаман бала құрысып, Жақсы бала әрдайым ,

Өз – өзінен тырысып. Деп «Ұятқа қалмайын»

Түске дейін жатады, Сабағына барады,

Шешесімен ұрысып Күнделікті дап – дайын.













Сергіту сәті:

Жұппен жұмыс «Мақалдың жалғасын тап»

- Балалар, бүгін біз жақсы мен жаман туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін біздің ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер айтқан. Мақалдың жалғасын оқушылар тақтада жазады.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жаман – шайқап сөйлер, жақсы байқап сөйлер.

Жамандықты –ұмыт, жақсылыққа ұмтыл.

Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

Жақсы балалар мақал-мәтелдерді де жақсы біледі екенсіңдер.

Қорытынды:

- Қане, балалар, мен сендерге сұрақ қояйын.

- Жақсы деген немене?

1. Гүл өсірген жақсы.

2. Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы.

3. Үлкендерге көмектескен жақсы.

- Дұрыс айтасыңдар.

Ал, жаман деген немене?

1. Салақ, кір – қожалақ болған жаман.

2. Ағаштың бұтағын сындырған жаман.

3. Кішкентай балаларды жылатқан жаман.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар.














Топтастыру: Өмірдегі жақсы-жаман қасиеттерді айтады.

жақсы 1-адалдық жаман 1- мақтаншақ

2-мейрімділік 2-өтірікші

3-қамқорлық 3-әдепсіз

4-көмек 4-сараң

5-қайрымдылық 5-еріншек


-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.



Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

«Жария

лау» әдісі

«Салыстыру кестесі»

«Ыстық орын

дық» орындық әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Балл







































Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.

Бағалау.

Балалар, жақсымен дос болып, жақсыдан үйрену керекпіз, ал жамандықтан аулақ жүрейік.

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
11533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12