400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспар: Абай Құнанбайұлы "Ғылым таппай мақтанба" 6 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай өлеңдеріне саяхаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №11 орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Абайды оқы,таңырқа!


Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясы.

Күні:

Мұғалімнің есімі:Калиахметеова А.Б

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

6. Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өлеңнің маңыздылығын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі: Өлеңдегі маңызды деген үзінділерді анықтайды

Кейбір оқушылар: шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына бүгінгі өмірмен байланыстыра, өз пікірін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері:

Өлеңнің композициясындағы үзінділердің біріне негіздеме жасайды.

Анықталған үзінділердің маңыздылығына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

ғибрәтлі , нәфрәтлі, мал шашпақ, қанағат, рақым

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен фразалар:

«Ғалым болудың басты шарттары» , «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», «Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды» 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіз ақын болсаңыз, қандай асыл істерді дәріптейсіз?

  • Ақынның «ғалым болмасаң да ұқсап бақ» деуінің сыры неде?

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: басқа мәдениеттер мен тілдерге, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметі қалыптасады.


Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары


Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.



Жоспар





Жоспарланған уақыт








Жоспарланған жаттығулар





Ресурстар



Басталуы



2 минут







3 минут







Білу және түсіну

3 минут





Қолдану

10 минут













































































































Талдау

10 минут




Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

І топ Талап

ІІтоп Еңбек

ІІІтоп Терең ой

ІҮтоп Қанағат

Үй тапсырмасын тексеру.

Сыныптағы оқушылар қолдарындағы парақшалардағы жазылған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінділерін жалғастырады.

Мұғалім тарапынан бағалау.

Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады.

Абай Құнанбайұлы туралы бейне жазба тыңдату.

Топтық жұмыс.

І топ. Венн диаграммасы арқылы адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді салыстырады.

Жақсы қасиеттері

Жаман қасиеттері

Дескриптор:

  • Өлең жолдарынан адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді анықтайды;

  • Салыстыра дәлеледейді;

  • Ойын жүйелі жеткізеді;



ІІ топ «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі көтерілген мәселені анықтайды

«Балық қаңқасы» әдісі.



Балықтың басы – Өлең идеясы

Үстіңгі сүйектері – Өлеңде көтерілген мәселелер

Астыңғы сүйектері – Ақын ұсынған шешу жолдары

Құйрығы – Мәселенің шешімі

Дескриптор:

  • Өлеңнің негізгі идеясын табады;

  • Көтерілген мәселені анықтайды;

  • Өз көзқарасын жеткізеді;

ІІІ топ «Сөздік гол» әдісі. Жазылған сөздерді параққа ретімен түсіріп, мағынасын жазып, сөйлем құрау

Сөз

Мағынасы

Сөйлем

Ғибрәтлі

Үлгілі,өнегелі


Нәфрәтлі

жиркенішті


Қанағат

ризалық,тойым


Рақым

мейірім, шапағат


Құмарлану

құштарлану, ынтызарлану




Дескриптор:

  • Берілген сөздердің мағынасын табады;

  • Сөзерге сөйлем құрастырады;

  • Құраған сөйлемдері көркем әрі түсінікті.

ІV. топ Кестені толыр.

Қашық болатын бес нәрсе

себебі

Асық болатын бес нәрсе

себебі

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

мал шашпақ, еріншек


Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым


Дескриптор:

  • Өлең үзінділерімен жұмыс істейді;

  • Үзіндіде айтылған ойды анықтайды;

  • Көркем сөздермен дәлелдеп береді;

Жұптық тапсырма. «Шеңбердегі әңгіме» Берілген сұрақтар бойынша жұптар кезегімен әңгіме жүргізеді.

1-топ

  1. Ғылымсыз неге мақтана алмайды?

  2. Мақтаншақтық қасиет адамның дұшпаны ма?

  3. Тағы нені адамның дұшпаны дер едіңіз?

2-топ

  1. Адам болу дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Қанағат ету асыл іс пе?

  3. Рақымшылық жасауға қандай мысал келтіруге болады?

3-топ

  1. Сіз ақын болсаңыз, қандай асыл істерді дәріптейсіз?

  2. Ақынның «ғалым болмасаң да ұқсап бақ» деуінің сыры неде?

  3. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз, деген өлең жолдарында не айтылған?

4-топ

  1. Ғылымды сүю дегенді қалай түсіндіңдер?

  2. Асыл істерді тағы немен толықтыруға болады?

  3. Ақын бес дұшпаннан қашудың себептерін қалай түсіндіре білді?

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді.

  • Анықталған үзінділердің маңыздылығына баға береді.

  • Өз пікірін жүйелі жеткізеді


А4 қағаздар, стикерлер





















https://yandex.kz/video/preview?filmId=9103780425







Венн диаграммасы

















«Балық қаңқасы» әдісі

















«Сөздік гол» әдісі

































































Жинақтау

5 минут

















Бағалау

5 минут

«Минуттық эссе»

Мұғалім бірнеше тірек сөз ұсынады. Оқушылар өлеңнен, «Шеңбердегі әңгімеден» алған әсерімен шағын ойтүйін жазады.

Тірек сөздер: өлең, ақын, көркем, мағына, құнды, бағалы, ой, жол, жақсылық, жамандық, ғибрат.

Дескриптор:

  • Тірек сөздер арқылы жинақы мәтін жазады.

  • Өз көзқарасын білдіреді.

  • Сауатты орындайды.

  • Рефлексия «Жетістік баспалдағы»

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы  ойларын стикерге жазып, тақтаға іледі

Үйге тапсырма: «Ұлы Абайды оқығанда...» ойтолғау жазып келу.

«Минуттық эссе»

















«Жетістік баспалдағы»

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі