Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға аспан әлемі туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Аспан әлемі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларды білім, білік, дағды жүйелерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Балалардың ғылыми дүние танымын, адамгершілік қасиетін, көзқарасын, өз - өзіне сенімділігін қадағалау.

Дамытушылық: Балалардың танымдық қызметін, шығармашылық қабілетін, жігерін, көңіл - күйін, тілі мен ынтасын, қиялы мен қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысы

Дефектологтың әрекеті

Баланың әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Балалармен сәлемдесу

-Көңіл күйлерің қалай?

-Ендеше тамаша көңіл күймен жылулық шеңберін орындайық.

Шаттық шеңбері

Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Көңілді боп жүрейік.

Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар

Қоян құлақ

Орындық

Ашылған гүл

Жабық гүл жаттығуларын орындау.

Сәлемдеседі

Тамаша

Көктем


Дефектолог-

пен бірге қайталайды.

ІІ. Мақсаттылық

Балаларға аспан әлемі туралы түсінік беру.


ІІІ. Ынталандыру

Аспан әлемі суреттер, планеталар,күн,ай,жұлдыздар,ғаршкерлер суреті.


ІV.Коммуникативтік

Мұғалімнің айтқанын тыңдап, сабаққа зейін қою.

Мұғалімді тыңдау.

V. Мазмұндық

Дидактикалық ойындар кезінде аспан әлемімен танысу.

- Балалар біз бүгін сабағымыз қызықты болмақ. Аспан әлемімен танысамыз.

Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз?

- Біз нені басып жүрміз?

- Жерді басып жүрміз.

-Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар?

- Аспан бар.

Дұрыс ,балалар,жарайсыңдар.
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме?

Берілген тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.

VI.Бақылау

Баланың сабаққа ынтасын, зейінін бақылау.

Балаларға түнгі аспан фотосуреттерін экран арқылы көрсету.

Сендерге ұнай ма? Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неменеге ұқсайды? Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар! Ал енді солардың арасында ең үлкен жұлдыз бар, ол қалай аталады?

Күн ол үлкен, жарқырап тұрған, ыстық шар. Ал ғарышта біз қандай заттарды кездестіруіміз мүмкін?

Спутниктер , кометалар, астероидтар мен метеориттер. (суреттер көрсетіледі )

-Ал ғарышқа кімдер ұшады?

-Ғарышқа ғарышкерлер ұшады.

-Дұрыс, ғарышкерлер.

-Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол Ю. Гагарин Ал әйел адамдардан В. Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты. Олар: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев.

 -Ғарышқа бару үшін бізге не керек?

-Зымыран

Балалар экранға қарап, ғаламшарлар туралы видеоға назар аударамыз.

(Ғаламшарлар туралы видеоролик)

Жарайсыңдар балалар! Сұрақтар қою.

- Ғарышкерлер қайда ұшады екен?

- Аспан әлемінде нелер бар екен ?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Келесі кездескенше сау болыңдар.


Берілген тапсырманы мұқият орындайды.

VII.Аналитикалық

Жарайсың балақай, бүгін сабаққа белсене қатыстың.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2021
785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12