жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспар "Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу"
|
5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектеп |
|
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Отеубаева Ж.А |
|
||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу |
|
||||
|
Осы сабақта күтілетін нәтижелер |
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу амалын үйренеді |
|
||||
|
Оқу бағдарламасына сілтеме |
5.5.2.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу |
|
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады; |
|
||||
|
Бағалау критерийлері |
Білу және түсіну: -оқушылар координаталық сәуленің анықтамасын біледі; -координаталық сәуледе ондық бөлшектердің орналасу ретін біледі; Қолдану: -оқушылар ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады. |
|
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушыларды математика тілінде сөйлей білу дағдысын дамыту: Сабақ барысында, есеп шығаруда негізгі терминдерді қолдана отырып сөйлеу. Пәнге қатысты лексика мен терминология: ондық бөлшек; координаталық сәуле; бірлік кесінді; оннан бір бөлік; жүзден бір бөлік; мыңнан бір бөлік... Ондық бөлшек-Десятичный дробь Координаталық сәуле-Координатный луч- Бірлік кесінді-Единичный отрезок Диалогқа қажетті тіркестер: -координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу үшін... -координаталық сәуледе ондық бөлшектің бүтін бөлігін белгілеу... - координаталық сәуледе ондық бөлшектің бөлшек бөлігін белгілеу... |
|
||||
|
Құндылықтарды |
Білім алуға деген жауапкершілік, өзіне деген сенімділік, жұпта жұмыстану арқылы бір-біріне көмек беру, бірінің пікірін бірі бағалау құндылықтары сабақ барысында жүзеге асады. |
|
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Информатика. |
|
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Оқушылар презентация арқылы сабақ бөлімдеріндегі негізгі ұғымдармен танысады Презентация «№89-3» |
|
||||
|
Бастапқы білім |
Ондық бөлшектерді оқу және жазу; бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру; |
|
||||
|
Сабақтың барысы |
|
|||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған іс-шаралар |
Дереккөздер |
|
|||
|
Басы 9 мин |
І. Ұйымдастыру: І.І. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын қадағалау. II.Білімді белсендіру. Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша оқушы білімін қайталау және бекіту. 1) Математикалық диктант. 1. үш бүтін оннан бір (3,1) 2. Бес бүтін оннан сегіз (5,8) 3. бір бүтін оннан бес (1,5) 4. нөл бүтін жүзден жетпіс (0,70) 5. Жеті бүтін жүзден жиырма бес (7,25) 6. нөл бүтін жүзден он алты (0,16) 7. үш бүтін мыңнан бір жүз жиырма бес ( 3,125) 8. бес бүтін жүзден он екі (5,12) 9. он бүтін жүзден жиырма төрт (10,24) 10. бір бүтін оннан үш (1,3) 2) Ауызша жаттығулар. Ондық бөлшектерді оқыңдар: 0,2; 1,009; 3,26; 8,1; 607,8; 0,2345; 0,001; 3,07; 27,27; 0,24; 100,001; 3,08; 3,89; 71,007; 5,0023. 3) Ал енді есімізге түсірейік! Координаталық сәуледе нүкте белгілеу үшін, қажетті... Координаталық сәуледе нүктені қандай әріппен белгілейміз? Нүктенің координатасын қалай жазамыз ? Бағалау критерийі: Оқушылар өткен тақырыпты жақсы меңгерген және берілген тапсырмаларды тез орындады. |
Презентация; |
|
|||
|
Ортасы 28мин Соңы 3 мин |
Дескрипторы: 1) Координаталық сәуле бойынан бірлік кесіндіні анықтау; 2) Координаталық сәуле бойына санның бүтін бөлігін белгілеу; 3) Координаталық сәуле бойына санның бөлшек бөлігін белгілеу; Ж: Мысалдар шығару: Әрбір жұпқа екі мысалдан беріледі. Оқушылар өз есептерін шығарып болған соң,мұғалімнің берген үлгісі арқылы өз жұмыстарын және келесі жұптың жұмысын тексереді, құрылған дискриптор бойынша бағалайды. 1-ші жұптың жұмысы: 1) 2, 7; 2) 4, 25 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 2-ші жұптың жұмысы: 1) 3, 4; 2) 5, 18 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 3-ші жұптың жұмысы: 1) 1, 6; 2) 3, 12 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 4-ші жұптың жұмысы: 1) 8, 2; 2) 1, 37 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу; 5-ші жұптың жұмысы: 1) 4, 9; 2) 5, 43 сандарын координаталық сәуле бойына белгілеу;
Сабақты қортындылау Рефлексия. Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді парақтары бойынша бағалайды Үй жұмысы. №620-2.4.6.8 №621-2 |
|
||||
|
Рефлексия Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшінпайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
Қорытынды бағалау 1.Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты): 1: 2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты) |
||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген