400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспар Өтірік өлеңдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына Балалар әдебиеті пәнінен Өтірік өлеңдер тақырыбына дайын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пәні

Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы

Пән оқытушысы

Таңатар Алтынай Сәбитқызы (Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі)

Сабақтың тақырыбы

Өтірік өлеңдер

Мақсаттары

Білімділік: Білім алушыларға өтірік өлеңдер туралы мағұлматтар беру,жаңа сабақты меңгерту,өтірік өлеңді ажырата білуге,сурет бойынша өтірік өлең құрай білуге үйрету.

Дамытушылық: Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу,әр студенттің дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру,әдеби шығармалар арқылы студенттерді әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Өтірік өлеңнің не екенін ұғынады,өтірік өлеңді ажырата,өздігінен өтірік өлең құрай біледі.

Сабақ түрі

Теория

Әдіс-тәсілдері

Шығармашылық жұмыс,баяндау, «Мозайка» әдісі , «Тақырып жасыру» әдісі, «Кір жайғыш» әдісі, «Жетістік баспалдағы» әдісі, «CLIL» әдісі элементтері.

Сабақ барысы

Уақыты (90 мин)

Оқытушының іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі

10 минут

Білім алушылармен сәлемдесу,

түгелдеу,журналға белгі қою

• Психологиялық ахуал

«Сізді көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы.

Мақсаты: Білім алушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы:Әрбір білім алушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады:

«Мен сені көргеніме қуаныштымын,

себебі...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес,мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтау керек.

Сабаққа түгел,дайындықпен келу.Бір-біріне сын-пікір,жақсы сөз айту,жақсы көңіл-күй сыйлау.

Үй тапсырмасын тексеру

15 минут

Үйге берілген тапсырма «Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры» тақырыбы бойынша дәрісті оқу және «Бесік жыры» мен «Тұсау кесу жырын» жаттау.

Студенттер дәрісті түсінді,

қосымша тапсырмаларды толық орындады.

Жаңа тақырыпты хабарлау, түсіндіру

10 минут















20 минут
























































5 минут









10 минут

• «Тақырып жасыру» әдісі

21

15

60

85

60

45

Ө

Т

І

Р

І

К


21

25

73

70

20

73

85

Ө

Л

Е

Ң

Д

Е

Р

К 30+15= 45

Т 20-5=15

Ң 85-15=70

Е 70+3=73

Ө 15+6=21

Д 10+10=20

І 55+5=60

Л 50-25=25

Р 100-15=85

• Баяндау «Өтірік өлеңдер» тақырыбы

Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр. Тiптi, теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол сияқты халық «Тазша баланың қырық өтiрiгi» жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткiзiп келедi. Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi жанр екендiгiн көрсетедi. Қазақ өтiрiк өлең нұсқаларының хатқа түсе бастауы ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын В.В.Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезiктiремiз. Өтiрiк өлең үлгiлерiн жинап бастыруға Ә.Диваев, С. Сейфуллин, I.Жансүгiров сияқты белгiлi адамдар да ат салысқан. Бұл орайда, әсiресе, I.Жансүгiров құрастырып, алғысөз жазған «Ел өтiрiгi» атты жинақты ерекше атаған жөн. Кейiнгi кезеңде өтiрiк өлеңдер жинағы әлденеше рет жарық көрiп келедi . Ел арасында өтiрiктiң қарасөзбен айтылатын түрлерi де мол ұшырасады. Тiптi, әр ауылдың өзiнiң қиыннан қиыстырып: «Өтiрiктi шындай, ақсақты тыңдай» қылып әңгiмелеу арқылы халық «құрметiне» бөленген адамдары болған. Бүгiнгi күндерi баспасөз бетiнде көрiп жүрген Әлiмжанның өтiрiгi, Сұраубайдың өтiрiгi, Судырахметтiң өтiрiгi делiнетiн әңгiмелер, бұған айқын дәлел.Балалар репертуарындағы өтiрiк өлеңдердiң ересектер жырынан айырмашылығы бар. Ең алдымен үлкендер өтiрiк өлеңдерiндегi салмақты әлеуметтiк жүк балалар өлеңдерiнде байқала бермейдi. Олардың құрылысы қарапайым, ұзақ-сонар сюжет жоқ. Көбiнесе төрт жолдан тұратын қара өлең үлгiсiндегi қысқа шумақтардан келедi. Өлеңдерде шендестiрiлетiн заттар, жан-жануарлар да балаларға күнделiктi өмiрден таныс болып келедi.Оның мысал үлгiлерi мынадай:

Мiнiп алып құртқа,

Өрмеледiм бұлтқа.

Алып келiп Айды,

Көрсеттiм көп жұртқа.

Өтiрiк өлең бала қиялын ұштауда, бейнелi ойлауға жетелеу, ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады.

• «CLIL» әдісі элементтері бойынша сөздік жұмыс

KZ

RUS

ENG

Өтірік

ложь

lie

Өлең

стихотворение

poem

Фольклор

лық жанр

фольклорный жанр

folk genre

Қазақ халық поэзиясы

казахская народная поэзия

kazakh folk poetry

Балалар әдебиеті

детская литература

children`s literature

• «Мозайка» әдісі

Білім алушыларға әртүрлі жәндіктердің (құмырсқа,шегіртке т.б) қиылған суреттерін таратып беру.Сол суреттерді құрастырып,суретте шыққан жануарға қатысты өтірік өлең шығару.

«Тақырып жасыру» әдісі бойынша тапсырманы орындап,жаңа тақырыпты табады.












Дәрісті тыңдау,қажет мәліметтерді дәптерге жазып отыру.





















































Жаңа сөздерді аудармасымен дәптерге жазып алу.










Суреттерді құрастырып,өтірік өлең шығару.

Бекіту


10минут

• «Кір жайғыш» әдісі

Әртүрлі сұрақтар жазылған карточкаларды студенттерге таратып беру.Жауабын жазып болған соң оқытып,кір жайғыш жіпке ілгізу.

Карточкада берілген тапсырмаларды орындап,кір жайғыш жіпке ілу.

Сабақты қорытындылау


5 минут

• «Жетістік» баспалдағы

V Тапсырмаларды орындай алмадым...

V Аздап орындадым...

V Тапсырмаларды орындай алдым...

Білім алушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді және түсініктеме береді.

Бағалау

3 минут

Бағалау парақшасы арқылы студенттер өзін-өзі бағалайды.







Білім алушылар бағалау парақшасына әр тапсырма бойынша өздерін бағалап,оқытушыға тапсырады.Оқытушы сабаққа қатысуына және өз-өздерін бағалауларына қарап,

«5» баллдық жүйемен бағалайды.

Үй тапсырмасының берілуі

2 минут

Ғаламтор желісінен қосымша қызықты мәліметтер жинақтау,тазша бала туралы зерттеу,өтірік өлең жаттау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
1419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі