жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сабақ жоспары
|
Пәні: Математика Күні: 19.02.2019ж |
Қатысқандар саны:
|
|||||
|
Сынып: 1 Дурменова Ү.А |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Әріпті өрнектерді салыстыру |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.5.Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру 1.4.1.2 Сандар мен шамалар арасында қатынастарды =, ≠, >, < таңбаларын қолдану арқылы көрсету |
|||||
|
Сабақтың мақсаттары |
х+7 мен х+8 түріндегі әріпті өрнектерді сан компаненттері бойынша салыстыру |
|||||
|
Жетістік критерийлері |
Барлық оқушылар: жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстырады Оқушылардың басым бөлігі: әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады; Кейбір оқушылар: “+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, ( □) белгісіз сан символын қолданады. |
|||||
|
Сөздік қор
|
әріпті өрнектер, салыстыру, кем, артық, тең, теңдік, теңсіздік, сол жақтағы өрнектің мәні, оң жақтағы өрнектің мәні. |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Жұптасып, топтасып жұмыс жасай отырып, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу. |
|||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Санды өрнектеді салыстыру тәжірибесі бар |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық дайындық -Математика деген сөзді естігенде ойымызға не келеді? - Сандар, өрнектер ,фигуралар т.б Топқа бөлу: Өшіргіш, сызғыш, қарындаш
«Ойлан тап» Суреттегі әр заттың алғашқы әріптерінен бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. «Әріпті өрнектерді салыстыру» |
топқа бөлуге арналған кәмпиттер |
||||
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы |
Мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а және т. с. с. Сұрақ: — бұл өрнектердің бәріне не ортақ? (Олар қосуға берілген; барлығында бір әріпті қосылғыш қолданылған.) Барлық өрнектердегі әріптің бірдей екеніне оқушылардың назарын аудару. Егер бір өрнектегі әріптің мәні 2-ге тең болса, онда қалған басқа өрнектерде де ол сондай 2 деген мәнді қабылдайды. Егер бір өрнекте әріп басқа санды көрсететін болса, онда басқа өрнектерде де сол санды көрсетеді. — Өрнектердің айырмашылығы неде? (Сан компоненттерінде.) Әріптердің сан мәндерін білмесек те, олардың сан компоненттері бойынша өрнектерді бір-бірімен салыстыруға болады. Қосуға берілген әріптері бірдей екі өрнектің қайсысының сан компоненті (қосылғыш санмен берілсе) артық болса, сол өрнек артық болады. Дескриптор: 1.Әріпті өрнектерді оқиды. 2.Әріпті өрнектерді салыстырады. Кері байланыс «Бағдаршам» ҰЖ Көрнекілік бойынша түсіндіремін.
«Салыстыр». Оқушыларға 1 кәмпитті бір қораптан екіншісіне ауыстырып салғызу .Бұл жағдайда қандай әріпті өрнектер құрастыруға болатынын сұрау. Осы өрнектерді жазып, оларды салыстыруды ұсыну. х + 6 < х + 9; х + 8 > х + 7. Дескриптор: 1.Оқушылар өз ойын түсіндіреді. 2. Жауаптарын дәлелдейді.
(Ұ) Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр. Берілген суреттер бойынша әріпті өрнектер құрастырады және оларды салыстырады. Жауабы: а) x + 4 < x + 5; ә) x + 3 > x + 1; б) x + 3 < x + 7 Дескриптор:
«Сергіту сәті» Санды өрнектерді көрсеткенде отырады, ал әріпті өрнекті көрсеткенде тұрып 3 рет қол шапалақтайды.
Топтық жұмыс Оқушыларға а= 0,1,2,3 деп алып, өрнектерді салыстыруды ұсыну. 3-а және 4-а 1 топ: а=0 2 топ: а=1 3 топ: а=2 Дескриптор: 1.Әріпті өрнектердің мәнін тауып салыстырады. Дәптермен жұмыс. «Cуретті белгіле». Текшелері көп суретті жасыл қарандашпен, аз суретті қызыл қарандащпен сыз.
«Бос торкөзге сәйкес сандарды жаз»
«Кім жылдам» ойыны. Барлық оқушыларға жеке парақшалар таратып беремін. 6+b * 8+b x+6 * 15+x 100 + b * b + 90 60 + b * 20 + b Дескриптор: 1.Әріпті өрнектерді өзбетінше салыстырады.
|
.
әріпті өрнектер жазылған парақша лар (мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а).
оқулық
жұмыс дәптері
|
||||
|
Рефлексия |
«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы көңіл-күйлерін салыстырады. |
|
||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
|
Тапсырманы қатар бойымен жеке орындау барысында, көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсету. Оқушыларға бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына жетелеу. |
Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау. |
Сергіту сәтін өткізу.
|
||||

шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген