400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспар "Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» поэмасының кейіпкерлер әлемі""

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Мектеп: №32

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенова А.А.

Сынып: 9

Пәні: «Қазақ әдебиеті»



Бөлім: «Тарихи шындық пен көркемдік шешім»

Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» поэмасының кейіпкерлер әлемі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау


Сабақ мақсаты

* көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

Бағалау критерийлері

* көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тарихи жыр, кейіпкерлер жүйесі, жыраулық өнер, заман бейнесі

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің ойымша.., себебі, мен оны былай түсінемін..., былай түсіндіремін...

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жыраулар поэзиясында көрініс тапқан заманды сипаттаңдар.

  2. «Кенесары-Наурызбай» жырына арқау болған жағдай туралы баяндаңдар.

Дифференциация













Ойлау деңгейі

Оқушылардың барлығы: көркем шығарманың кейіпкерлер жүйесін анықтайды

Оқушылардың көпшілігі: көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды

Оқушылардың кейбіреуі: көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды, өзіндік пікірін білдіреді.



Қолдану



Құндылықтарды дарыту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, елжандылық, толеранттық ұлтжандылық тәрбие

Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі, география


АКТ

Интерактивті тақта, электронды оқулық

Бастапқы оқу:

ХХVІІІ ғасырдағы тарихи жағдайлар туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар


Басы




1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2.Жағымды психологиялық ахуал орнату. «Сүйікті адамыңа тілегенді өзгелерге тіле!»

Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдына елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек.

«Қағаз қиындылары» арқылы топқа бөлу.

«Сәлемдеме жібер» тәсілі арқылы «Сәлемдемедегі» сұрақтарға кезектесіп жауап беріп, жаңа сабаққа дайындық жүргізеді. Оқушы сәлемдемемен жіберілген сөздер мен сұрақтарды алады да, ол туралы не білетінін айтады және қойылған мына сұрақтарға жауап береді.

1.Жыраулар поэзиясында көрініс тапқан заманды сипаттаңдар.

2.«Кенесары-Наурызбай» жырына арқау болған жағдай туралы баяндаңдар.


Дескриптор:

*қойылған сұрақтарға жауап береді, білетін мәліметтерімен бөліседі.

9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы, ақ парақтар




Қағаз қиындылары

Сұрақтар жазылған парақшалар

Ортасы








































1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Жырдан кейіпкерлердің сипаттауларын іздеп тауып, портретін жинақтаңдар. Кейіпкерлердің ең маңызды әрекеттерін анықтаңдар. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңдар.

Дескриптор:

*кейіпкерлер жүйесін анықтап, сипаттама береді.

*кейіпкер бейнесіне қатысты қорытынды жасайды.

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтық бағалау


2-тапсырма. Жеке жұмыс.

Шығармадағы бір кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан төмендегі кесте бойынша талдаңдар


Кейіпкер


Мәтіннен мысал


Өзің берген мінездеме


Өмірде кездестірген ұқсас адам


Кестедегі мәлімет бойынша 5 минуттық эссе жаз



Дескриптор:

*кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды.

Мұғалімнің мадақтауы

3-тапсырма. Топтық жұмыс

«Жырдағы заман көрінісі», «Кейіпкерлер әлемі», «Жырдың тарихи маңызы» тақырыптарында «Фишбоун» әдісі арқылы постер қорғау. Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғары жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беріледі.

«Күлегештер» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау























Кесте















Соңы



«Шеринг» әдісі арқылы ой бөлісу. Барлығы шеңберде отырады. Жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ой қорытындылайды. Идеялар қайталанбауы керек. 3-тапсырма.

Үйге тапсырма: «Жырау сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында ой-толғау жазу.

«Жетістік диктанты» әдісі арқылы оқушылардан мына сөйлемдерді толықтыру сұралады

Мен мына үш жағдайда жетістікке жеттім деп ойлаймын: ...

Мен келесі жолы мұны тіпті жақсырақ орындай алар едім, егер ...

Егер мен мұны қайта орындайтын болсам, онда мен ... жасар едім.

Стикер, үлестірмелер

Қосымша мәліметтер

Нысанбай жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша ақпараттар




Саралау- Қабілетті оқушылар: 5 минуттық эссе жазады

Қолдауды қажет ететін оқушылар: кейіпкерлер жүйесін анықтап, сипаттама береді.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



«Білім қоржыны» әдісі

Стикерге оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін жазып, қоржындарға салады.

Қызыл қоржын - өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды.

Көк қоржын – мен сабақты жақсы түсіндім.

Сары қоржын – тақырып бойынша әлі іздену қажет.

Денсаулық және қауіпсіздік



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
3323
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі