400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Сабақ жоспар "Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін есептер шығаруда пайдалана білуге дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-геометрия

Сабақ №27-7

Күні:

Тақырыбы

Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері

Сілтеме

Геометрия 9- сынып, слайдтар,Е-кітапхана №...................,электронды оқулық

Жалпы мақсаты

Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін есептер шығаруда пайдалана білуге дағдыландыру.

Үшбұрыштардың ұқсастығының үш белгісі туралы түсінік қалыптастыру

Міндеттер

1. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін тұжырымдауды меңгерту

2. Үшбұрыштардың ұқсастығының үш белгісі туралы түсінік қалыптастыру

3. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін есептер шығаруда пайдалана білуге дағдыландыру

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Әдіс- тәсілдер

Жұпта жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі

тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, үлестірме парақтар, бағалау парағы,Е-кітапхана №1676-1, электрондық оқулық

Күтілетін нәтиже

1. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін тұжырымдауды меңгереді

2. Үшбұрыштардың ұқсастығының үш белгісі туралы түсінік қалыптасады

3. Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін есептер шығаруда пайдалана біледі

Дарынды,үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Үшбұрыштар ұқсастығының нешінші белгісі бейнеленген?

Дарынды оқушымен жұмыс. Үшбұрыштар ұқсастығының нешінші белгісі бейнеленген?

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

бағалау

Сабақтың басталуын ұйымдастыру

5 мин

Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Оқушылардың сабақққа қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.


Оқушылар сәлемдеседі

Оқушылар тақтада орындайды

Жақсы, жарайсыңдар

БІЛУ

Қажетті өткен тақырыпты қайталау


5 мин

№176

ВС=7

AB=5

AC=4

A1C1=1,5

B1C1=? A1B1=?

Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын,мақсатын ашады.


Түсіну.

10 мин

Жаңа сабақ: а) теориялық бөлім

Үшбұрыштар ұқсастығының үш белгісі төмендегі теоремалар мен тұжырымдалады:

Егер АВС А1 В1С1, онда бұл үшбұрыштардың сәйкес бұрыштары өзара тең және сәйкес қабырғалары пропорционал.

Теорема: Егер үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болса, онда олар ұқсас.

Теорема: Егер үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал және бұл қабырғалардың арасындағы бұрыштары өзара тең болса, онда олар ұқсас

Теорема.Егер үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болса, онда олар ұқсас.

Оқушылар түсінбеген сұрақтары болса қояды.

Бесбұрыш,төртбұрыш,үшбұрышпен бағалау

Қолдану

Есептер шығару

10 мин


Әр топтан жауап береді.Топпен бірігіп жұмыс жасайды.топтар бір-біріне көмектеседі.Тақатаға оқушы шығып есепті орындайды.

Жарайсыңдар!

Смайликтермен,бесбұрышш төртбұрышш үшбұрышпен бағалау

Талдау 5 мин



Жинақтау

E-Learning.№........... 5

Оқушы компьютерде E-Learning кітапханасынан. №....... есепті орындайды

Жарайсыңдар!

Смайликтермен қошеметтеу

Бағалау 3 мин

Рефлексия 2 мин

Оқушылардың жауап беру бойынша білімдерін бағалау.Үйге . Қайталау. §19.Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері.№177-ә №178





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1156
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі