жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспар "СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ"
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұттың өмірі мен ақындық жолы Мақсаты : Білімділік -Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы туралы түсіндіру өлеңдерінің тақырыптарын ашу , Тәрбиелік : -Оқушыларды елдікке , ынтымақтастыққа , ұлттық құндылықтарды бағалау ға баулу , тұлға негізін қалыптастыру , Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін , танымды қ дербестігін арттыру , өзіндік ой –пікір айтуға дағдыландыру , жеке және топта жұмыс істей білуге төселдіру . Сабақтың міндетті: 1) Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірімен , ақындық жолымен танысады . 2) Өз ойларыңды еркін айтып , бір –бірінің пікірін тыңдайды . 3)ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді . Сабақтың типі :Жаңа оқу материалдарын игерту . Сабақтың әдіс-тәсілдері :Сұрақ –жауап , түсіндіру , топтастыру , талдау Сабақтың көрнекілігі: Сұлтанмахмұт суреті , сызбалар , кесте Пәнаралық байланыс: Тарих , география Сабақтың барысы : Ұйымдастыру . Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу . Үй тапсырмасын сұрау . Жыр алыбы –Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы . Жаңа сабақ 1. Ой қозғау . -Оқушылар, Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білеміз ? (Оқушылардың білетіндерін ортаға салу ) 2. Мағынаны тану . Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып Күн болам ! Қораңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам ? ! Мұздаған елдің жүрегін Жылытуға мен кіремін. Абайдан кейін қазақ әдебиетінде әр жанрда еңбек еткен , талантты ақын –жазушы , публицист Сұлтанмахмұт Торайғыров 1983 жылы қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында дүниеге келген . Әкесі Шоқпыт ( шын аты –Әубәкір ) ескіше хат таныған . Сұлтанмахмұттың балалық шағы ата қонысы Баянауыл өңірінде өтеді. Алғашында әкесінен хат таныған ол Әлі , Тортай , Мұқан деген ауыл молдаларынан сабақ алады . Мұқан молда Сұлтанмахмұттың ақындық талабын ұштайды . Мұқаннан екі жылдай сабақ алам , Ұйықтасам да көңілім оқуға алаң . Лепес қып өзі бастап « ақын бол » деп Дұғасын ықыласпен берді маған ,- деп жырлаған еді Сұлтанмахмұт . 1908 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров Баянауылдағы Әбдірахман молдадан сабақ алады , бірақ оқуды тастап кетеді . 1911 жылы Нұрғали деген мұғалімнен сабақ алып , көп нәрселерге қанығады . 1912 жылы Троицкідегі Татар медресесінде білім алады . Қаржы тапшылығы оқуға мүмкіндік бермейді . 1913 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров Троицкі қаласы келіп , Айқап журналында қызмет істейді . Баянауылға келіп , « Шоң серіктестігі » атты мәдени –ағарту ұйымын құрады . Ұйымның алға қойған мақсаттары орындалмады . 1917 жылы Семей қаласына келген Алаш партиясының басшысы Әлихан Бөкейхановты қолдайды . 1918 жылы Алаш партиясының
қайраткерлері Әлихан , Ахмет , Міржқыптарға арнап «Таныстыру » поэмасын жазады . « Абай » журналы редакциясында жұмыс істейді .
Ақын
-
-
-
-
‘’Секілді өмір қысқа жарты тұтам’’ алғашқы өлеңі
''Оқуға мақсат не?'' ‘’Шәкірт ойы’’,
’’Тұрмысқа’’,’’Кедей’’,’’Таныстыру’’,’’Адасқан өмір’’,’’Айтыс’’ (аяқтамлмаған)
-
-
-
|
‘’Айқап’’журналы,’’Абай’’ журналында қызмет істейді.''Зарландым'',''Қазақ ішінде оқу, оқыту жайы қалай?'',''Cоциализм'' |
|
‘ |
Қоғам қайраткері
-
-
-
-
-
‘’Шоң серіктігі’’ мәдени-ағату ұйымы
-
-
-
-
Сұлтанмамұт
өлеңдерінің негізгі тақырыптары
өнер-білім қоғам табиғат махаббат
|
‘’Оқып жүрген жастарға’’,’’Оқудағы мақсат не?’’,’’Шәкірт ойы’’,’’Шәкірттерге’’. |
‘’Бір адамға’’,’’Кедей’’,поэмасы,’’Бұлар кім?’’,’’Алаш ұраны’’. |
‘’Шілде’’,’’Жылы кеш’’,’’Кеш’’,’’Гүл’’ өлеңдері. |
‘’Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын'',’’Ақ сәуле’’,’’Қ..ға сәлем’’,’’Сымбатты сұлуға’’. |
философиялық
-
-
‘’Адасқанөмір’’поэмасы,’’Жұмақ’’’’Жақсылық көрсем өзімнен’’ ’’Шығамын тірі болсам адам болып’’ өлеңдері.
-
Тарихи жағдайлар Сұлтанмахмұтқа қатты әсер етті.Оған үміт, сенім,күш берді.Алдағы күнге асықты. 1919 жылы Павлодарға келеді. Шідерті болысында революциялық комитеттің бастығы болады.
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп надан болып?-деп жырлаған ақын өлеңі лирикалық кейіпкер атынан баяндалады. Лирикалық кейіпкер- ақынның өзі.Ақын тағдырға өз ''менін'' қарсы қояды.
Жақсылық көрсем өзінмен, Жамандық көрсем өзімнен. ''Тағдыр қылды'' деулерді Шығарамын сөзімнен. ‘’ Өзім қылдым’’ деулерді Таса қылман көзімнен,-деген тоқтамға келеді. –Ақын өлеңдерінен көрінетін оның адамдық тұлғасы қандай? Ақынның адамдық тұлғасы/сызба арқылы түсіндіру/. Сұлтанмахмұт дара ақындар – Абай мен Шәкәрімге ерекше баға береді. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдық көздесең, Жаттап тоқы көңілге!
Сұлтанмахмұт Абай әкелген өлең түрлерін өз өлеңдерінде қолданды.''Қор болды жаным'' алты тармақты өлеңі сияқты ''Алты аяқ''атты өлең шығарды.Осы үлгімен ''Шәкірт ойы'',''Сымбатты сұлуға''өлеңдері жазылған. Тек буын сандарында айырмашылық бар. Абайдікі-5-6-7 буынды, Сұлтанмахмұттікі-7-8 буынды.
Кітаппен жұмыс.
‘’Тұрмысқа’’,’’Бір адамға’’,және ’’Шәкірт ойы’’ өлеңдерінен оқушылардың өздеріне ұнаған шумақтарын оқыту, соған байланысты нақыл сөз немесе мақал-мәтел айтқызу.
III. Ой толғаныс.
Сабақты бекіту. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолына байланысты жеке тапсырмалар орындау.
Міндетті деңгей:
1.Сұлтанмахмұттың алғашқы------------- өлеңі.
2.С.Торайғыров 1912 жылы------қаласында оқыды.
3.------- екі жылдай сабақ алам,
Ұйықтасам да көңілім оқуға алаң. Лепес қып өзі бастап ''ақын бол'' деп Дұғасын ықыласпен берді маған. 4.1913-1914 жылдары------журналында жұмыс істеді.
5
.Жақсылық
көрсем-------- Жамандық көрсем--------- 6.''Алаш''партиясы
қайраткер лері------,------,-------арнап-----поэмасын жазады.
7.Баянауылда-----атты мәдени-ағарту ұйымын құрады. 8.Ақын
өлеңдерінде------------кейіпкер көрінеді.
9.Сұлтанмахмұт-------өлеңінде қазақ ауылының өмірі шыншылдықпен
суреттеледі. 10.Ақынның 1920 жылы жаза бастаған ------поэмасы
аяқталмай қалады.
Мүмкіндік
деңгейі: Ақын өлеңдерінің негізгі
тақырыптыры
.
|
Сұлтанмахмұт |
Мен кім? |
Әңгіме -сыр |
|
Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға ’’Алаш’’ деген атты аламын. Сүйгенім-қазақ өмірі, өзім-қазақ, Мен неге қпзақтықтан сақтанамын? |
|
|
Сұлтанмахмұттың қазақ әдебиетіндегі орны 1.------------------------------------------------------------------------- 2.------------------------------------------------------------------------- 3.--------------------------------------------------------------------------
‘’Дыбыстар сөйлейді’’.Сұлтанмахмұт С-саңлақ Ұ-ұлағатты Л-лайықты Т- талғампаз А-арлы Н-намысты Т-талапты М-мақсатшыл А-айбынды Х-халықшыл М-махаббатты Ұ-ұлы Т-талант. Үйге тапсырма. Абайдың өлеңдері мен Сұлтанмахмұттың өлеңдерін салыстыру. Ұқсастықтарын саралау.Ұнаған бір өлеңін жаттау, өлең құрылысына талдау. Бағалау.Бағалау парағы
|
р/с |
Жүргізілген жұмыстар |
Бағасы |
|
1. |
Үй тапсырмасы |
|
|
2. |
Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс |
|
|
3. |
Деңгейлік тапсырма |
|
|
Жалпы ұпайы Бағаларының қосындысын орындаған Тапсырмасының санына бөлу |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген