2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / сабақ жоспары

сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары жасалған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі

Оқу сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Нүкте, сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш және оларды оқыту әдістемесі

Модуль /пән атауы: Бастауыш сыныптарда арифметикалық, алгебралық, геометриялық материалдарды, математиканы оқыту әдістемесі

Педагог Сыздикова Багила Болатқызы дайындады

2025 жылғы «28» қаңтар

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 3-курс, МБТ 22-9/1, МБТ 22-9/2

Сабақ түрі: Тәжірбиелік сабақ


2. Мақсаты, міндеттері:

Нүкте, сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш және оларды оқыту әдістемесі мен таныстыру

3.Күтілетін нәтиже:

Нүкте, сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш және оларды оқыту әдістемесі туралы біледі, қолданады.


4.Қажетті ресурстар:

1. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

2. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 4 сыныбына арналған оқулық. - Алматы, «Атамұра», 2004.

3. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 4 сынып - Алматы, «Атамұра», 2000.


5.Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Cәлемдесу,топты түгелдеу,жағымды ахуал туғызу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Дұрыс орындалуын тексеру

-Өтілген тақырыпты қайталау тапсырмалар беріледі. Және тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айтады.


ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

Нүкте, сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш және оларды оқыту әдістемесі

Нүктемен танысу әдістемесі.

Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.

Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетіне қалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзуге қоюды, берілген 1,2,3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге, оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді. 3-сыныптың 3-тоқсанында оқушылар нүктенін латынның бас әріптерімен белгіленетінін үйренеді. Мысалы К,М,О,А,Е және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады.

Сызықпен таныстыру әдістемесі

1-сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсініктері әр түрлі машықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы,жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды, қағазды сызық бойынша қияды, әрбіреуінде сызық-қисық немесе түзу қалай пайда болғанын айтып отырады. Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы,оны қисықтан айыра білуі, сызғыш көмегімен түзу сыза білу керек. Осы мақсатта оқушылар түзу және қисық сызықтар жүргізеді. Оларды айналадағы заттардан,тақтада сызылған сызықтар ішінен табады және көрсетеді. Мысалы, нүкте арқылы түзу жүргізуге жаттығуда балалар бір нүкте арқылы бірнеше түзу немесе қисық, ал екі нүкте арқылы тек қана бір түзу, бірнеше қисықты жүргізуге болатынын бақылайды. Егер нүкте қағаз бетімен қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілген болса түзу болады. Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық сынық деп аталады. Сызықтардың ұзындығы болады. Қисық сызықтардың бұрыштық нүктелері болады. Сызықтар тұйық және тұйық емес болады.

Тұйық сызық жазықтықта ішіне шексіз түзу, тіпті сәуле жүргізуге мүмкін емес шектелген фигураны бейнелейді. Егер сызық сызғышпен ешқандай бөлігінде сәйкес келмесе, онда оның қисық болғаны. Қисықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады. Егер кейбір бөліктері сызғышпен сәйкес келіп, бірақ түгел сәйкес келмесе одна ол-сынық болады. Сынықтың сыну нүктесі оның төбесі деп аталады. Тұйықталған және тұйықталмаған сынықтар болады. Сынықты құрайтын кесінділер оның бөліктері болып табылады.

ABCD-СЫНЫҚ

A,B,C,D-ТӨБЕЛЕРІ

AB, DC, CD, DE-БӨЛІКТЕРІ

Кесіндімен таныстыру әдістемесі

Мақсаты: кесінді жайында түсінік беру және оларды басқа фигуралардан ажыратуды үйрету,кесінді салудың ерекшелігімен таныстыру. Сымның қиындысын алып, басымен ұшын көрсетіп немесе тақтаны жиектеп керілген жіптін үстінен борды жүргізіп, жіпті тартып, жіберіп қалса, тақта бетіне із түседі. Оның екі ұшын нүктемен тұйықтап, бұл кесінді деп түсіндіреміз.

Сәулемен таныстыру әдістемесі

Нүктемен түзу туралы білімді пайдаланып, оқушыларды сәуле туралы ұғымды түсіндіруге болады. Сәулемен танысу машықтық жұмысты орындау процессінде өтеді:

1) нүкте саламыз

2) нүктеге оңға қарай түзу сызық жүргіземіз (бұл сәуле екенін айтамыз. Нүкте-сәуленің басы,сәуле оңға бағытталған).

3) латын әрпімен сәуленің басын белгілейміз

4) әр түрлі бағытта сәулелер салу.

Сәуле деп текке аталмаған. Ол күн сәулесін немесе жарық түсіргішті еске түсіреді. Солар сияқты математикалық сәуленің басы бар да,соңы жоқ болады. Сәуле латынның екі бас әрпімен белгіленеді, оның алғашқысы сәуленің басын, ал екіншісі-сәуленің кез келген ішкі нүктесін белгілейдіі. Сәуле-MN, M-сәуле басы

Бұрышпен танысу әдістемесі.

Бұрышты қағазды бүктеп шығарып алуға немесе әр түрлі құралдармен бұйымдардан көрсетуге болады.

Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.

1) сәулелер арасындағы жазықтық бөлігін басқа түспен бояймыз (бұрыш)

2) қағаз бетіне бұрыш саламыз да оны қиып аламыз. Бұрыш үлгісі (моделі)  бойынша бұрыштың төбелерімен қабырғаларын таныстыру.

3) айналадағы заттардын бұрышты табу, шама бойынша бұрыштарды салыстыру. Балаларды бұрышпен бірге оның ішкі облысы жөнінде түсінік қалыптастыру үшін алғашқы кезеңдерде бұрыштардың қағаздық үлгілерімен жұмыс жасайды. (ермексазбен жұмыс жасату). Бұрыштың өлшемі оның қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді емес, қабырғаларының бір — біріне қатысты өзара орналасуына байланысты-қабырғалары неғұрлым жақын болса, бұрыш аз, ал қабырғаларының арасы қашық болса, бұрыш үлкен болады

Басы ортақ екі сәуле жазықтықты екі бөлікке бөледі. Осының кіші бөлігі бұрыш деп аталады. Сәулелер бұрыштың қабырғалары деп аталады,ал олардың ортақ бастаулары бұрыш төбесі деп аталады.

Бұрыш үш нүктемен белгіленеді: біреуі бір қабырғасында, екіншісі-төбесінде, үшіншісі-екінші қабырғасында. Бұрышты белгілеуде таңбасы пайдаланылады. Мысалы ABC-ABC бұрышы. Бас нүктесі ортақ екі сәуле жазықтықты екігебөледі. Осының кішісі бұрыш деп аталады. Сәулелердің өздері бұрыш қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыш төбесі деп аталады.

Сүйір бұрыш.  Егер тік бұрыштың ішінде сондай төбе мен бұрыш салатын болсақ, ол тік бұрыштан кіші болады. Мұндай бұрыштар сүйір бұрыштар деп аталады.

Доғал бұрыш. Егер бұрыш тік бұрыштан үлкен, бірақ екі түзуден кіші болса доғал бұрыш деп аталады.

Шеңбермен танысу әдістемесі.

Тақтадан циркуль көмегімен, ал оқушылар дәптерінде қисық тұйық сызық сызады. Сызық шеңбер деп аталатынын таныстырамыз. Оқушылар шеңбермен дөңгелек ұғымдарын айыру үшін арнайы тапсырмалар беріледі. Мысалы, шеңбер сал, дөңгелекті боя, дөңгелекпен шеңбердің центрын, сонымен қатар шеңберге тиісті және тиісті емес нүктелерді белгілету.

Шеңбер тұйық қисық. Барлық нүктелер бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасса, оны шеңбердің центры деп атайды. Бұл қашықтық шеңбердің радиусы деп аталады. Шеңберді шаблон немесе циркульдың көмегімен салады. Шаблон арқылы салынған шеңбердің центрын табу қиын. Ал циркульмен салынған болса,циркульдың бір аяғы центрде орналысады.

Шеңбер; O-центр AO=BO=CO=DO-радиустары

Радиус-шеңбер нүктесінен оның центріне дейін қашықтық. Диаметр-центр арқылы өтетін шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. Шеңбер диаметры әрдайым оның радиусынан екі есе үлкен болады.

Дөңгелекпен танысу әдістемесі.

Шеңбер сызып, шеңбер бойынша дөңгелек қиып аламыз, ал оқушылар шеңбердің ішіндегі бетті штрихтайды. Шеңбердің бұл бөлігі дөңгелек екені таныстырылып,дөңгелектің центры белгіленеді. Шеңберден нүкте салынады да, ол центрмен қосылалы. Бұл кесінді-шеңбердің радиусы. Бірнеше радиустар жүргіземіз, өлшейміз, олар өзара тең деген қортынды жасаймыз.

Дөңгелек-шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі. О-шеңбермен дөңгелектің центры; ОА-радиус.

Текшемен танысу әдістемесі.

               Текше 3-сыныпта қарастырылынады. Балалар текшені қарастыру кезінде қабырғаларымен, қырларымен, төбелермен танысады. Бұл-текше, оның үш өлшемі бар: ұзындығы-1 см, ені-1 см, биіктігі-1 см. Бұл текшенің көлемі 1 см (1 текше метр).

Текшенің көлемін өлшегеннен кейін оқушылар текшені салумен танысады. Бұл былайша жүзеге асады: бұл-текше. Оның 8 төбесі бар. Оның 2 төбесін қосатын кесіндіні қабырғасы деп атаймыз. Барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей. Текшенің 6 жағы (алдынғы, артқы, төменгі, жоғарғы, оң және сол жағы) бар (текшенің суретін салу, қабырғаларын санау)

Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, квадрат, тік бұрыш, тік емес бұрыш болатын фигуралардың сәйкес номерін теріп жазыңдар.

Shape31 Shape32 Shape14 Shape15 Shape16 Shape17 Shape1 Shape33 Shape18 Shape2 Shape3

3

Shape24 Shape25 Shape29 Shape30 Shape4 Shape5

6

Shape28 Shape6 Shape27 Shape20 Shape12 Shape10 Shape7 Shape22 Shape8 Shape26 Shape9

15

Shape23 Shape11

12

Shape21 Shape13

11

Shape19

2

2

10

14

4

4

5

1






2) Әрбір фигураның сәйкес «атын» келтіріңдер.

Shape34 Shape35 Shape45 Shape36 Shape44 Shape37 Shape43 Shape38 Shape39 Shape40 Shape41 Shape42




3) Барлық тік төртбұрыштының, көпбұрыштардың, квадраттарының сәйкес номерлерін теріп жазыңдар.

Shape46 Shape51 Shape47 Shape50 Shape48 Shape49



4) Барлық тік төртбұрыштылардың, квадраттарының сәйкес номерлерін теріп жазыңдар.


Shape52 Shape59 Shape53 Shape58 Shape54 Shape57 Shape55 Shape56


5) Барлық тік төртбұрыштылардың,тік емес бұрыштардың сәйкес номерлерін теріп жазыңдар.

Shape60



6) Барлық тік төртбұрыштылардың, тік төртбұрыштылардың, квадраттарының сәйкес номерлерін теріп жазыңдар.Shape62 Shape67 Shape63 Shape66 Shape64 Shape65 Shape61





7) Әрбір сәйкес фигураның атын келтіріңдер. Әрбір суретте қанша кесінді бар?

Shape70 Shape69 Shape68

Shape71 Shape72


9) Сызбадан барлық көпбұрыштарды табыңдар және олар қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.

Shape73 Shape74



V. Үй тапсырмасы:

Нүкте, сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш және оларды оқыту әдістемесі презентация жасау

VІ.Рефлексия.


Рефлексия. Тазалық» әдісі:

  • Чемодан (суреті)

  • Қоқыс жәшігі (суреті)

  • Еттартқыш (суреті)

Құрметті білім алушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған артық дүнені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).


Сабақтың соңы
Кері байланыс. Студенттерге сұрақтар қойылады.
1.Қай есепті шығару қиынға түсті?
2.Сабақтың қай бөлігі қызық болды?
3.Бүгінгі сабақ толық түсінікті болды ма?
Студенттерді сабақтағы белсенділігіне сай бағалау.


VІІ. Студенттерді бағалау. Сабаққа белсене қатысып тапсырманы орындап отырған студенттерді бағалау, нәтижесін ескерту, журналға баға қою




02 Ақпан 2025
68
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі