400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сабақ жоспар Бай-бай, Құлагерім!

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы №32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бейсенова Алиша Асылбекқызы


Сабақ:

Мектеп: №32

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенова А.А.

Сынып: 9

Пәні: «Қазақ әдебиеті»


Ортақ тақырып:

Бөлім: «Адам жанының құпиясы»

Сабақтың тақырыбы: Бай-бай, Құлагерім!

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;


Сабақ мақсаты

Барлық оқушы: әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: әдеби шығармадағы Құлагер сипатын бейнелеген сөздерді теория жүзінде «теңеу, эпитет, метафора т.б.) анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі: поэма үзінділерін пайдалана отырып, өзіндік көзқарасчын дәлелдейді.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: психологизм, кейіпкер психологиясы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: автордың ойынша, менің ойымша

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Көркем шығармадағы психолгизм дегенді қалай түсінеміз?

2.Поэмадағы Құлагер бейнесін автор қалай жеткізеді? Сен осы жайында не айта аласың?

Бағалау критерийлері

*әдеби шығармадағы психологизм туралы білімдерін кеңейтіп, түсінгендерін көрсете алады;

*Құлагерді сипаттаған үзінділерді таба алады;

*өзіндік көзқарастарын дәлелдейді.

Ресурстар

ОӘК материалдары

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

Бастапқы оқу:

І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы кейіпкерлерді біледі, сипаттай алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар


Басы




Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал, Тұжырымдамалық карта.

Оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша бірнеше тірек сөздер беріледі. Олар бұл тапсырманы тақтада немесе карточкаларды орындауы мүмкін. Содан соң оқушылар мұны картаға айналдырулары қажет. Ондағы әрбір байланысты түсіндіріп және дәлелдеп берулері қажет. Мысалы, «Әдебиеттегі психологизм – шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкерлердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін терең әрі детальді түрде бейнелеу»

Көркем шығармадағы психологизм

*Күрделі құбылыс

*Кейіпкер психологиясы

*Шығарманың жалпы психологиясы

Оқушыларды сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру. Топқа бөлу.

Жұптық жұмыс «Үзіндіге үңілсек»

Күреңбай көзін сүзіп тұрып қалды.

Күреңбай көзі тұнып көп қадалды,

Айналып алды-артына көзін салды.

Естуге Күреңбайдың байлау сөзін

Тарқамай көптің тобы тұрып қалды.

Күреңбай көріп тұрып артын, алдын:

«Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,

Жері ұзақ, күші алдында өрен жүйрік,

Бітімі өзі айтып тұр жануардың.

Келіскен кескін мынау, омыраудың

Өзі айтар: қаратам,-деп-қазақ қаумын.

Сом аяқ, быртық бақай, болат тұяқ

Тасындай шұбар ала Көкшетаудың.

Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ,

Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ,

Қоян жон, жазық жая, жауырынды,

Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ.

Сіңірлі, жер соғарлы, аяғы тік,

Түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншік,

Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық;

Құндыздық қалай біткен құйрыққа дүп?

Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық,

Не қою, не болмаса емес сұйық!

Бұтының арасынан ел көшкендей,

Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық.

Шүйделі, шоқтығы өргек, шідерлігі,

Серке сан, желмаядай тілерсегі;

Тау желін тартса жұтқан талыс танау,

Тынысты кеңде жатыр кеңірдегі.

Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ,

Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ.

Қақпан бел, қалбаңайлы, үңгір сағақ,

Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ.

Қанында шығысың мен батысың жоқ,

Ағылшын арғымақтың шатысы жоқ.

Қашаннан қазағымның қолтумасы,

Араптың дүлдүлінің қатысы жоқ.

Маңғұлдың мес аты емес тұқырынған,

Бұл таза швед, шотлан тұқымынан.

Жануар шепса жүйрік, мінсе берік,

Озбайды жүгіргенде жылқы мұнан.

Сүйегі жануардың жылқыдан жат,

Бұл емес текежаумыт, не қазанат.

Күйкиіп көзге қораш көрінсе де,

Шапқанда шалдырмастай бітер қанат.

Екпіні үй соққындай пысқырғанда,

Шалдырмас көктен құсқа, жерден аңға.

Жықпаса жалғыз қазық жануарды,

Бұл әзір жеткізбей тұр жылқы малға.

Бұл тұлпар келіп тұрған әбден бабы,

Салбырап тұрғанына деме «жабы».

Маңдайы жарқырап тұр жануардың,

Ашылып тұр осы аста мұның бағы.

Көзімнің көбеймесе бүгін ағы,

Есімнен жаңылтпаса сайтан тағы.

Егер де шын жылқыны мен танысам,

Хақ мұның қырып-жойып бәйге алмағы!»
Үзіндіден оқушылар жұптаса отырып Құлагер сипатын білдіретін сөздерді теориялық жағынан ажыратып жазады. (Жұптарға бірнеше шумақтан бөліп берсе болады)

Мысалы: тәует бас, қамыс құлақ (эпитет), Тасындай шұбар ала Көкшетаудың (теңеу) т.б.

Дескриптор:

*поэмадан Күреңбай сыншының сөздерін табады.

*әдеби-теориялық білімдерін көрсетеді.

Топ ішінде талқыға салады. «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.


ОӘК материал-дары



















































































































































«Бағдар-шам» әдісі




Ортасы






























Топтық жұмыс

1-топ «Қабырғадағы рөл» әдісі бойынша поэмадағы «автор ойының» (қабырғада) сұлбаға тура мәнін ішіне жіктеп, сұлба сыртына сұрақтар қоя отырып, басқа да шығарма кейіпкерлерінің болған іс-әрекетін еске түсіру арқылы саяси немесе әлеуметтік ойларды жіктеп жазып шығады.

2-топ «Т» кестесіне Ақан серінің, Батыраштың, Күреңбай сыншының, халықтың ас кезіндегі іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарын табу және салыстыру арқылы психологизмді анықтауға тырысады.

3-топ «Венн диаграммасы» Құлагер мен Көктұйғын сипаттаулары арқылы толтырып, автордың ойына анықтама беріп, жіктеп жазып шығады.

Дескриптор:

*кейіпкерлер әрекетін еске түсіреді;

*психологизмді анықтайды;

*тұлпарларды салыстырады.

Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген бағасына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.



ОӘК материал-дары
























Соңы






Жеке жұмыс

Тұсында сері болсын, пері болсын,

Ұнайды өмірімен Ақан маған

Ол күнде қазақ мұндай жасармаған,

Құл мен күң қожасынан аса алмаған.

Жарлыға, жалғызға да дес берді ме,

Жыландай ысқырынған зәһар заман.



Керексіз кісі болған ол заманға,

Қайткенмен, бір жұмбақ сыр бар Ақанда.

Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған,

Жалғыз боп жанаса алмай барлық жанға.



«Дәл осы үзіндіде ақын қандай ой білдірмек еді?» деген сұраққа «Ақынның ойын тарқатсам...» деген тақырыпта шағын эссе түрінде немесе жай ғана өз ойларын жазып шығады.



Дескриптор:

*шығармадан әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді анықтайды;

*идеяны таңдау себебін түсіндіріп дәлелдейді;

*өз ойын автор ойымен ұштастыра отырып қорытындылайды.

Үйге тапсырма. Поэманың желісі бойынша оқушылар өз еркімен мына тапсырмалардың бірін орындайды:

*кейіпкерге хат;

*шығарманы өзіңше аяқта;

*оқиға желісі бойынша сурет сал.

«Бас бармақ» әдісі бойынша оқушылар кері байланыс жасайды.

















































«Бас бармақ» әдісі


Қосымша мәліметтер

Автор туралы қосымша деректер


Саралау

бағалау критерийлері

Қабілетті оқушылар: әдеби-теориялық білімдерін көрсетеді.

Қолдауды қажет ететін оқушылар: «Венн диаграммасы», сурет салады.


Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы


Рефлексия


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
3506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі