Сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім: Оразқан Сайра

Күні:05.02..2019

Пән атауы: Өлкетану

Сынып: 7

Қатысқан оқушы саны: Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы ШҚО ұлы адамдар өмірге келген өңірлер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өздері туып өсіп келе жатқан өлкелеріндегі ұлы тұлғалар жайлы олардың өмірімен шығармалары жайлы түсіндіріп мағұлмат беру.

Тәрбиелік мақсаты: халықта есімдері кеңінен тараған шығыстың ұлы тұлғаларын ұлықтау, зерделеу және насихаттау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрсету, баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: ШҚО өмірге келген ұлы тұлғалар туралы суреттер, слайд, оқулық т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіздерме балалар! Отырыңыздар!

  • Бүгін сабақта кім жоқ. (Журнал бойынша түгендеу).


Үй тапсырмасы:

  • Оқушылар біздің өлкемізде қандай ұлы тұлғалар өмірге келген екен?

  • Ұлы тұлғалардан қандай жерлестерімізді білесіңдер?

  • Біз өлкеміздегі қандай ұлы тұлғалар арқылы мақтана аламыз?

Жаңа сабақ:





  1. Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Қайтыс болған күні 1993 жылы 17 мамыр 49 жасында.

Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

Шығармашылығы

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалық шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

Алданған ұрпақ” трилогиялық романы қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған. “Құлыным менің” (1974), “Текетірес” (1976), “Қар қызы” (1982), “Зымырайды поездар” (1984), “Жау тылындағы бала” (1985), “Мен сізден қорқамын” ([[1987]]) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көрген шығармалары - «След молний», молодая гвардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982 Оралхан Бөкейдің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер Б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкейдің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

Марапаттары

  • 1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты,

  • 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты,

  • 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.







Қасым Қайсенов  1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді.

Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында»...атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.

Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» екі орденімен, «Чехословакия партизандары», екі І дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және ІІ және ІІІ дәрежелі «За заслуги» орденімен марапатталған. Оған Қазақстан Халық батыры (Халық Қахарманы), «Отан» ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.

Сабақтың соңы:

Кері байланыс: оқушылар өз пікірлерін, әсерлерін білдіреді.

Үйге тапсырма: Өлкемізде тағы қандай ұлы тұлғалар бар екен зерттеу.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі